Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және қолданылу саласы

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Орындалатын жұмыстарға және конструкциялық ерекшеліктер-

ге байланысты жоңғылау тобының станоктарын жалпы тағайындал-

ған және арнайы деп бөледі. Әдетте жалпы тағайындалған жоңғылау станоктарына горизонталь және вертикаль-жоңғылау станоктары (ай­налдырығы горизонталь және вертикаль орналасқан) жатады. Өңде­летін тетік мұндай станоктарда бойлық бағытта орын ауыстырады. Аталған станоктардың арасында сондай-ақ әмбебап жоңғылау ста­ноктары бар. Олар бірқатар бұрандалы бунақты жоңғылау және жұ­мыстардың басқа түрлерін орындау кезінде станок үстелін вертикаль осьтің айналасында белгілі бұрышқа (±45…50о) бұруға болатынымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ жалпы тағайындалған станоктарға бойлық-жоңғылау станоктары жатады: бір горизонталь айналдырығы бар бір жақты, екі горизонталь айналдырығы бар екі жақты және горизонталь, вертикаль айналдырықтары бар көп айналдырықты.

Арнайы жоңғылау станоктарына шет жақты-жоңғылау, консоль­сыз-жоңғылау, айналатын үстелдері бар айналма-жоңғылау, әр түрлі фасондық беттерді өңдеуге арналған көшіргіш-жоңғылау, сондай-ақ бұрандалы-жоңғылау, кілтекті-жоңғылау, агрегатты-жоңғылау және т.б. жатады. Жоңғылау станоктарының әрбір типінің бірнеше моделі бар. 21.47-суретте әмбебап жоңғылау станогының жалпы түрі көрсе­тілген.

Іргетас тақтасына 1 орнақ 2 бекітіледі,оның жоғарғы бөлігінде аспаны 6 бекітуге арналған тұмсық 5 орналасқан. Орнақтың артқы жағынан электр қозғалтқыш 3 жинақталған,ол орнақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан жылдамдықтар қорабы арқылы айналдырықты 9 айналдырады. Құрал білікте 7 бекітілген жонғыш 8 айналдырықтан алынатын бас айналмалы қозғалысты жүзеге асырады. Жылдамдық­тар қорабы айналдырық айналымдарының санын ауыстырып қосу лимбімен 4 және батырмалы іске қосу панелімен жабдықталған.

Консоль 13 станок орнағында орналасқан вертикаль бағыттаушы­лар бойынша қозғалады. Консольдың жоғарғы бөлігінде үстел 10, үстелдің айналатын бөлігі 11 және жылжымалар 12 орналасқан.

Үстелде бекітілген, өңделетін тетіктің бойлық, көлденең немесе вертикаль қозғалысы болуы мүмкін. Тетігі (берілісі) бар үстелдің орын ауыстыруының барлық үш түрі консольда орналасқан беріліс­тер қорабы арқылы жеке электр қозғалтқышынан 14 механикалық түрде немесе маховиктер және тұтқалар жүйесінің көмегімен қолмен жүзеге асырылады.

Бекітілген тетігі бар үстелді жонғышқа келтіруге уақытты қыс­қарту және жұмыстық жүріс аяқталған соң тетікті қайтару мақса­тында берілістер қорабы үстелдің жылдам (бос) бойлық, көлденең және вертикаль қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Үстелді жартылай автоматтық немесе қолмен жұмыс істеу цикліне баптауға болады. 21.48-суретте вертикаль-жонғыш станоктың жалпы түрі көрсетіл­ген.

 

 

1 – іргетас тақтасы; 2 – тұғырық; 3 – электр қозғалтқыш; 4 – лимб; 5 – тұмсық;

6 – аспа; 7 – құрал білік; 8 – жонғыш; 9 – айналдырық; 10 – үстел; 11 – үстелдің
айналатын бөлігі; 12 – жылжымалар; 13 – консоль; 14 – электр қозғалтқыш

21.47-сурет – Әмбебап жоңғылау станогының жалпы түрі

 

Станокта кескіш құрал ретінде шет жақтық, шеттік, саусақты, кілтекті және басқа жонғыштарды пайдаланады. Іргетас тақтасына 1 орнақ 2 бекітіледі. Орнақтың жоғарғы бөлігінде айналдырығы 6 вертикаль орналасқан айналдырық бастиегі 5 бар. Айналдырықта бекітілетін жонғыш 7 бас айналмалы (вертикаль осьтің маңайында) қозғалысты жүзеге асырады, ол электр қозғалтқыштан 4 орнақта орналасқан жылдамдықтар қорабы және айналдырық бастиегінде болатын конустық тісті доңғалақтардың қосымша жұбы арқылы алынады. Айналдырық айналымдарының санын жылдамдықтар қора­бындағы берілістерді тұтқамен 3 ауыстырып қосу жолымен өзгертеді.

Станок консолі 10 орнақтың вертикаль бағыттаушылары бойын­ша жоғары және төмен қарай қозғалады. Консольда сәйкес бағыттау­шылар бойында – көлденең жылжымалар 9,ал соңғылары бойында үстел 8 қозғалады.

 

 

1 – іргетас тақтасы; 2 – тұғырық; 3 – тұтқа; 4, 11 – электр қозғалтқыштар;

5 – айналдырық бастиегі; 6 – айналдырық; 7 – жонғыш; 8 – үстел;

9 – жылжымалар; 10 – консоль

21.48-сурет – Вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі

 

Берісті бойлық, көлденең және вертикаль бағыттарда жүзеге асыру үшін үстелдің қозғалуы белгілі жылдамдықтар жинағы бар және консольдың 10 төменгі бөлігінде орналасқан берістер қорабы арқылы жеке электр қозғалтқышпен 11 қамтамасыз етіледі. Барлық берістер бағыттарында жеке тісті жұптар арқылы жүзеге асырыла­тын, үстелдің жұмыстық баяу және бос жедел қозғалысы бар.

