Читайте также:
|
|
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Кімге не керек?
Мақсаты: а) Жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім, балалар, ұл, қыз т.б). 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру.
ә) Зат есім мен сын есімді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды жалғастыру.
б) Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: № 22 демонстрациялық материал (қыз бала мен ұлдың және ұлдың суреті).
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс: көйлек, жейде, бәтеңке, шалбар.
Билингвальды компонент: көйлек – платье, жейде- рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки.
Оқу іс-әрекеті | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балалар бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге Е.Өтетілеуұлының өлең жолын қайталайды. Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» деймін мен. | Балалар бірге өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастыру кезеңі | №22 демонстрациялық материалда берілген суретпен жұмыс. -Балалар, сендер кімді көріп тұрсыңдар? -Балалар не істеп жүр? -Айман бесікпен қуыршағын сүйреп жүр. Асқар машинамен ойнап жүр. Балалар өте көңілді. Балалар өздерінің киімдері жайлы әңгімелеу. -Ал енді тобымыздағы ұлдар және қыздармен танысамыз. -Біздің топта ұлдар ма екен? Ұлдарды бір-бірден шығарып, олармен танысу. Жейде, шалбар, бәтеңке, көйлек сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді. Билингвальды компонент: көйлек- платье, жейде-рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки. -Біздің топта қыздар ма екен? (Қыздарды бір-бірден шығарып, олардың танысу,киген киімдерін айту). Бір ұл бала мен қыз баланы кезектесе отырып шығарып, олардың киімдерін, шаштарын, аяқкиімдерін салыстырады. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі. №22 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Кімге не керек?» дидактикалық ойыны. Шарты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызықпен қосу. | Суретке қарайды, жауап береді. -Ұл бала және қыз бала. -Ойнап жүр. Балалар қайталайды: көйлек-платье, жейде – рубашка, шалбар- брюки. -Менің атым –Ерлан. Менің шалбарым бар, жейдем бар. Менің атым – Жанар. Үстімде әдемі қызыл көйлегім бар. Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды. Балалар ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызық арқылы сәйкес тендіреді. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік? (Киім). -Ұл бала мен қыз баланың киімдерінің қандай айырмашылығы бар? Балаларды мадақтап, оқу іс- әрекетін қорытындылайды. | Балалардың жауабы. Сабақта алған білімдерін пысықтайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыз бен ұл баланың киімін ажыратуға арналған тапсырманы;
Игереді: зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;
Меңгереді: қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып, олардыңерекшеліктерін айта білу іскерліктерін.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1016 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | | | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы |