Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және қолданылу саласы. Сүргілеу станоктары конструкциялық және технологиялық бел­гілерге

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Сүргілеу станоктары конструкциялық және технологиялық бел­гілерге байланысты бірқатар қосалқы топтарға бөлінеді: көлденең-сүргілеу, бойлық-сүргілеу, қашау (вертикаль-сүргілеу) және арнайы. Әрбір қосалқы топта конструкциялық ерекшеліктерімен өзгешелене­тін станоктардың бірнеше типі бар. Сүргілеу тобы станоктарының маңызды жетістігі олардың әмбебаптылығы, конструкциясының қара­пайымдылығы және қарапайым және қымбат емес құралдарды пайда­лану мүмкіндігі. Сүргілеу станоктары ұсақ сериялы және дара өнді­рістерде қолданыс табады. Олар орнақтар, корпустар, рамалар, баға­налар және т.б. дайындамаларының ұзын өлшемді беттерін өңдеу үшін кеңінен қолданылады.

Сүргілеу станоктары тобынан көлденең-сүргілеу және бойлық-сүргілеу станоктары аса жиі қолданылады. 21.36-суретте көлденең-сүргілеу станогының жалпы түрі көрсетілген. Орнақта 1 жылдамдық­тар қорабы және қос иін-кулиса механизмі орналасқан, олар электр қозғалтқыштан 2 сырғымаға 4 және үстелге 10 қозғалыс береді. Сыр­ғыма – басты (қайтымды-ілгерілемелі) қозғалысты, ал үстел берістің көлденең қозғалысын алады. Сырғыманың шетінде қайырмалы кес­кіш ұстағышы 9 бар суппорт 8 жинақталған.

Сырғыманың қосарлы жүрістерінің қажетті санын анықтауға басқару тұтқаларымен 3 қол жеткізіледі. Жылжымалы қысқышы бар 5 сырғымадағы 4 кертік станокты баптау кезінде сырғыманы қайта орнату үшін қызмет атқарады. Кесу тереңдігін реттеуді тұтқа 7 айнал­ғанда кескіші бар суппортты көтеру немесе түсіру жолымен жүзеге асырады.

Өңделетін тетікті тікелей үстелде немесе машина қысқыштарын­да бекітеді. Үстел қырылдау механизмі 13 және берістер жүйесі арқылы кулиса тісті доңғалағы білігінен көлденең қозғалыс алады. Үстелдің вертикаль айналуы станоктың қарама-қарсы жағынан орна­ласқан тұтқамен қосылған бұранданың 12 айналуымен жүргізіледі. Үстелдің аса қатаң бекітілуі үшін ұстап тұратын кронштейн 11 бар болады. Көлбеу беттерді сүргілеу кезінде суппортты белгілі бұрышқа айналдырады. Станокты қосу мен сөндіруді пульт 6 батырмасына басу арқылы жүргізеді.

 

 

1 – тұғырық; 2 – электр қозғалтқыш; 3 – басқару тұтқасы; 4 – сырғыма; 5 – қысқыш;

6 – пульт; 7 – тұтқа; 8 – суппорт; 9 – кескіш ұстағыш; 10 – үстел; 11 – кронштейн;

12 – бұранда; 13 – қырылдау механизмі

21.36-сурет – Көлденең-сүргілеу станогының жалпы түрі

 

21.37-суретте бойлық-сүргілеу станогының жалпы түрі көрсетіл­ген. Орнақтың 1 бүйірлері бойында маңдайшамен 7 қосылған, екі вертикаль тіреуіш 6 және 8 орналасқан. Орнақтың бағыттаушылары бойында үстел 2 қозғалады, оның жоғарғы жазықтығында өңделетін дайындаманы бекітуге арналған Т тәрізді ойықтар орналасқан.

Үстел дайындамамен бірге бұрамдық-рейкалы беріліс пен редуктордың көмегімен тұрақты токты электр қозғалтқыштан алына­тын басты (қайтымды-ілгерілемелі) қозғалыс жасайды. Вертикаль тіреуіштерде бағыттаушылар бойымен дербес электр қозғалтқыштан орын ауыстыратын траверса 4 орналасқан. Траверсада тетіктің гори­зонталь жазықтықтарын өңдеуге арналған кескіштері бар суппорттар 5 және 9 орналасқан. Екі суппорттың да траверсаның бағыттаушыла­ры бойынша электр қозғалтқыштардан көлденең берісі бар. Метал­дың жаңа қабатын алу үшін суппорттардың вертикаль берісі травер­саның орнын ауыстырумен жүзеге асырылады.

 

 

 

1 – тұғырық; 2 – үстел; 3, 10 – вертикаль жазықтықтарды өңдеуге арналған суппорттар;

4 – траверса; 5, 9 – горизонталь жазықтықтарды өңдеуге арналған суппорттар;

6, 8 – тіреуіштер, 7 – маңдайша

21.37-сурет – Бойлық-сүргілеу станогының жалпы түрі

 

Тетіктің вертикаль жазықтықтарын өңдеу үшін тіреуіштерде 6 және 8 орналасқан суппорттарды 3 және 10 пайдаланады. Сондай-ақ олар бағыттаушы тіреуіштердің бойында өз бетімен орын ауыстыра­ды. Мұндай типті станоктарды әдетте сүргілеу ауданы үлкен ірі дайындамаларды өңдеу үшін қолданады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Және қолданылу саласы| Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)