Сандық бағдарламалы басқару қондырғысы (СБҚ) бар вертикаль-жоңғылау консольсыз станогы 21.49-суретте келтірілген.

 

Сандық бағдарламалы басқару қондырғысы (СБҚ) бар вертикаль-жоңғылау консольсыз станогындағы айқара үстелі (21.50-сурет) өзара перпендикуляр орналасқан екі координаттар х' (үстел 3 жылжымалар 2 бойынша орын ауыстырады) және у ' (жылжымалар 2 тұғырдың 1 бағыттаушылары бойынша орын ауыстырады) бойынша орын ауыстырады. Тіреуіштің 5 бағыттаушысы бойынша шпиндель бастиегі 4 орын ауыстырады (z координаты).

 

21.49-сурет-Сандық бағдарламалы басқару қондырғысы (СБҚ) бар вертикаль-жоңғылау консольсыз станогы

 

Сандық бағдарламалы басқару қондырғысы (СБҚ) бар жоңғылау станоктарында дайындамалар өңдеуді бірдей дәлдікпен беріс қуалай және беріске қарсы жоңғылаумен орындайды, өйткені беріс қорабында саңылау таңдау үшін құрылғы орналасқан. Құралға қатысты бір уақытта бірнеше координаттар бойынша дайындаманың бағдарламаланған орын ауыстырулары күрделі үлгілі беттерді алуға мүмкіндік береді.

Бойлай-жонғыш білдектер үлкен салмақты және өлшемді дайындамаларды өңдеу үшін тағайындалған (корпустар, тұғыр, беріліс қораптар, рамкалы конструкциялар түрлері және т.б). бойлай-жонғыш білдектер 1250... 12000 мм ұзындықтары және 400... 5000 мм ені үстелдерімен бір және екі тіреулілерді құрады.

21.50, е-суретте көлемді жонғылау үшін көшіру-жонғыш жартылай автомат көрсетілген. Тұғырдың бағыттауыштары арқылы 1 бойлай бағытта тік үстел 6 орын ауыстырады. Үстелде дайындаманы және копирді бекіту үшін жабдықтар орнатылады. Тіреуде 2 тіреудің тік бағыттауыштары арқылы орын ауыстыратын жонғыш бастиек 3 бекітілген. Жонғыш бастиек және онымен бірге берік бекітілген щуппен 5 қадағалау құрылғысы 4 айналдырықтың осімен орын ауыстырады. Білдектің жұмысы кезінде щуп 5 1,5... 2 Н күшпен копирге жақындайды.

 

 
е ж

 

21.50-сурет–Жонғыш білдектердің негізгі түрлері

 

Күштің өзгерісі кезінде қадағалау құрылғысында жонғыш бастиектің қозғалысымен басқарылатын және копир профилімен сәйкестікте жонғының көлденең берілісінің қозғалысын қамтамасыз ететін электр сигналдар пайда болады. Жонғыш бастиектің тік берілісінің қозғалысы берілген контур шегінде шама және бағыт бойынша тұрақты болып қалады.

Өңделетін беттің профилі тапсырушы және қадағалаушы берілістердің қозғалысының қатынасынан тәуелді болады (x және y екі координаттық бағыттардар орын ауыстыру), олардың қорытқысы беттің берілген контурын анықтайды (контурлы-жонғылау). Кеңістікті-күрделі беттердің өңдеуін параллель жұмыс жүрістермен-жолдар арқылы жүзеге асырады. Әрбір жол – бұл контурлы жонғылау. Жұмыс жүрісінің аяғында дайындамалары бар үстел жолдың еніне бойлық бағытта жонғыға қатысты орын ауыстырады және z үшінші координата бойынша өңдеу – келесі жұмыс жүрісі орындалады.

Көлемдік жонғылау сандық бағдарламалы басқару қондырғысымен (СББ) жонғылау білдектерінде едәуір тиімді жүргізіледі. Жонғылардың және дайындамалардың қажетті қатысты орын ауыстырулар параметрлік түрде сәйкес профилдің копир білдегінде орнату жолымен берілетін көшіру-жонғылау жартылай автоматтардан ерекшелігінде СБҚ мен білдектерде аспаптық қажетті траектория туралы ақпарат бағдарлама тасушыда жазылады.

Кейбір жағдайларда, мысалы, үлкен габаритті өлшемдермен үлгілі беттерді өңдеу кезінде СБҚ мен білдектер ауыстырылмайтын болады. СБҚ мен жонғыш білдектер негізінде төрт жағынан қайта орнатуысыз корпусты бөлшектердің кешенді өңделуі үшін тағайындалған көп арнаулы білдектер шығарылады.

21.50, ж-суретте көп арнаулы жонғыш-бұрғылау- кеңейжонғыш білдек келтірілген. Тұғырдың көлденең бағыттауыштары арқылы 1 х' және у' координаталар бойынша бойлық және көлденең орын ауыстыру жүзеге асырылатын айналма үстел 6 орын ауыстырады. Тіреудің тік бағыттауыштары арқылы 2 айналдырықты бабка орын ауыстырады (z координатасы бойынша беріліс қозғалысы). Аспаптық магазинде 4 берілген дайындаманы өңдеу үшін қажетті әртүрлі аспаптар болады. Бағдарлама бойынша олар айналдырыққа автоматты тұтқамен 3 беріледі және сол жерде бекітіледі.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы| Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)