Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері

Читайте также:
  1. Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу
  2. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу
  3. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары
  4. Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы
  5. Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері
  6. Металдарды кесудің негізгі параметрлері

МЕТАЛДАРДЫ КЕСУМЕН ӨҢДЕУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Металдар мен металл кескіш станоктарды кесу

Процесі туралы жалпы мәліметтер

Машиналар мен механизмдердің барлығы дерлік тетіктері тек кесумен механикалық өңдеуден кейін ғана сызбамен берілген түпкілікті пішіндер мен өлшемдерді иеленеді. Өңдегенге дейін болашақ тетік дайындама деп аталады. Өңдеу процесінде одан өңдеуге әдіп және кенерме деп аталатын артық металды жою қажет. Конструкциялық материалдарды кесумен өңдеу металл кескіш станоктарды құралмен механикалық өңдеуге әдіптен алу жолымен дайындаманың пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге және алынатын тетік бетінің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердің жиынтығын білдіреді.

Алынатын тетіктер бетінің пішініне және сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты дайындамаларды өңдеуді әр түрлі механикалық тәсілдермен: жонумен, жонғылаумен, сүргілеумен, бұрғылаумен, тарта жонумен, ажарлаумен және т.б. жүргізуге болады. Өңдеу тәсілдерінің әрқайсысы сәйкес жабдықта жүзеге асырылады және өзінің қолданылу саласы болады. Жоғары өнімді станоктарды, құрылғылар мен жылдам кесетін материалдардан жасалған қазіргі заманғы кескіш құралдарды пайдалану жолымен дайындамаларды өңдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапты. Бұл өндірістің өнімділігін едәуір жақсартуға, оларды механикалық өңдеудің өзіндік құнын бір мезгілде төмендету кезінде тетіктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Материалдарды кесумен өңдеу процесінде жүретін заңдылықтар­ды зерделеу, кескіш құралдар конструкцияларын, құрылғылар мен металл кескіш станоктарды жетілдіру, әсіресе кесу процестерін ұтымды басқару үшін де, қазіргі заманғы машиналар үшін тетіктерді өндірудің аса жетілген технологиялық процестерін әзірлеу және ендіру үшін де маңызды.

 

Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері

Металдарды кесумен өңдеу әдістері өз араларында пайдаланыла­тын кескіш құралдың конструкциясымен және құралмен жасалатын салыстырмалы қозғалыстар сипатымен және металл кескіш станокта өңделетін дайындамамен ерекшеленеді. Тетіктің талап етілетін контуры құрал мен дайындаманың белгілі қозғалыстарының үйлесуі нәтижесінде алынады. Тетіктер беттерін кесумен өңдеу әдістерін жіктеу кинематикалық белгілерді (дайындама мен құрал қозғалыста­рының үйлесу принципі бойынша) және берілген өңдеу әдісінің мәнін анықтайтын белгілерді – жоңқа түзу шарттарын (кесу процесінің физикалық ерекшеліктерін) есепке алады. Осы принципке сәйкес кесумен өңдеудің барлық әдістерін төрт топқа бөледі: жону, бұрғы­лау, жонғылау, ажарлау және сүргілеу. Бұл топтарда өңдеу процесі тетік пен дайындама қозғалыстары әр түрлі үйлескенде болады.

Өңдеу процесін іске асыру үшін кескіш құралға және дайындама­ға бір-біріне қатысты қозғалыстарды хабарлау керек, олар негізгі, анықтаушы және қосымша деп бөлінеді.

Ол кезде дайындамадан әдіп кесілетін немесе өңделген беттің күйі өзгеретін қозғалыстар негізгі немесе кесу қозғалыстары деп аталады. Негізгі қозғалыс екеу: басты қозғалыс және беріс қозғалысы. Әрбір топтың ерекше белгісі басты қозғалыстың немесе кесу қозға­лысының түрі және бағыты болып табылады, оның процесінде әдіп кесіледі.

Кесу жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс не айналмалы, не түзу сызықты болып табылады. Ол дайындамаға немесе кескіш құралға, ал бірқатар жағдайларда бір мезгілде дайындамаға және кескіш құралға хабарланады. Басты қозғалыс жоңқаның бөліну жылдамдығын анықтайды. Кесілетін қабаттың шамасын анықтайтын қозғалыстар беріс қозғалыстары болып табылады. Беріс қозғалысы кескіш құралдың металдың жаңа қабаттарына үздіксіз ойып орнатылу және бүкіл өңделетін беттен жоңқаны алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Келесі беріс қозғалыстары бар: бойлық, көлденең, дөңгелекті, шеңберлі, тангенциалды. Басты жұмыс қозғалысының және беріс қозғалысының жылдамдықтары v және s деп белгіленеді.

Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері 21.1-суретте көрсетілген. Жону кезінде (21.1-сурет, а) дайындама – айналмалы қозғалыс (кесу қозғалысы – v), ал кескіш құрал (кескіш) – дайындама осінің бойында ілгерілемелі қозғалыс (беріс қозғалысы – s) жасайды. Сыртқы да, ішкі де айналу беттерін жонғанда басты қозғалыс тетік осінің маңайында айналу болып табылады.

Көптеген жағдайларда бұрғылау кезінде (21.1-сурет, б) кескіш құралға (бұрғыға) бір мезгілде екі қозғалыс хабарланады: айналмалы (кесу қозғалысы – v), ол басты қозғалыс болып табылады және түзу сызықты ілгерілемелі (беріс қозғалысы – s); сонымен бірге дайындама кесу процесінде қозғалыссыз қалады.

Жонғылау кезінде (21.1-сурет, в) кескіш құрал (жонғыш) айналмалы қозғалысты v алады, ол басты қозғалыс болып табылады (кесу қозғалысы), ал дайындама – құралдың айналу осіне s перпендикуляр ілгерілемелі (беріс қозғалысы).

а – жону; б – бұрғылау; в – жонғылау; г – көлденең-сүргілеу;

д – көлденең-сүргілеу; е, ж – ажарлау

21.1-сурет – Металдарды кесумен өңдеудің негізгі түрлері

Ажарлау кезінде (21.1, е, ж-сурет,) кескіш құрал (ажарлағыш шарық тас) – айналмалы қозғалысты vа алады (кесу қозғалысы), ал дайында­ма шеңберлі vшжәне түзу сызықты берісті s (цилиндрлік беттерді ажарлау кезінде) және түзу сызықты берісті(жазықтықтарды ажарлау кезінде) алады. Ажарлау әдістері қажақты құралдың жұмыс ерекшеліктерімен сипатталады.

Көлденең-сүргілеу станоктарында сүргілеу кезінде (21.1, г, д -сурет) түзу сызықты қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс (кесу қозғалысы v) – кескішке, ал беріс қозғалысы s дайындамаға хабарланады. Көлденең-сүргілеу станоктарында жұмыс істегенде кесу қозғалысы – өңделетін тетікке, ал беріс қозғалысы кескішке хабарланады.

Жону әдістері беттерді өңдеу кезінде кесу процесінің үздіксіздігі­мен сипатталады. Жонғылау әдісіне кесу процесінің және жоңқа түзілуінің үзіктілігі тән, оның қалыңдығы нөлден қандай да бір максимум шамаға дейін және керісінше өзгереді.

Сүргілеу – жону және жонғылау арасындағы аралық процесс. Оны кесу қалыңдығы тұрақты, бірақ басты қозғалыс өңделетін бетке қарай түзілушінің бойына бағытталғанда, айналу беттерін және жазықтықтарды өңдеу кезінде жұмыстағы үзілістермен жонудың жеке жағдайы ретінде қарастыруға болады. Сүргілеуді басты қозғалыс өңделетін бетке жанама бойымен бағытталғанда, айналма беттерді және бұрандалы беттерді өңдеу кезінде жонғылаудың жеке жағдайы ретінде қарастыруға болады.

Орындалатын жұмыстардың сипатына және қолданылатын кескіш құралдың түріне байланысты басты қозғалысты және беріс қозғалысын дайындамаларды өңдеу әдістері және олармен бірге қолданылатын металл кескіш станоктар топтары анықтайды. Металдарды кесумен өңдеудің қарастырылған негізгі түрлерінен кез келген металл кескіш станок жұмыс істегенде қозғалыстың екі негізгі түрінің болуы қажет екендігі шығады: басты қозғалыс (кесу) және беріс қозғалысы. Осы қозғалыстардан басқа, сондай-ақ қосымша қозғалыстар қажет: анықтаушы және қосымша. Дайындамадан әдіпті кесуге кіріспес бұрын, кескіш құрал мен дайындаманы анықталған өзара қалыпта орнату қажет. Ол үшін орындау қажет болатын қозғалыстар анықтаушы деп аталады.

Өңдеу процесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ дайындамалар мен құралдарды бекіту және ажырату, станокты қосу және сөндіру, тетіктерді өлшеу және т.б. қажет. Мұндай қозғалыстар қосымша деп аталады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 3194 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Металдарды кесудің негізгі параметрлері | Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары | Сурет – Кескіш бұрыштары | Кесу процесінің физикалық мәні | Кесу аймағындағы байланыстық процестер | Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
линейные Дифференциальные уравнения высших порядков| Тетік бетінің түзілу әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)