Читайте также:
|
|
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті автомобильдер.
Мақсаты: Кегельге дейін еңбектеп барып, кегельді алу, тұру, түзелуді үйрету. Иық бұлшықеттерін, қол басын дамыту. Бейнелі қимыл бере білу, тепе- теңдік сақтау, ептілік пен төзімділік қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын құрал- жабдықтар: руль, биктігі 10 см заттар, кегельдер, қасқыр мен қойлар бетперделері.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері | Тәрбишінің іс - әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотивация лық қозғаушылық | Тапсырмаларды орындау. «Түрлі түсті автомольдер». Қолға руль ұстап, бірінің соңынан бірі аяқты тарсылдатып, түрлі түсті автомобильдерде келе жатқан қимыл бейнелеу; аяқты алға қарай өкшеге қойып, сергек адыммен жүру; «түзу, ирелең» жолмен жүгіру. Қызыл түсте «тоқта»деген белгіні орындау. Қатарға тұру, сызық бойымен түзелу (көрнекі бағыт бойынша). | Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысады. |
Ұйымдастыру шылық ізденістік | Жалпы дамыту жаттығулары.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету.Балалардың дұрыс орындалуын қадағалау. Шығыршықпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: 1. «Рульді алға». Б.қ. аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Рульді алға созу, «алға» деу; Рульді артқа, «артқа» деу. (Қарқынды өзгерту) 4-5 рет. 2. «Рульді тізеге». Б.қ.: аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Алға еңкейю, рульдіі тізеге қою: дем шығару; бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет. 3. «Еденге қой, ал». Б.қ.: аяқ алшақ, қол артта. Сәл отыру, «еденге қой» деу; тік тұрып түзелу; сәл отыру, «рульді ал» деу; 4-5 рет. 4. «Еденді тарсылдат». Б.қ.: рульмен қолды кеудеге қойып, шалқадан жату. Рульді шетке созып, еденді тарсылдатып: «тук-тук-тук» деу, бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет. 5. «Рульге тиіп кетпе». Б.қ.:аяқ бірге, қолды артқа қойып тіреле отыру, руль еденде. Аяқты түзу көтеріп, рульдің үстінен оңға, солға қарай апару.3-4рет. 6. «Рульдің айналасында». Рульдің айналасында секіру, жүруменстыру. Дем алу жаттығуы: «Түрлі түсті рульдер» Қызыл руль? Ақ руль? Жасыл руль? Енді осы рульдерді бірге жоғары көтеріп, қолды ауыстырып, «дем алу- дем шығару». Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары: - Еденде жатқан жіптен секіру. - Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеру. | Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Негізгі қимыл қозғалыс жаттығуларын орындайды. |
Рефлексия лық түзетуші лік | Қорытынды бөлім. Қимылды ойын: «Тез өз орныңа». | Ойынға жаппай қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: еденде жатқан заттардан аттауды (заттардың арақашықтығы 25 см); Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеруді.
Түсінеді: жаттығулардың маңызын.
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.
Картаны толтырған: Сырымбетова.І.С
Күні айы жыл:
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 527 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | | | Признак угла у щипцов для удаления зубов: 1-3 - верхней челюсти; 4 - нижней челюсти |