Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ткізген:Шетірова Ә.Б

Читайте также:
  1. Толтырған: Шетірова Ә.Б
  2. Толтырған: Шетірова.Ә.Б
  3. Толтырған: Шетірова.Ә.Б

Ткізген күні: 04.02.2015 ж

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Туған қаламызға саяхат.

Мақсаты: 1. Өздері тұратын қала (ауыл) туралы білімдерін жүйелеу және байыту.

2. Алматы қаласы туралы мәліметтер беру және өздеріне әңгімелету арқылы ақыл-ойларын ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту..

Әдіс-тәсілдер: түсіндір, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс: бақша-қала

Билингвальді компонент: қала-город, ғимарат-здание, көше-улица.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызады. -Қайырлы таң, балалар! Біздің топқа хат келді. Хатты мен сендерге оқып берейін. Кәне, тыңдаңдар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қарлығашпын.Мен сендерді Алматы қаласына саяхатқа шығуға шақырамын. Сендерге Алматы қаласының картасын сыйлаймын. Дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін біледіреді.    
Ұйымдастырушылық ізденістік 1.Білімді өзектендіру. Алматы қаласының суретін көрсетіп, балаларға сұрақ қояды. -Суретте бейнеленген қала қалай аталады? Алматы қаласының тұрғындарын қалай атайды? 2.Билингвальды компонент: қала-город, ғимарат-здание, көше- улица. 3. Алматы қаласы туралы әңгіме. -Алматы –Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. Алматы халық саны өте көп тұрады. Әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы- алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Қалада әсем ғимараттар, саябақтар өте көп. Көлік түрлерінің бәрі жүреді. 4. Сергіту сәтін өткізу. -Алматы қаласы   -Алматылықтар.   Қайталайды.   Тыңдайды. Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік Сұрақ- жауап арқылы алған білімдерін қорытындылайды. 1.Алматы қандай қала? 2.Ол қандай таудың баурайында орналасқан? 3.Оны неге «бақша қала» деп атайды? 4. Қандай алманың түрі өседі? 5.Өздерінің тұратын қала (ауыл) туралы не айтасыңдар? Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Алматы қаласы туралы білетін тақпақтарын айтады. Өздері тұратын туған қала(ауыл) туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Алматы қаласы туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы.

Игереді: Алматы қаласы туралы мәліметтерді.

Меңгереді: Алматы қаласы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алуды меңгереді.

Ткізген: Шетірова Ә.Б

Ткізген күні: 06.02.2015

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі. Құрастыру

Тақырыбы: Жаяу жүргіншілерге, машиналарға арналған тар және кең жолдар.

Мақсаты:Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыру, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету, өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекілігі: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктері

Сөздік жұмысы: тар, кең, жуан, жіңішке

 

Оқу іс әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері. Үлгіні көрсете отырып тар және кең жолдар жасайтын құрылыс материалдарын таңдап алу. Балалар шеңбер жасап бір-біріне алақандарымен жылу береді, жақсы сөздер айтқан соң орындарына отырады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Орындарына отырған соң, тәрбиші балалардың назарын өзінің алдындағы құрылыс материалдарына аударады. Олардың түстерін, көлемін пішінін сұрайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жол тар болады, оны жасау үшін кірпіштерді бір біріне тіркеп ұзыннан қоямыз, ал машина жүретін жолдар кең болғандықтан оны жасау үшін кірпіштерді көлденеңінен қатарластырып қоямыз деп суреттегі үлгіні көрсете отырып өзі жасап көрсетеді. Құрылысты балалардың дұрыс жасауына бағыт беріп, басшылық жасайды. Олар жасап болған соң міне, мына ойыншық машинаны кең жолмен жүргізіп көрсетеді. Екінші ретте бір баланы шақырып машинаны жүргізіп көрсетеді. Екінші ретте бір баланы шақырып машинаны жүргізіп көрсетуді ұсынады. Ойын: "Тар және кең" жолдар. Балаларға ұсақ машина ойыншықтары таратылып беріледі. Жолдардың шеттеріне ағаштарды, текшелерден үйлерді тұрғызып құрылыс мазмұнын біртіндеп күрделендіре түседі, өздігінен дербес ойлануға, әрекет етуге бағыттайды. Текшелер, кірпіштер. Қызыл, жасыл, көк. Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс материалдарынан "тар" жол құрастырады. Тар жолды көк түсті кірпіштерді бір-біріне тіркестіріп қою арқылы жасаса. Кең жолды кірпіштерді көлденең қою арқылы құрастырады.   Балалар машинаны кең жолдың үстімен, қуыршақтарды тар жолдың үстімен жүргізіп көреді.
Рефлексиялық - түзетушілік Тәрбиеші әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі, пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді. Жақсы жасаған балалар құрылыстарын мадақтайды.       "кең", "тар" ұғымдарын сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай жол жасағанын айтып береді.

 

Күтілетін нәтижелер:

игереді: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды.

біледі: "кең", "тар" ұғымдарын меңгереді және оны іс- әрекет барысында көрсете алуды;

меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдылануды.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1338 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | Күні: 31.12.2014ж | Күні: 31.12.2014ж | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. | Толтырған: Шетірова.Ә.Б | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы| Толтырған: Шетірова.Ә.Б

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)