Читайте также: |
|
Егер N 1– N 1 қосымша қию жазықтығын қосымша кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясына перпендикуляр жүргізсек, онда қосымша артқы бұрышты α1 аламыз. Бұл бұрышты көбінесе 8…10о аралығында қабылдайды.
Көріністегі кескіштің бұрыштарына басты бұрышты φ, қосымша бұрышты φ1 және ұшының жанындағы ε бұрышын жатқызады. Бұл бұрыштар кескіштің төзімділігіне және кесу жылдамдығына әсер етеді.
Көріністегі басты бұрыш φ – басты кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясы мен беріс бағыты арасындағы бұрыш. Ол өңдеу түріне, кескіш типіне, өңделетін тетіктің және кескіштің қаттылығына және басқа факторларға байланысты 30…90о аралығында өзгереді.
Қосымша кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясы мен беріс бағыты арасындағы бұрышты көріністегі қосымша бұрыш φ1 деп атайды. Бұл бұрышты 10…15о тең етіп қабылдайды.
Көріністегі ұшының жанындағы бұрыш ε басты және қосымша кескіш жиектердің негізгі жазықтыққа проекцияларымен құрылады. Бұл бұрыш неғұрлым үлкен болса, кескіштің төзімділігі соғұрлым артық болады. ε бұрышын мына ара қатыстан табады:
ε = 180о – (φ + φ1).
Кескіштің басты кесу жиегінің көлбеу бұрышы λ (21.8-сурет) басты кескіш жиекпен және кескіштің ұшы арқылы негізгі жазықтыққа параллель жүргізілген жазықтықпен құрылған. Егер кескіштің ұшы кесу жиегінің ең төмен нүктесі болып табылса, ол оң болып саналады (21.8-сурет, а), кескіштің ұшы кесу жиегінің ең жоғары нүктесі болғанда – теріс (21.8-сурет, б) және егер кесу жиегі негізгі жазықтыққа параллель болса, нөлге тең болады (21.8-сурет, в).
|
|
|
а – оң; б – теріс; в – нөлге тең
21.8-сурет – Кескіштің басты кесу жиегінің көлбеу бұрыштары
λ бұрышы жоңқаның жиналу бағытын анықтайды. λ бұрышының мәні нөлдік немесе оң болғанда, жоңқа беріске кері бағытта шығады. λ бұрышының мәні оң болғанда кескіш бастиегінің аса үлкен беріктік сипаттамалары болады, бұл мұндай қайраудың қаралтым кескіштер үшін қолданылуын қамтамасыз етеді, олар жұмыс істегенде өңделген беттің сапасына жоғары талаптар қойылмайды.
λ бұрышының теріс мәні бар кескіштерде жоңқа беріс бағытында шығады, яғни кескішті басып озады. Мұндай кескіштің ұшы үшкір және аса төмен беріктік сипаттамалары болады. Сондықтан бұл кескіштерді таза өңдеу үшін қолданады, ол кезде аз қималы жоңқа құрылады және өңделген беттің сапасына жоғары талаптар қойылады. λ бұрышының шамасы –5о-тан +5о-қа дейінгі диапазонда таңдалады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 476 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары | | | Кесу процесінің физикалық мәні |