Читайте также:
|
|
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз (дидактикалық ойыны)
Мақсаты: Тәрбиеші көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім – кешектерді, істелінетін әрекеттерді, түсті білдіретін сын есімдерді атауды үйрету. «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру. Киімді ұқыпты, таза киюге, киінудің реттелген сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Демонстрациялық материал
Сөздік жұмыс: Тон, малақай
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Біздің топта ұл – қыздар. Тату – тәтті ойнаймыз, Айналаға бар адамға, Тек мейірім сыйлаймын. | Тәрбиешімен бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық ізденістік | -Қайрылы таң! -Бүгіні ауа райы қандай? -Жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгіліне қалай киінеміз? Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді. 1. Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет. 2. Балалар киінгенде бір – біріне көмектесу керектігін ұсынады. -Балалар біз, өзімізбен бірге топтағы қуыршақты серуенге шығарайық. Ол сендермен бірге серуенде ойнағысы келеді. Бұл қуыршаққа Амина деп ат қояйық. Серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз? -Ол серуенге шығу үшін қандай киімдер киеді? -Малақай – құлағы бар жылы баскиім. Қуыршақ Әминаны серуенге киіндіруді ұсынады. «Т» дыбысының дұрыс, анық айтыуына мән беру. Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім. -Балалар, тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? -Дұрыс «Т» дыбысы. («Т» дыбысын қайталау) Сергіту сәті: Санайық жаңаша, Бір, екі, үш! Жілбіре, жалауша, Достықта біздің күш! «Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны. Шарты: Қыстық киімдерді реттімен атау. | Балалардың жауабы 1.Киінудің реттілігін сақтайды. 2.Балалар киінгенде бір – біріне көмектеседі. Қуыршақ Әминамен амандасады. -тон, жейде, малақай, етік, шалбар, жемпір. Балалар тәрбиешімен бірге қуыршақты киіну реттілігін сақтай отырып киіндіреді, серуенге қалай киіндіретіндерін айтады. «Т» дыбысын бірнеше рет қайталап айтады. Саусақтарын біріктіріп, үшке дейін санайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Оқу іс – әрекетін сұрақ – жауап арқылы қорытындылайды. -Қуыршақ Әминаны серуенге шығару үшін қалай киіндірдік? -Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер? | Сұрақтарға толық жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Т» дыбысы кездесетін сөздерді қайталауға арналаған тапсырмаларды;
Игереді: Әр жыл мезгіліне қарай киім түрлерін, оның ішінде қысқы киімдерқалай кию керектігін;
Меңгереді: Қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Толтырған: Шетірова.Ә.Б
Толтырған күні: 30.12.2014ж
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1293 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | | | Күні: 31.12.2014ж |