Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Читайте также:
  1. Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсері
  2. Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технлогиялық картасы
  3. Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
  4. йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
  5. Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
  6. Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
  7. Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: "Мойынорағыш пен баскиім"

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Мақсаты: қыстық киім туралы түсініктерін кеңейту; қуыршаққа арналған мойынорағыш пен баскиімді әртүрлі пішіндерден жасауды үйрету; ұқыптылыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: аяз.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балаларға жұмбақ жасырамын. Жұмбақ Аяғы бар жүрмейді, Ауызы бар күлмейді. Айнымайды бөпемнен Тек сөйлеуді білмейді. (Қуыршақ) Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыртамын. -Балалар, біздің тобымызға Әйгерім деген қуыршақ қонаққа келіпті.-Кәне, қонағымызбен амандасып, оның бізге қандай өтініші бар екенін тыңдайық. Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады. Үлестірмелі материалдағы суретке қарап, өздерінің білгенінше әңгімелеп береді.   Балалар қуыршақпен сәлемдесіп, оның өтінішін тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Сендермен бірге ойнап, серуенге мен де барсам,- дейді. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Ауа- райы қандай? Қыста далада аяз болады. Сөздік жұмыс:аяз. -Адамдар қыста қалай киінеді? -Ал Әйгерім қалай киініп алыпты?     Әйгерім нені киюді ұмытыпты?   Қыстыгүні далаға жалаңбас шығуға бола ма? -Әйгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма? -Дұрыс айтасындар себебі оның баскиімі мен мойынорағышы жоқ екен. Билингвальды компонент:мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.   -Балалар,біз Әйгерімге баскиім мен мойынорағыш жасап берейік, сонда ғана ол таза ауаға бізбен бірге шыға алады.Өзім дайындаған үлгіні көрсеттім. Сергіту сәті. Бір үйде біз нешеуміз, Кел, санайық екеуміз, Бас бармағым-атам, Балаң үйрек-әжем. Ортан терек-әкем, Шылдыр шүмек-анам, Кішкене бөбек-мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп түсіндіремін. -ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз; -алақанға салып айналдыра отырып домалақтаймыз; -домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан басып, қуыс жасаймыз; -екіншісін "шұжықша"пішінге келтіріп, жалпақтаймыз. Балалардың өз бетінше жқмысы:Шашақ тағу, тағы басқа әрлеу жұмыстарын жасауға көмектесемін. "Қуыршақты киіндіру" ойынын ұйымдастыру. Сұрақтарға жауап береді.   -Қазір қыс мезгілі.   -Суық.   -Аяз сөзін қайталайды. -Жылы киінеді.   -Үстіне тон, аяғына жылы етік, қолына қолғап киеді.   -Оо мойынорағыш пен баскиім киюді ұмытпапты. -жоқ.     -Шыға алмайды.   Билингвальды компонент:мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор. сөздерін қайталайды.     Балалар саусақ жаттығуларын орындайды.     Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады. Балалар бар ынталарымен Әйгерімге мойынорағыш пен баскиім мүсіндеуге кіріседі.     Қуыршаққа жыл мезгіліне байланысты киімдерді таңдап, қуыршақты киіндіреді.
Рефлексиялық-түзетушілік Әйгерім балаларға рақметін айтады. -Балалар, бәріміз жылы киімдерімізді киіп, Әйгерімді өзімізбен бірге далаға серуенге алып шығайық. Ол енді жаурамайтын болды. Балалар жасаған жұмыстарынӘйгерімге береді.Олар бәрі жылы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен далаға серуенге шығады.Балалар мақтау мен мадақтауға ие болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:домалақ ермексаздың ішін қуыстау арқылы баскиім пішініне, сопақша ермексазды жалпақтау арқылы мойынорағыш пішініне келтіреді.

Игереді:қыстыгүні баскиім мен мойынорағыштың қажеттігін;

Меңгереді: ермексазды домалақтау, есу дағдыларын

Картаны толтырған күні: 05.01.14ж.

Картаны толтырған: Сырымбетова І.С

 

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Тақырыбы: Көктем | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | Күні: 31.12.2014ж |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ткізген күні: 06.02.2015| Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)