Читайте также:
|
|
Білім беру саласы: « Денсаулық», «Таным»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Аязатаға қонаққа барамыз.
Мақсаты: екі аяқпен екпінмен серпіле, аяқтың ұшына тұруды үйрету. Сап-тізбекте өз жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру
Көрнекілігі: Аязата, Күлдіргіштің костюмі, 2 сылдырмақ, ұзын жіп.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Төмендегі тапсырманы орындатамын: «Аязатаға қонаққа барамыз». Бірінің соңынан бірі қалмай, алдында келе жатқан балаларды озбай жүру. Сап – тізбекте қосарланып, тізені жоғары көтере және қолды сермей жүру. Шыршаның айналасында шеңбер құрып, қол ұстасып жүру (Аязата шырша жанында, шеңбер ортасында), белгі бойынша бағытты өзгерте жүру. | Мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | Сылдырмақпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларыЕскі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатамын. 1.Өздігінен уқалау: (алақанды ысқылап, алақанды ашып,су алуды бейнелеу) Біз аяздан қорықпаймыз, Біз суық судан қорықпаймыз. Тап-таза болып жуынамыз (бетті жайлап ысқылау), Жиі-жиі жуынамыз. Аязатаны көріп, күлімсіреп (күлімсіреу), Құшақ жая қарсы аламыз (құшақ жаю)! 2. «Еңкею». Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Басты оңға, солға еңкейту (сылдырмақтың сылдырына сәйкес); бастапқы қалыпқа оралы. 4-5 рет. 3. «Сылдырмақтың сылдыры». Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол санда. «Міне, сылдырмақтар сылдырлайды». Қолды жоғары көтеріп, сылдырмақтарды сілкіп, сылдырмақтарға қарау; бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет. «Шетке». Еденге отыру, қол мен аяқты алшақ шетке созып, сылдырмақтарды сылдырлату, бастапқы қалыпқа оралу. 4-5рет. 5. «Күлдіргіштер биі» (таныс, жеңіл би қимылдарын орындау). 6. Тыныс алу жаттығуы: Біз жоғары үрлейміз: с-с-с (аяқтың ұшына көтерілу), Біз төмен үрлейміз: с-с-с (жартылай отыру), Біз жақын үрлейміз: с-с-с (қолды ауызға жақындату). Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары. -Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру (арақашықтығы 10 м) -Еденде жатқан жалпақ шығыршыққа секіру. Қимылды ойын: «Сылдырмаққа шығыршық арқылы» | Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады. Ойынға жаппай қатысады. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Қорытынды бөлім: Қимыл- қозғалысы аз ойын: «Сары шымшықты тауып алайық». Шарты: балалар бөлменің қабырғасы бойымен тұрады, педагог қолына резеңке шымшық ұстап, балаларға қарама-қарсы келесі қабырғада тұрады. Тәрбиеші: «Сендер көздеріңді жұмыңдар. Шымшық өте кішкентай құс. Мен кішкентай шымшықты тығып қояйын. Сендер оны тауып көріңдер!»-дейді. Балалар көздерін жұмып тізерлеп отырады. Тәрбиеші шымшықты тығып қойып, балаларға: «Ал, іздеңдер, шымшықты!» - дейді. Балалар орындарынан тұрып, шымшықты іздейді. | Ойынға жаппай қатысады. |
Күтілетін нәтижелер:
игереді: алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіруді (арақашықтығы 10 м); еденде жатқан жалпақ шығыршыққа секіруді.
біледі: жаттығулардың маңызын.
меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқиттылық тәрізді сапаларды.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1026 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | | | Толтырған: Шетірова.Ә.Б |