Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Толтырған: шетірова. Ә. Б. Толтырған күні: 24. 12. 2014

Читайте также:
  1. Толтырған: Сырымбетова.І.С
  2. Толтырған: Шетірова Ә.Б
  3. Толтырған: Шетірова.Ә.Б

Толтырған күні: 24.12.2014

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: « Денсаулық», «Таным»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Аязатаға қонаққа барамыз.

Мақсаты:еденде жатқан жалпақ шығыршыққа екі аяқпен екпінмен серпіле секіріп, аяқтың ұшына тұруды; тәрбиешінің лақтырған добын қағып алу және кері лақтыру және допты саусақтарды еркін ұстап, алақанмен қағып алуды үйрету. Алаңның бір шетінен екінші бір шетіне жүгіруді бектіу. Кеңістікті бағдарлау, Петрушканың қимыл ерекшеліктерін (жеңіл секіру, айналу, көңіл күй) бере білу, әуенге сәйкес қимыл жасай білу. Сап тізбекте өз жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру

Көрнекілігі: Аязата, Күлдіргіштің костюмі, 2 сылдырмақ, жалпақ шығыршықтар, доптар.

 

Оқу іс әрекетінің кезеңдері   Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Төмендегі тапсырманы орындатамын: «Аязатаға қонаққа барамыз». Бірінің соңынан бірі қалмай, алдында келе жатқан балаларды озбай жүру. Сап – тізбекте қосарланып, тізені жоғары көтере және қолды сермей жүру. Шыршаның айналасында шеңбер құрып, қол ұстасып жүру (Аязата шырша жанында, шеңбер ортасында), белгі бойынша бағытты өзгерте жүру.   Мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Сылдырмақпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларыЕскі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатамын.   1.Өздігінен уқалау: (алақанды ысқылап, алақанды ашып,су алуды бейнелеу) Біз аяздан қорықпаймыз, Біз суық судан қорықпаймыз. Тап-таза болып жуынамыз (бетті жайлап ысқылау), Жиі-жиі жуынамыз. Аязатаны көріп, күлімсіреп (күлімсіреу), Құшақ жая қарсы аламыз (құшақ жаю)! 2. «Еңкею». Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Басты оңға, солға еңкейту (сылдырмақтың сылдырына сәйкес); бастапқы қалыпқа оралы. 4-5 рет. 3. «Сылдырмақтың сылдыры». Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол санда. «Міне, сылдырмақтар сылдырлайды». Қолды жоғары көтеріп, сылдырмақтарды сілкіп, сылдырмақтарға қарау; бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет. «Шетке». Еденге отыру, қол мен аяқты алшақ шетке созып, сылдырмақтарды сылдырлату, бастапқы қалыпқа оралу. 4-5рет. 5. «Күлдіргіштер биі» (таныс, жеңіл би қимылдарын орындау). 6. Тыныс алу жаттығуы: Біз жоғары үрлейміз: с-с-с (аяқтың ұшына көтерілу), Біз төмен үрлейміз: с-с-с (жартылай отыру), Біз жақын үрлейміз: с-с-с (қолды ауызға жақындату). Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары. -Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру (арақашықтығы 10 м) -Еденде жатқан жалпақ шығыршыққа секіру. Қимылды ойын: «Сылдырмаққа шығыршық арқылы» Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.   Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.   Ойынға жаппай қатысады.  
Рефлексиялық - түзетушілік Қорытынды бөлім: Қимыл- қозғалысы аз ойын: «Сары шымшықты тауып алайық». Шарты: балалар бөлменің қабырғасы бойымен тұрады, педагог қолына резеңке шымшық ұстап, балаларға қарама-қарсы келесі қабырғада тұрады. Тәрбиеші: «Сендер көздеріңді жұмыңдар. Шымшық өте кішкентай құс. Мен кішкентай шымшықты тығып қояйын. Сендер оны тауып көріңдер!»-дейді. Балалар көздерін жұмып тізерлеп отырады. Тәрбиеші шымшықты тығып қойып, балаларға: «Ал, іздеңдер, шымшықты!» - дейді. Балалар орындарынан тұрып, шымшықты іздейді.   Ойынға жаппай қатысады

Күтілетін нәтижелер:

игереді: алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіруді (арақашықтығы 10 м); еденде жатқан жалпақ шығыршыққа секіруді.

біледі: жаттығулардың маңызын.

меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқиттылық тәрізді сапаларды.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 398 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Көктем | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Йымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы | Күні: 31.12.2014ж | Күні: 31.12.2014ж | Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы | Ткізген:Шетірова Ә.Б | Толтырған: Шетірова.Ә.Б |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.| Йымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)