Читайте также: |
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: мүсіндеу.
Тақырыбы: «Аққала».
Мақсаты: балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру;домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту;қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,үлгі,ермексаз,тақтайша,сулық.
Сөздік жұмыс: қар ұшқындап,жапалақтап,борандатып жауады.
Билингвальды компонент: аққала-снеговик.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларға қыс туралы өлең оқимын. Қыс келді,қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жол аппақ түске енді, Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. Ә.Ысқақбаев. -Неге жердің бәрі аппақ? (Жерде жасанды қарлар жатады). -Қар ұлпалары неге ұқсайды? -Қар ұлпалары қандай керемет,өрнектері де бар екен.Ал мына қарлар еріп,жабысып,домалақтанып қалыпты.Осы қарларды тездетіп,екіге бөлініп,жинап тастауларын сұраймын. -Қазір жылдың қай мезгілі?Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылаймыз. | Балалар өлеңді тыңдайды.Топ ішін аралап жүріп,таңданады. -Өйткені жердің бетін қар жапқан. -Жұлдызшаға ұқсайды. Қар ұлпаларын тамашалайды.Екі ыдысқа бөліп жинайды. -Қыс мезгілі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Даланың бәрі қандай? -Иә,қыстың сәні қар демекші,айналаның бәрі қар. -Ауа райы қандай? -Балалар қыста қандай ойындар ойнайды? Билингвальды компонент:аққала-снеговик. -Аққала неше бөліктен тұрады? -Мұрнын,көзін неден жасайды? -Түстері қандай? -Аққаланы неден жасайды? Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көреміз.Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсетемін. -Бұл қарды қайдан алдым? -Қар қайдан пайда болды? Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып,жерге жауып түседі екен.Олар әртүрлі болып жауады: -ұшқындап жауады; -жапалақтап жауады; -борандатып жауады т.б түрлері бар. Балаларға жауған қардың суретін көрсетемін. Сергіту сәті: -Балалар,қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші. -Қар қандай,суық па,жылы ма? -Қардың түсі қандай? -Күнге шағылысқанда қандай болады? -Қар ауыр ма,жеңіл ме? -Қар таза ма,жеуге бола ма? -Балалар,қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші:бірінші-үлкен домалақ жасадық,екінші-орташа домалақ жасадық,оны үлкен домалақтың үстіне қойдық,үшінші-кішкене домалақты жасадық та,орташа екінші домалақтың үстіне қойдық.Басына шелек кигіздік. -Балалар,бұл Аққала менің досым.Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме? Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру: -ермексазды әртүрлі үш бөлікке бөлу; -бөліктерді алақан арасына салып,домалақтау; -үлкен бөлікті астына қою,орташа бөлікті ортасына,кіші бөлікті үстіне қою; -бөліктерді бір-бірімен біріктіру; -қолын таяқшалардан жасау. Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетемін. Аққалаға-досына ат қойғызамын. | Сұрақтарға жауап береді. -Қарлы,аппақ. -Суық. -Шанамен,шаңғымен,конькимен сырғанақ тебеді,аққала жасап ойнайды. «Аққала-снеговик»сөзін қайталайды. -Үш бөліктен тұрады. -Сәбізден,көмірден жасайды. -Қызғылт сары,қара. -Қардан жасайды. -Даладан. -Аспаннан жауып,жерге түсті. Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды. Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді. -Суық. -Қардың түсі аппақ. -Күмістей жарқырайды. -Аспаннан жауғанда жеңіл.Жерде жатып көбейгенде ауыр. -Қарды жеуге болмайды.Таза емес.Тамақты ауыртады,микробы бар. -Иә Аққаланы мүсіндеу әдіс-тәсілімен танысады. Балалар Аққаланы мүсіндейді. Аққалаға-досына ат қояды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | -Балалар,бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдап,мадақтаймын. | Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды.Өз текшелеріне қояды. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүрлі көлемдегі домалақтарды біріктіреді,ұсақ элементтерін толықтырады;
Түсінеді: аққаланың қыста ғана болатынын;
Қолданады:әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Сырымбетова.І.С
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 711 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Күні: 31.12.2014ж | | | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы |