Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түрлері

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Адсорбент характеристикалары мен түрлері.
  3. Асақаналық және оның түрлері.
  4. Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы
  5. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
  6. Ылмыс құрамының түрлері.

Жону тобының станоктарында орындалатын жұмыстардың кең спектрі жону кескіштерінің әр түрлі типтерін білдіретін, қолданыла­тын кескіш құралдың алуан түрін анықтайды. Кез келген кескіш кесу бөлігінен және оның көмегімен оны бекіту жүзеге асырылатын денеден (ұстағыштан) тұрады. Кескіштер конструкциясы тағайында­луына байланысты олардың әр түрлі қималы – квадрат, тік бұрышты, дөңгелек және арнайы ұстағышы болуы мүмкін екендігін көздейді.

21.18-суретте жону кескіштерінің әр түрлі типтері берілген. 21.1-кестеде токарлық кескіштердің үлгілері келтірілген.

Кескіш бастиегінің пішініне және оның ұстағышқа қатысты орна­ласуына байланысты кескіштер сол 1 және оң 2; түзу – 4, 6 және 7; қайырылған – 9, 11; бастиегі тартылған кескіштер – 3, 5 деп бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша кескіштер айналу денелерінің сыртқы беттерін өңдеу кезінде қолданылатын өтпелі – 4, 7, 8 және 9, шет жақ беттерін өңдеу үшін пайдаланылатын тілімдейтін – 11, 12, дайын тетікті дайындамадан кесіп алуға арналған қиғыш – 3, 5 деп бөлінеді. Егер қиғыш кескіш жылжуы кезінде тетіктің осіне дейін жеткізілмесе, онда бунақ түзілетін болады.

 

 

 

1, 2 – сол және оң (өтпелі); 3, 5 – қиғыш; 4, 7, 8, 9 – өтпелі; 10, 15 – сыртқы және ішкі бұрандаларды кесуге арналған; 11, 12 – тілімдейтін; 13, 14 – кеулей жонылатын;

6, 16 – фасонды; 17 – көп қырлы тілімшелері бар

21.18-сурет – Жону кескіштерінің типтері

 

Кеулей жонылатын кескіштер – 13 (өтпелі) және 14 (таянышты) дайындамадағы тесіктерді кеулей жону үшін қолданылады. Фасонды кескіштердің 16 арнайы пішінделген кесу жиегі бар, оның пішіні өңделетін дайындамада көшіріледі. Фасонды кескіштердің алуан түрлерінің бірі ретінде сыртқы 10 және ішкі 15 бұрандаларды кесуге арналған бұрандалы кескіштерді немесе пішінді бунақтарды 6 алуға арналған кескіштерді атауға болады. Орындалатын жұмыстардың сапасына байланысты кескіштер қаралтым және таза болып бөлінеді. Таза кескіштердің кескіш ұшы жұмырлануының үлкен радиусы 7, тазартатын кесу жиегі немесе кең кескіш жүзі 8 болуы мүмкін. Қазір­гі уақытта барлық кескіштердің 80…85 %-ы қатты қорытпалардан жасалған тілімшелермен жасақталған (6.2.8-бөлімді қараңыз), олар кескіш құралдың бастиегінде әр түрлі тәсілдермен бекітіледі. Қайта жонылмайтын көп қырлы тілімшелері 17 бар кескіштер аса кең таралған. Кезекті жиегі мұқалған соң тілімшені келесі қырымен айналдырып қояды, ал барлық қырлары мұқалған соң қайта өңдеуге жібереді.

 

21.1-кесте –Токарлық кескіштердің үлгілері

   
Қатты қорытпалы қайта қайратылмайтын тілімшелері бар механикалық бекітілген өтпелі кескіштер
  Тілімдейтін кескіш   Дәнекерленген киғыш кескіш
  Өтпелі кескіш   Сол кеңейжоңғыш тілімдейтін кескіш
    Кеңейжоңғыш бұранда кескіш Сұлбалы кескіш

 

Дайындамаларды жону станоктарында өңдеу үшін оларды орнату және бекіту әмбебап және арнайы деп бөлінетін әр түрлі құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Сол немесе басқа құрылғыны таңдау ең алдымен дайындаманың конструкциясына және өңделетін беттің түріне, станоктың типі мен моделіне, қабылданған базалау сұлбасына, өңдеудің талап етілетін сапасына және өндірістің қабылданған типіне байланысты болады.

Аса кең таралған және әмбебап құрылғылар: центрлер, люнеттер, патрондар, планшайбалар және құрал біліктер болып табылады.

Центрлер біліктерді L / D > 4 ара қатысымен өңдеу кезінде қолданылады. Дайындаманы центрлерде орнату үшін біліктің шет жақтарында центрлік тесіктердің бар болуы болып табылады. Біріншісі – айналдырықта, ал екіншісі артқы тұғырда орнатылады. Конструкциясы бойынша центрлер қозғалмайтын және айналмалы деп бөлінеді. Жылжымайтын таяныш центрі конустан тұра­ды, оған өңделетін тетіктің және артқы тұғырдың сүйеу төлкесіне орнатылатын конус сағасының шет жағы тіреледі.

Жоғары жылдамдықтарда немесе тетікке түсетін үлкен жүктеме­лерде жону кезінде ұштары қатты қорытпалардан жасалған центрлер­ді қолданады немесе айналмалы центрлерді пайдала­нады. Ұштықтың түрі бойынша центрлерді тіреуіш, кесілген, шарикті және кері деп бөлуге болады. Шыбықты тетіктердің сыртқы цилиндрлік беттерін (біліктерді, осьтерді) әдетте өтпелі кескіштерді пайдалану кезінде қозғалмайтын люнеті бар центрлерде бойлық жонуға ұшыратады.

Планшайбаның орнына қауіпсіз қамыты бар жетектеме патронды жиі қолданады. Станоктың алдыңғы тұғырындағы центр және қамыт жетектеме патрон корпусымен қорғалған, онда қамытты тетікпен айналдыратын жетектеме саусақ орналасқан.

Люнеттер кесу процесінде дайындама деформацияларын (иілі­сін) азайту үшін қолданылады (L / D > 10 болғанда). Олар қозғалмалы және қозғалмайтын болады. Үлкен жылдамдық­тармен жону кезінде люнеттердегі кәдімгі таяныштардың орнына аунақшалы немесе шарикті мойынтіректерді орнатады, олардың сыртқы сақиналары айналатын тетіктің бетіне жанасатын аунақша­лардың қызметін атқарады. Жылжымалы люнетті суппорттың күймешесіне бекітеді. Оның тетіктің өңделген бетіне қатысты және кескіштің қысымын өзіне қабылдайтын екі таянышы бар. Жону станогында ауыр және ұзын өлшемді тетікті өңдеу кезінде оның бір ұшын патронда бекітеді, ал екіншісі артқы тұғырдың центрімен ұсталынып тұрады. Бұл тетікті қатты және сенімді бекіту үшін қажет.

Патрондарды тетіктің бос ұшын артқы тұғырдың центрімен ұстап тұрмай L / D ≤ 4 ара қатысы бар дайындамаларды өңдеу кезінде жону, жону-бұранда кесу, револьверлі және басқа станоктарда айтарлықтай кеңінен қолданады. Патрондар жетектеме, үш жұдырықшалы, төрт жұдырықшалы, цангалы және т.б. болады. Патрондар жұдырықшаларының жетегі механикалық, пневматика­лық, гидравликалық және электрлік болуы мүмкін және негізінде станокты автоматтандыру деңгейіне байланысты болады.

Үш жұды­рықшалы өздігінен центрленетін патронды симметрия­лы тетіктерді бекіту үшін пайдаланады. Бұл патронда жұдырықшалар 1 радиал жылжиды. Төрт жұдырықшалы патронда патрон корпусының радиал ойықтарында бекітілген жұдырықшалардың 1 әрқайсысы тәуелсіз орын ауыстырады. Бұл патрондарды күрделі және симмет­риялық емес пішінді тетіктерді орнату және бекіту үшін қолданады. Тілімшелер жазықтықтарын және басқа жазық тетіктерді өңдеуді тұрақты магнитпен жабдықталған патрондарда жүргізу ыңғайлы.

Планшайбаны симметриялы емес тетіктерді және оларды жұды­рықшалы патрондарда бекіту ыңғайсыз немесе мүмкін емес болатын, күрделі пішінді тетіктерді өңдеу кезінде қолданады. Планшайба 1 (21.19-сурет) станоктың айналдырығына бұралады және радиал ойық­тары бар дискіні білдіреді.

 

 

1 – планшайба; 2 – бұрыштық; 3 – өңделетін тетік; 4 – тең салмақ

21 .19-сурет – Тетікті планшайбаға бекіту

 

Өңделетін тетікті (келте құбырды) 3 планшайбада болттармен бекітеді. Егер мұндай бекіту қиынға соқса, онда алдымен бұрыш­тықты 2 қояды, сонан соң оған өңделетін тетікті бекітеді. Бекітілген тетік тең салмақпен 4 теңестіріледі. Планшайбадағы тетікті жону кезінде кескіштерді орындалатын жұмыстың түріне байланысты қолданады. Келте құбыр ернемегін өңдеу кезінде тілімдейтін кескішті пайдаланады.

Құрал білікті төлкелер, сақиналар, стакандар және т.с.с. типті дайындамаларды станокта өңдеу кезінде қолданады. Конструкциялық орындалуы бойынша құрал біліктер конустық, цангалық, гидро­қабаттық және т.б. болады. Құралдарды орнату және бекіту үшін қолданылатын құрылғылар аспаптық блоктар деп аталады. Револьверлі станоктарға және сандық-программалық басқарылатын (СПБ) станоктарға аспаптық блоктарды қолдану тән болады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1201 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Металдарды кесудің негізгі параметрлері | Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары | Сурет – Кескіш бұрыштары | Кесу процесінің физикалық мәні | Кесу аймағындағы байланыстық процестер | Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар| Және оның технологиялық мүмкіндіктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)