Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ткізген күні: 06.02.2015

Читайте также:
  1. Күні: 31.12.2014ж
  2. Күні: 31.12.2014ж
  3. Ткізген:Шетірова Ә.Б

Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Ауа қайда тығылды?

Мақсаты: 1.Тәжірибе жұмысы арқылы ауаның барлық жерде бар екенін түсіндіру.

2. Тіршілік үшін ауаның маңызы зор екендігін ұғындыру.

3. Өсімдіктер ауаны тазартатындығын естерін түсіре отырып, табиғатты сүюге баулу, оны қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекі құралдар: жұмсақ қалқанқұлақ ойыншығы, үрлемелі шарлар, сабан, таза су құйылған стакандар, қоңырау, қорапшалар, целлофан қалта, таспа.

Сөздік жұмыс: ауа

Билингвальді компонент: таспа-лента, ауа-воздух, әуе шары-воздушный шар, қоңырау-колокольчик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1. Шаттық шеңбері. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Адамдар кездескен кезде бір-біріне саулық тілеп, жылы лебіздерін білдіріп амандасады. Бүгін мен де сендерге Амандық-саулық тілеп амандасамын! -Сендердің алдарыңда қорапшалар тұр.Қорапшалардың ішінен ең ақылды, ең алғыр балалар көресіңдер.Кәне, бәріміз ашып көрейік, бұл кімдер екен?(Әр қорапшаның ішінен айна шығады да, балалар айнадан өздерін көреді).Енді бір-бірімізге күлімсіреп, «Әлемдегі ең жақсы балалармыз!» деп айтайық. Осы көңіл күймен сабақты бастайық. 2. Таңғажайып сәт. -Бізге қонаққа ертегідегі ең сүйікті кейіпкеріміз-Қалқанқұлақ келді.Ол ауа туралы білгісі келеді екен. Ауаны іздеп тауып, ұстап көргісі келеді. Қалқанқұлақпен ауаны іздеуге дайынсыңдар ма? Алға! Шаттық шеңберге тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.   Қызығушылығын көрсетеді.   Қонақпен амандасады.
Ұйымдастыру шылық-ізденістік     -Ауа дегенді қалай түсінесіңдер?(онымен біз тыныс аламыз). -Кәне, ұстап көрейікші, оны ұстауға бола ма?(Жоқ) Билингвальді компонент: таспа-лента, ауа-воздух, әуе шары-воздушный шар, қоңырау-колокольчик. Ауа-адам, жануар және өсімдіктер тіршілігіне керек зат. Тәжірибе жұмысын жүргізу. -Ауаның бар екеніне көз жеткізу үшін, Қалқанқұлақ екеуміз бірнеше тәжірибе жасап көруді ұсынамыз. Тәжірибе жасау. -Қалқанқұлақ өзімен бірге сиқырлы қорапша алып келіпті. Ішінде не бар екен, қарап көрейік. Бір-бір таспадан алып, үрлеп көріңдерші. Не байқап тұрсыңдар? -Жарайсыңдар! -Бұл қорапшада тағы нелер бар екен? (Үрлемелейтін шар)-Енді онымен не істейміз? (Үрлеп, ішіне ауа толтырамыз). Шарды үремін. Оған не болды? (Оны үрлеп, ішіне ауа толтырдық). -Өте жақсы! Қалқанқұлақтың қорапшасында тағы не бар екен? (Қоңырауды алып шығады). -Иә, бұл қоңырау, ол бізді демалуға шақырады. Сергіту сәті: Көзге ілінбейтін, Жұтсаң білінбейтін Ауаны біз іздейік. Аузымызды жабайық, Терең тыныс алайық! Тәжірибе жұмысын одан әрі жалғастыру. -Үстелге жақындап, су құйылған стакан мен сабынды алайық. Сабанмен суға үрлеңдер. Не көріп тұрсыңдар? -Бұл не екен? Сұрақтарға жауап беріп, бұрыннан білетіндерімен бөліседі.     Қайталайды.     Тыңдап, айтқанын істейді.   -Таспалар   -Шарлар   -Олар қозғалады, өйткені біз аузымызбен үрледік.   -Қоңырау   Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.   -Түбінен көпіршіктер көтеріле бастады. -Ауа
Рефлексиялық-түзетушілік -Таспалар желмен қозғады, шарлар үрленді; целлофан қалтаға ауа жинадық. Неге балар қозғалады, өйткені ауаның көмегімен үрледік; шардың көлемі үлкейді, өйткені біз оның ішін ауамен толтырдық. Шешім: біздің айаламызда ауа көп, біз онымен тыныс аламыз, бірақ көрмейміз, егер ауа болмаса, тіршілік тоқтайды. Жасалған тәжірибелер нәтижесі бойынша сабақты талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: дәптерде берілген тапсырманы;

Түсінеді: тәжірибе жасау арқылы ауаның маңызы туралы мәліметті және ауаның тіршілік үшін зор маңызы бар екенін;

Қолданады: ауаның маңызы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу және қарапайым тәжірибе жүргізе білу дағдыларын.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1502 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Тақырыбы: Көктем | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы| Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)