Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісті доңғалақтар дайындамаларын өңдеуге арналған әдістер және құрал-cайман

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
  4. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  5. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  6. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  7. Алыпты және патологиялық тістеулер.

 

Тісті доңғалақтарды жасау екі әдіспен: көшірумен және жұмыр­лаумен жүзеге асырылуы мүмкін, олардың сұлбалары 7.54-суретте көрсетілген.

Көшіру әдісі мынаған негізделген: кесілетін тісті доңғалақтың 2 әрбір ойымы (21.54, а -сурет) оның фасондық жонғышпен 1 жоңғылау­мен түзіледі, оның пішіні доңғалақ тістерінің арасындағы ойымның пішініне сәйкес келеді. Ол үшін дискілік модульді жонғыштар 1 (21.54, а -суретті қараңыз) – жиі, ал кейде шеттік модульді жонғыштар 1 (21.54, б -сурет) пайдаланылады. Мұндай көшіру әдісі кезінде бір өткенде дайындамада тістердің арасында бір ойым (бунақ) кесіледі, сонан соң бөлгіш бастиектің көмегімен дайындама келесі ойымды жоңғылау үшін шеңбердің 1/ z бөлігіне айналдырылады (z – тісті доңғалақ тістерінің саны).

Дискілік модульді жонғыштармен – түзу және бұрандалы тістері бар цилиндрлік тісті доңғалақтарды, ал саусақты жонғыштармен түзу, бұрандалы және шевронды тістері бар ірі модульді доңғалақтар­ды кеседі. Тістерді жоңғылау процесінің негізгі параметрлері (кесудің басты қозғалысының жылдамдығы v, беріс s және кесу тереңдігі t) фасондық жоңғылау кезіндегідей анықталады. Көшіру әдісі тіс піші­нінің жоғары дәлдігін қамтамасыз етпейді және пішіні дәл емес тісті доңғалақтарды пайдалану мүмкін болған жағдайларда, сондай-ақ үл­кен модульді тісті доңғалақтарды алдын ала кесу үшін рұқсат етіледі.

Көшіру әдісінің өнімділігі жоғары емес. Алайда бұл тәсіл үшін күрделі станоктар талап етілмейді де, жұмысты әмбебап жоңғылау станоктарында салыстырмалы түрде күрделі емес және қымбат емес құралмен орындауға болады.

 

 

а, б – көшіру; в, г – домалату;

1 – дискілік модульді жонғыш; 2 – шеттік жонғыш; 3 – бұрамдық жонғыш;

4 – түзу тісті тарақ; 5 – тісті доңғалақ дайындамасы

21.54-сурет – Тісті доңғалақтарды жоңғылау

арқылы дайындау әдістері

Тісті доңғалақтарды домалату әдісімен кесу кезінде тісті жұптың ілінісуі болады, оның құрамына кескіш құрал мен дайындама кіреді, сонымен бірге құрал домалату қозғалысын ғана емес, сонымен бірге қосымша кесу қозғалысын жасайды. Цилиндрлік түзу тісті доңғалақ­тарды кесу үшін кескіш құрал ретінде модульді бұрамдық жонғыш­тарды (21.54, в -сурет), түзу тісті тарақтарды (г) және қашауыштарды, ал қисық тісті (бұрандалы) доңғалақтар үшін – бұрамдық жонғыш­тарды, қисық тісті тарақтарды және қашауыштарды қолданады. Конустық тісті доңғалақтарды дискілік модульді және конустық бұрамдық жонғыштармен кеседі.

Бұрамдық модульді жонғыш 1 (21.54, в -суретті қараңыз) орамдар­ға перпендикуляр кесілген бунақтары бар бұранданы білдіреді. Осының нәтижесінде бұрамдықта бұранда желісі бойында орналас­қан кескіш түстер түзіледі. Жонғыш тісінің пішіні қалыпты қимада трапеция түрінде болады. Бұрамдық жонғыштар тұтас, құрама және алмалы-салмалы тістерімен болады. Сонымен бірге оларды бір және көп рет кіретін етіп жасайды. Неғұрлым көп рет кірсе, жонғыштың өнімділігі соғұрлым жоғары, бірақ өңдеу дәлдігі төмендеу болады. Бұрамдық модульді жонғыштардың кескіш бөлігінің материалы ретінде Р9К5 және Р9К10 жылдам кескіш болатын және қатты қорытпаларды қолданады. Тіс жоңғылау дайындамаларды 9…8 дәлдік квалитеті аралығында және тістердің бүйірлік бетінің Ra = 2,5…1,25 мкм кедір-бұдырлығында өңдеуді қамтамасыз ететін тіс жоңғылау станоктарында жүргізіледі.

Ішкі және сыртқы ілінісі бар тісті қашау сұлбасы 21.55-суретте көрсетілген. Тістерді кесу қашаудың 1 қайтымды-ілгерілемелі қозға­лысы кезінде тіс қашау станоктарында жүзеге асырылады. Дайында­ма 2 тек жұмыстық жүріс процесінде ғана кесіледі.

 

 

1 – қашауыш; 2 – дайындама

21.55-сурет – Ішкі (а) және сыртқы (б) іліністері бар

доңғалақтардың тіс қашау сұлбасы

Кері жүріс кезінде құрал дайындамадан бұрылып, алғашқы қалпына қайтады. Сонымен қоса, дайындама және қашау кесу процесінде n з және n д жылдамдық­тарына сәйкес өз осьтерінің жанында синхронды айналады.

Қашауышты бір тіске бұруға сондай-ақ дайындаманы бір тіске бұру сәйкес келеді. Тіс қашауыш оның тістерінің алдыңғы және артқы қайрау бұрыштары бар эвольвента пішінді тісті доңғалақты білдіреді. Қашауыштардың екі типін ажыратады: түзу тісті (түзу тістері бар цилиндрлік доңғалақтарды кесу үшін) және қисық тісті (қисық тістері бар цилиндрлік доңғалақтарды кесу үшін). Конструк­ция түрінде қашауыштар дискілік, тостағанды және сағалы болады. Негізінде қашауыштарды жылдам кескіш болаттан жасайды.

Тіс қашау жоңғылау сияқты дәлдік және кедір-бұдырлық пара­метрлерін қамтамасыз етеді, бірақ өнімділігі біршама аз болады. Домалату әдісі бойынша тіс қашау кескіштерін және тіс кесу тарақта­рын пайдалану кезінде тісті сүргілеу станоктарында тісті доңғалақ­тарды кеседі. Домалату әдісін сериялық және жаппай өндірістерде қолданады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 832 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу | Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы | Және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары| Тісті доңғалақтарды өңдеудің таза әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)