Читайте также:
|
|
Дайындамадан металл қабатын кесу және оның деформациялануы өңделетін дайындамаға құрал жағынан түсірілген сыртқы кесу күшінің әсерінен болады (21.11-сурет). Осы күштің әсерінен жоңқаның түзілу аймағында кескіштің алдыңғы бетіне қалыпты әсер ететін (21.11-сурет, а), Р с1 (серпімді деформация) және Р и1 (илемді деформация) күштері және кескіштің артқы бетіне қалыпты әсер ететін, Р с2 және Р п2 күштері пайда болады. Қалыпты күштердің бар болуы кескіштің сәйкесінше алдыңғы және артқы беттерінің бойында әсер ететін, Т 1 = μ1(Р у1 + Р и1) және Т 2 = μ2(Р с2 + Р и2) үйкелу күштерінің пайда болуына әкеледі (μ1, μ2 – кескіштің сәйкесінше алдыңғы және артқы беттеріне арналған үйкелу коэффициенттері). Бұл жүйені тең әсерлі кесу күшіне келтіреді:
R = Р с1 + Р с2 + Р и1 + Р и2 + Т 1 + Т 2.
Кесу күшін R түсіру нүктесі құралдың басты кесу жиегінде орналасқан деп есептейді. Өңдеу процесінде тең әсерлі кесу күшінің R абсолют мәні, түсіру нүктесі және бағыты айнымалы болады. Мұны дайындама материалы құрылымының біртексіздігімен және оның өзгеретін беттік қаттылығымен, металдың кесілетін қабатының тұрақсыздығымен, қалыптау және құю еңістерінің бар болуымен, кесу процесінде γ және α бұрыштарының өзгеруімен түсіндіруге болады.
|
|
21.11-сурет – Дайындаманы кесу кезіндегі күштердің бағыты (а)
және кесу күштерін құраушыларға ыдырату (б)
Есептеулер үшін тең әсерлі кесу күшін R емес, үш өзара перпендикуляр бағытта – металл кескіш станоктың координаталық осьтері бойында әрекет ететін оның құраушыларын (Рz, Py, Рх) пайдаланады (21.11, б -сурет).
Кесу күшінің басты құраушылары Рz бағыты бойынша жүзінің ұшындағы кесудің басты қозғалысының жылдамдығымен v сәйкес келеді. Рz күші бойынша кесу процесін қамтамасыз ету үшін қажетті станоктың қуатын анықтайды, тетіктерді және жылдамдықтар қорабының тораптарын беріктікке, кескіш құралдың беріктігін есептейді.
Кесу күшінің радиал құраушысы Ру кесудің жүзінің ұшына қарай айналмалы қозғалу радиусы бойынша (дайындама осіне перпендикуляр) бағытталған. Рy күші бойынша тетіктің иілісін және станоктың қаттылығын анықтайды. Тетіктің және құралдың деформациясын радиал бағытта анықтайтын бұл күш өңдеу дәлдігіне әсер етеді.
Кесу күшінің осьтік құраушысы Рx кесудің басты айналмалы қозғалысының осіне параллель әсер етеді. Рх күші бойынша станоктың бойлық берілісінің механизмін және кескіштің өзегіне әсер ететін ию моментін есептейді.
Тең әсерлі кесу күші үш құраушы векторларының қосындысы ретінде анықталады:
Ол дайындаманың кесу жиегінің жанасу сызығының центрінде шартты орналасқан. Рх, Ру және Рz арасындағы ара қатыс құралдың геометриялық параметрлеріне, кесу режиміне, өңделетін дайындаманың физика-механикалық қасиеттеріне, кескіштің тозу дәрежесіне, өңдеу шарттарына байланысты болады. Тәжірибелік деректер бойынша болатты 45 өңдеу кезінде көріністегі бұрышы φ = 45о кескіштер үшін Рх, Ру және Рz күштері арасында келесі ара қатыстар белгіленген: Рх/Рz = 0,15…0,30; Ру / Рz = 0,30…0,50.
Ең үлкен құраушы Рz күші болып табылады. Ол өңделетін тетікте бұрау моментін тудырады, оны мына формула бойынша анықтайды:
Мб = РzD/ 2,
мұнда D – өңделетін дайындаманың диаметрі, мм.
Кесілетін қабаттың көлденең қимасының ауданы неғұрлым үлкен және өңделетін металдың беріктік сипаттамалары жоғары болса, кесу күштерінің шамасы соғұрлым үлкен болады. Кесу жылдамдықтары ұлғайғанда кесу температурасының жоғарылауы және жоңқа мен құрал арасындағы үйкелу шарттарының өзгеруі есебінен күштер біршама төмендейді. Кесу күштеріне әр түрлі факторлардың әсер етуі өте күрделі, сондықтан оларды анықтау үшін нақты өңдеу шарттарын есепке алатын, жалпыланған эмпирикалық формулаларды пайдаланады.
Кесу процесінде тетік пен кескіш оларды күштердің әрекет ету бағытында жартылай қысылуына (жылжуына) әкелетін, серпімді деформацияға ұшырайды, ол өңдеу қателіктері себептерінің бірі болып табылады. Сонымен Рz күші кескішті төмен қарай қысады, ал кескіш өз кезегінде тетікті жоғары қарай июге ұмтылады. Рх күші кескішті бойлық беріліске қарама-қарсы бағытта қысады және оның шамасын төмендетуге ұмтылады. Ру күші кескішті өңделетін тетіктен тебеді де, кесу тереңдігін азайтуға ұмтылады. Сондықтан көрсетілген күштердің әрекетін есепке алып, тетіктің өлшемдерінің үлкен дәлдігін алу үшін таза өткенде кесілетін қабаттың қалыңдығын азайтады. Кесу күшінің құраушыларын біле тұрып, кесу процесін жүзеге асыру үшін қажетті, тиімді қуатты N кес анықтайды (кВт):
Nк ес = Рzv /(60·103) + Рхns б/(60·106),
мұнда n – дайындаманың айналу жиілігі, айн/мин; s б – бойлық беріліс, мм/айн.
Электр қозғалтқыштың қуатын (N қоз, кВт) анықтау үшін станоктың пайдалы әсер коэффициентін есепке алу қажет:
N дв = N кес/η,
мұнда η – станок берілістері механизмдерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК).
Сонымен, жону-бұранда кесу станоктары үшін η = 0,8…0,9; ажарлайтын станоктар үшін η = 0,8…0,85; сүргілейтін станоктар үшін η = 0,65…0,75.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 310 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кесу аймағындағы байланыстық процестер | | | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері |