Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  4. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  5. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  6. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Қажақты өңдеу түріне, станок конструкциясына, өңделетін тетік­тің габариттеріне және ажарлау шарттарына байланысты қажақты құрал-саймандар пішіні мен өлшемдері бойынша әр түрлі болып жасалады. Әдетте олар ажарлағыш шарық тастар, білеушелер мен таспалар түрінде болады. Қажақты өңдеу кезінде қолданылатын негізгі құрал ажарлағыш шарық тас ажарлайтын дөңгелек болып табылады.

Қажақты шарық тастар (21.62-сурет) ажарлау сұлбасына байла­нысты шетімен немесе шет жағымен жұмыс істейді, бұл олардың конструкциялық өзгешеліктерін қамтамасыз етеді. Геометриялық пішіні бойынша оларды келесі типтерге бөледі: кескіштерді сыртынан дөңгелек, ішкі центрсіз, жазық ажарлау және қайрау үшін – ПП жазық түзу пішінді (21.62, а -сурет); екі жақты конустық пішінді жазық – 2П (21.62, б -сурет) және конустық пішінді жазық–3П (21.62, в -сурет) бұранданы, тісті доңғалақтарды және т.б. ажарлау үшін қызмет атқарады; бунағы бар жазық ПВ (21.62, г -сурет) шет жағы тіліктелген айналманы ажарлау үшін пайдаланады; шарық тас-дискілер Д (21.62, д -сурет) – кесу және тілу жұмыстары үшін; шарық тас-сақиналар К (21.62, е -сурет), цилиндрлік шарық тас-тостағандар ЧЦ және конустық шарық тас-тостағандар ЧК (21.62, ж, з -сурет) әдетте шарық тастың жет шағымен жазық ажарлау және т.б. үшін қызмет атқарады.

Шарық тастардың негізгі конструкциялық элементтері: D – сыртқы диаметрі; d – ішкі диаметрі (айналдырықта бекіту үшін); В – дөңгелектің ені; а – дөңгелек элементтерінің өлшемдері. Қажақты құ­ралдың пайдаланылу қасиеттерін анықтайтын аса маңызды сипатта­малар: қажақты материалдың түрі, оның түйірлілігі, байланыстыру түрі, қаттылығы және құрылымы.

Құралды жасау үшін пайдаланылатын қажақты материалдар табиғи және жасанды деп бөлінеді. Табиғи қажақты материалдарға: алмас, зімпара, корунд, кварц, гранит жатады. Жасанды текті материалдар: электр корунд, карборунд, бор карбиді, цирконий карбиді, борсиликарбид, бордың кубтық нитриді (эльбор) және т.б.

 

а – жазық түзу пішінді; б, – екі жақты конустық пішіні бар жазық;

в – конустық пішіні бар жазық; г – кертігі бар жазық; д – дөңгелек-диск;

е – дөңгелек-сақина; ж, з – дөңгелек-тостағандар (цилиндрлік және конустық)

21.62-сурет – Ажарлайтын дөңгелектер пішіндері

Қажақты құрал ретінде маркасы әр түрлі синтетикалық (техника­лық) алмастан жасалған ажарлайтын шарық тастарды пайдаланады. Алмас құралдар тұтас емес, аралас болып жасалады. Олардың құра­мында қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі байланыстырғышы бар алмас қабат бар, ол құралдың металл корпусына бекітіледі. Қажақты мате­риалдардың түйірлері өте жоғары қаттылықты және термиялық тө­зімділікті иеленеді, өткір кескіш жиектері бар, шарық тас массасында ретсіз орналасуына қарамастан, өте қатты металдар мен қорытпалар­ды (ағартылған қабаты бар шойын, шыныққан болат және т.с.с.) кесу­дің тіпті үлкен бұрыштарында кесуге қабілетті.

Қажақты материалдардың механикалық қасиеттері қаттылықпен, тығыздықпен, серпімділік модулімен, қысуға, созуға және июге беріктік шегімен, соққылық жүктеме кезіндегі беріктігімен, сондай-ақ жоғары температуралар мен қысымның әсерінен кесу процесінде осы қасиеттердің өзгеруімен сипатталады.

Қажақты материалдардың негізгі көрсеткіштерінің бірі түйіршік­тілік – маңдайшадағы түйіршіктің орташа өлшемі, миллиметрдің жүздеген үлесімен өлшенген. Ажарлағыш шарық тастың түйіршікті­лігі алынатын беттің сапасына әсер етеді: түйіршік неғұрлым кіші болса, беттің сапасы соғұрлым жоғары болады. Түйіршіктіліктің кө­лемі бойынша ажарлағыш шарық тастар үш топқа бөлінеді: ажарлан­ған түйір, ажарланған ұнтақтар және микроұнтақтар және оларға сәйкес нөмірлер беріледі.

Түйіршіктілігі 80 мкм-ге дейінгі шарық тастарды – қаралтым ажарлау үшін, 25 мкм-ге дейінгі – кәдімгі таза ажарлау үшін, 3 мкм-ге дейінгі – бұранда ажарлау үшін және микроұнтақтарды таза өңдеу жұмыстары үшін қолданады. Қажақты құралды жасау үшін сұрып­талған түйіршіктерді байланыстырғыш заттың (байланыстырғыштың) көмегімен бірыңғай массаға бекітеді, сонан соң оған дөңгелек немесе білеуше пішінін береді. Қажақты түйіршіктер үшін байланыстырғыш­ты органикалық емес (керамикалық, К шартты белгісімен, силикат­тық С, магнезиялық М) немесе органикалық негізде (бакелиттік Б немесе вулканиттік В) жасайды. Ажарлағыш шарық тастардың көп­шілігін беріктігі жоғары керамикалық байланыстырғышта жасайды.

Қажақты құралдың қаттылығы байланыстырғыштың сырт­қы күштердің әсерінен құралдың бетінен қажақты түйіршіктердің жұлынуына қарсыластығы деп түсіндіріледі. Қаттылығы бойынша қажақ­ты шарық тастар тоғыз қаттылық класына бөлінеді: ерекше жұмсақ – ЧМ; өте жұмсақ – ВМ1, ВМ2; жұмсақ – М1, М2, М3; орташа жұмсақ – СМ1, СМ2; орташа – С1, С2; орташа қатты – СТ1, СТ2, СТ3; қатты – Т1, Т2, өте қатты – ВТ1, ВТ2 және ерекше қатты – ЧТ1…ЧТ10. Әріптік белгіленуінен оң жақтағы цифрлар қажақты материал қаттылығы дәрежесінің өсуін сипаттайды. Шарық тастың қаттылығын дұрыс таңдау ажарлау процесіне және ең алдымен, шарық тастың өзінен-өзі қайралуына елеулі әсер етеді.

Өзінен-өзі қайралғыштық – шарық тастан мұқалған түйіршік­терді сырлап тастау және үшкір қырлары бар жаңа түйіршіктерді жалаңаштау. Тым қатты шарық тастың берілген материалын таңдау кезінде – түйіршіктер сырланбайды және осыдан, өзінен-өзі қайралу болмайды. Бұл шарық тастың «май болып қалуына» және ажарлана­тын беттің күюіне әкеледі. Тым жұмсақ дөңгелектен түйіршіктер ша­шылуы мүмкін және ол пішінін жоғалтады. Жұмсақ материалдарды ажарлау үшін әдетте қатты шарық тастарды таңдайды және керісінше.

Қажақты құралдардың құрылымы түйіршіктер көлемдерінің, бай­ланыстырғыштың және қуыстардың сандық ара қатысымен анықтала­ды. Шартты түрде қажақты материалдың құрамы туралы құрал көле­мінің пайызбен берілген көлемінде талдау қабылданған. Дөңгелек ма­териалының құрылымын 0-ден 12-ге дейінгі нөмірлермен белгілейді. Құрылымның бір нөмірге ұлғаюымен шарық тастағы түйіршіктер көлемі 2 %-ға азаяды, ал байланыстырғыштың көлемі қуыстардың жалпы көлемі тұрақты болғанда сәйкесінше 2 %-ға ұлғаяды. Ұсақ қуыстары бар шарық тастарды (№ 1…4 құрылымдар) жабық немесе тығыз деп атайды. Осы құрылымдары бар шарық тастарды беттің жоғары сапасы талап етілгенде, қатты және морт материалдарды дөң­гелек ажарлау кезінде қолданады. № 5…8 құрылымдарды орташа деп атайды және жұмсақ металдарды сыртынан дөңгелек және жазық ажарлауға арналған шарық тастарда қолданады. № 9…11 шарық тастарды ашық деп атайды және жылдам ажарлау үшін қолданады.

Қажақты құралдарды маркалау олардың жұмыстық емес бетінде жүргізіледі және оған дайындаушы-зауыттың атауы, қажақты мате­риал, оның түйіршіктілігі, қаттылығы, байланыстырғыштың атауы кіреді; кейбір жағдайларда шарық тастың құрылымы, қимасының пішіні, кесу өлшемдері және шекті жылдамдығы кіреді. Қажақты құралды маркалаудың үлгісі:

ЧҚЗ ЭА 40 Ст3 К5

ЖТ 300 х 50 65 35 м/с

Келтірілген дөңгелектің маркалануы алымында: ЧАЗ – Челябинск қажақты зауытын; ЭА – ақ электр корунд; түйіршіктілігі 40; СТ 3 – орташа қаттылықты үшінші; К5 – керамикалық байланыстырғыш; бөлгішінде: ЖТ – жазық түзу; сыртқы диаметрі 300 мм, ені 50 мм, тесік диаметрі 65 мм; ең үлкен айналу жылдамдығы 35 м/с. Қазіргі уақытта керамика негізінде ашық құрылымы бар жоғары кеуекті ажарлағыш шарық тастар қолданыс тапты. Бұл шарық тастар түйір­шіктерінің саны аз, бірақ қуыстарының саны және өлшемі бойынша көп. Мұндай ажарлағыш шарық тастар түйіршіктерінің кесу қабілет­тілігі аса жоғары болады және шарық тастың жұмыстық бетінің шекара­сында қуыстарда ауа ағындарының жасалуы есебінен өңделетін тетіктің қызуы аз болады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 639 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу | Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары | Тісті доңғалақтар дайындамаларын өңдеуге арналған әдістер және құрал-cайман | Тісті доңғалақтарды өңдеудің таза әдістері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары| Инфильтрационная вестибулярная параапикальная анестезия.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)