Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және қолданылу саласы. Сүргілеу – горизонталь, вертикаль және көлбеу жазық және фасондық

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Сүргілеу – горизонталь, вертикаль және көлбеу жазық және фасондық беттерді, ойықтарды, бунақтарды және басқа ойықшаларды арнайы кескіштермен өңдеу процесі. Сүргілеу кезінде кескіштің жұмыстық және бос жүрістер жасауы салдарынан металл үзілмелі кесіледі. Тура (жұмыстық) жүріс кезінде дайындамадан жоңқа кесіледі, ал кері (бос) жүріс кезінде атқару органдары (үстел немесе кескіш) алғашқы қалпына келеді, жоңқа алынбайды.

Конструкциялық орындалуына байланысты көлденең-сүргілеу және бойлық-сүргілеу станоктарын ажыратады, олардың сұлбалары 21.34-суретте көрсетілген. Көлденең-сүргілеу станогында (21.34-сурет, б) кескіш құрал – басты қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс, ал дайын­дама басты қозғалыс бағытына көлденең периодтық беріс қозғалысын жасайды. Вертикаль немесе көлбеу беттерді өңдеу кезінде кескіш құралға периодтық беріc қозғалысы беріледі. Көлденең-сүргілеу ста­ноктары кіші және орташа дайындамаларды өңдеу үшін қолданы­лады. Бойлық-сүргілеу станоктарында өңдеу сұлбасы (21.34-сурет, а) дайындаманың басты қайтымды-ілгерілемелі жылжуымен және кес­кіш құралдың горизонталь, вертикаль және көлбеу бағыттарда пе­риодтық беріс қозғалысымен сипатталады.

Дайындама өңделмейтін кезеңде сүргілеу кезінде бос жүрістің бар болуы – оны өңдеу уақытының едәуір ұлғаюына, ал құралдың дайындамаға соққылық ойып орнатылуы және кесу жылдамдығының тұрақсыздығы өңдеудің сапасының жоғары болмауына әкеледі. Екін­ші жағынан, өңдеудің үзілмелі сипаты бос жүріс кезінде кескіш құ­ралдың салқындатылуына мүмкіндік туғызады, бұл оның төзімділігін арттырады және өңдеуді майлау-салқындату сұйықтықтарын қолда­нусыз орындауға мүмкіндік береді. Жонып өңдеу кезіндегідей, сүргі­леу кезінде кесу режимдерінің ұқсас элементтерін қарастырады: кесу жылдамдығы v, м/мин; кесу тереңдігі t, мм; беріс s, мм/қос жүріс; кесілетін қабаттың ені b және қалыңдығы a, мм.

 

1-өңделген бет; 2-кесу беті; 3-өңделмеген бет;

Vр - жұмыстық жүрістің жылдамдығы; Vоб – бос жүрістің жылдамдығы

21.34-сурет – Бойлық-сүргілеу (а) және көлденең-сүргілеу (б)

станоктары жұмысының сұлбалары

 

Сүргілеу кезінде кесу жылдамдығын v жұмыстық жүріс жылдам­дығы деп атайды, ол кезде дайындамадан металл қабаты алынады. Көлденең-сүргілеу станогы үшін бұл – кескіші бар сырғыманың жұ­мыстық жүрісінің жылдамдығы, бойлық-сүргілеу станогы үшін – үс­телдің орын ауыстыру жылдамдығы. Сүргілеу станогының конструк­циясына кесу жылдамдығы айнымалы немесе тұрақты болуы мүмкін.

Қос иін-кулисалы механизмі бар көлденең-сүргілеу станоктарын­да жұмыстық v р және бос v х жүрістердің жылдамдықтары айнымалы. Осы станоктар үшін орташа кесу жылдамдығын (м/мин) мына форму­ла бойынша анықтауға болады:

v = Ln (1 + m)/1000,

мұнда L – сырғыма жүрісінің ұзындығы, мм; n – сырғыманың мину­тына қос жүрістерінің саны; m – жұмыстық жүріс жылдамдығының бос жүріс жылдамдығына қатынасы. Сырғыма жүрісінің орташа және кіші ұзындықтарында m = 0,60…0,75.

Қозғалыс берісіне арналған рейкалы механизмі бар сүргілеу ста­ноктарының жұмыстық жүрісінің тұрақты жылдамдығы бар. Бұл жылдамдықтар үшін кесу жылдамдығын мына формула бойынша есептейді:

v = 2 Ln /1000.

Сүргілеу кезінде кесу жылдамдығын салқындатусыз сыртқы бой­лық жону кезіндегідей формула бойынша анықтайды, бірақ, кескіш­тердің соққылық және үзілмелі жұмысын есепке алып, алынған мәнді k c = 0,75 коэффициентіне көбейтеді. Табылған кесу жылдамдығы бойынша алдыңғы екі формулада сырғыманың минутына қосарлы жүрістерінің n санын есептейді. Сүргілеу процесінің сұлбасы 21.35-суретте көрсетілген.

Беріс s тетіктің (көлденең-сүргілеу станоктары үшін) немесе кескіштің (бойлық-сүргілеу станоктары үшін) бір қосарлы жүріс ішінде көлденең бағытта салыстырмалы орын ауыстыруын білдіреді. Беріс ылғи да кері (бос) жүрістің аяғында жүргізіледі.

 

Sк

 

 

21.35-сурет – Сүргілеу процесінің сұлбасы

 

Кесу тереңдігі t бір өткенде алынатын металл қабатының қалыңдығын білдіреді. Оны өңделген бетке перпендикуляр бағытта өлшейді. Кесудің көлденең қимасын f кесілетін қабат қалыңдығының а еніне b көбейтіндісімен анықтайды, яғни:

f = ab = st.

Сүргілеу кезіндегі машиналық уақыт, яғни дайындаманы кескіш­пен өңделетін дайындаманың ұзындығы мен еніне пропорционал өң­деуге жұмсалған уақыт:

Т м = (В + l 1 + l 2) i /(ns),

мұнда B – өңделетін беттің ені, мм; l 1 және l 2 – кескіштің сәйкесінше ұзындығы және асып кеткіштігі, мм; i – өту саны.

Сүргілеумен өңдеу өнімділігін жоғарылату үшін күштік кесу әдістері қолданылады, ол кезде негізгі технологиялық уақыт беріліс және кесу тереңдігінің ұлғаюы (өту саны i қысқартылуы) есебінен азаяды.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 809 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ерекшеліктері| Және қолданылу саласы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)