Читайте также: |
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: таным
Оқу іс әрекеті: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта».
Мақсаты: таңертең (таң)-тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: бір-бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар.
Сөздік жұмыс: Шаршы.
Билингвальді компонент: шаршы-квадрат.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Ғажайып сәт: Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қоямын.Балаларды қызықтырып,олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?»-деп сұраймын. -Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты.Кәне,оны іздеп көрейік. -Балалар,аю бізге геометриялық фигура-шаршыны ала келіпті. Аю: -Балалар,сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? -Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме?Мен сендерге шаршы ала келдім.Жұмыс дәптерлеріңді ашып,тура осындай фигураның суретін табыңдар. | Қызығушылық танытады. «Аю»,-деп жауап береді. Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады. -Шеңбер. -Иә. Дәптерлерін ашып,суретті табады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | «Шаршыны бастырып сыз» ойыны. Жаңа геометриялық фигураны –шаршыны қарастыруларын сұраймын. Сөздік жұмыс:шаршы. Билингвальді компонент:шаршы-квадрат. Балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырамын.Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен,ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтамын. Сұрақтар: -Балалар,қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар? -Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар? -Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады? Жеке жұмыс жүргіземін. «Жауабын кім табады?»ойыны.Балаларға екі қыздың суретін көрсетіп. -Бұлар апалы-сіңлілі қыздар,олар бір-біріне қатты ұқсайды.Ал олардың бір-бірінен айырмашылығын тек ең зерделі бала ғана таба алады. -Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Сергіту минуты: «Маймақ аю». Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз,содан кейін өкшелеп жүреміз.Аяғымыздың ұшымен жүреміз,одан кейін жылдам жүріске ауысып,аяғында жүгіреміз. «Жол көрсетіп жібер»ойыны. Балаларға жұмбақ жасырамын. «Жазда қыдырады, Қыста апанда жатып, Тынығады». (Аю). Аю жұмбақтыңөзі туралы екендігіне қуанады.Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтамын.Балаларға сұрақтар қоямын. -Менің сол жағымда не бар? -Ал оң жағымда не тұр? Аю балалардан сұрайды: -Балы бар бөкшені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек? Балаларға бал құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырамын. | Қарастырады. Қайталайды.шаршы. Қайталайды:шаршы-квадрат. Тапсырманы орындайды. Балалар жауап береді: -Үлкен. -Кішкентай. -Шаршы. Балалар суретке назар аударады. -Қыздардың біреуінің бұрымы қысқа,ал екіншісінің бұрымы ұзын. Педагогтің айтқанын орындайды. Балалар жұмбақтың шешуін табады. -Аю. -Аралар. Балалар жауап береді. -Сол жағыңда ара бар. -Оң жағыңда бал құйылған бөшке тұр. Балалар тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін,балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура-шаршыны сыйға тартады.Қоштасып,кетеді. -Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады? | Қуанады. -Шаршы. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: геометриялық фигураларды-шаршыны,шеңберді;
Түсінеді: геометриялық фигураның –тіктөртбұрыштың айырмашылығын;
Қолданады: қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды;оң жақта,сол жақта орналасқанды анықтауды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Шетірова Ә.Б
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 894 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | | | Күні: 31.12.2014ж |