Читайте также: |
|
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.
Тәрбие жұмысының формасы деп-бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмірсүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатынастары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрлымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды. «Тәрбие шарасы» топтық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы ретінде қарастырылады. (Н.Е. Щуркова бойынша)«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әркеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субьектісі тұрғысынан қарастырылады-үлкендердің (мұғалімдер,ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И.П. Иванова бойынша).
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысы оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді-белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қыл-қалам, табиғат, кітап оқу т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы: «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды? – тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым?» - дөңгелек стол «Батыл да, күшті ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады [10].
2. Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталды. Соның негізінде оқушылардың мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әркеттерге қатысады.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты-оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық, сезімдерін шындауда, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Сынып сағаты негізінде екі бағытта жүргізіледі. Бірінші, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Екіншісі, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандер конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.
Сонымен қатар, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын көздесе, өздері туып өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысуда тәрбие сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мысалы, табиғатты қорғауға қатысты тәрбие сағатын орман-тоғайда, кітапты таза әрі күтіп ұстауға қатысты мәселені ауыл жағдайында кітапханада, қала жағдайында баспалар үйінде т.с.с. өткізген жөн.
Әдетте сынып сағаты аптаның бір күні өткізіледі. Онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына байланысты оның ұйымдастыру формасы анықталады. Мүмкін сынып жиналысының міндеттері, ұйымдастыру формалары және тәсілдері әртүрлі болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады. Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
Тәрбие сағатын өткізуге дайындық барысына:
- Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін анықтау;
- Тәрбие сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау;
- Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
- Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әр түрлі амал-тәсілдерді ойластыру;
- Көрнекі құралдарын, музыкалық шығармашылық таңдау, бөлмені даярлау;
- Оқушылардың ұжымында ашық әңгіме, жайма – шуақ жағдай туғызу;
- Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау;
- Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орыны анықтау;
- Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.
Тәрбие сағатын өткізу құрлымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың мақсат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады.
Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемелық жаядаяттан немесе тақырыпқа қатысты кейбір деректерден мысал келтіру арқылы ұйымдастырылған жөн.
Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі.
Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген сөзіне аса жауаркершілікпен назар аударып отыруы,кезі келген жағадайда түзетулер енгізіп отыруы, қосымша сұрақтар қоюы, олардың назарын мәселенің басты идеясына бұрып, жетелеп, ой тастап, көмектесіп отыруы қажет.
1. Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
2. Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынаста тілектестігін ескертудің маңызы ерекше.
3. Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың мінез-құлқы турасында үгіт-насихат айтуға жол бермеу керек.
4. Тәрбие сағатының барысында оқушылардың орналасуы, кіммен парталас болу, таңдау құқығын өздеріне қалдыру.
5. Тәрбие сағатын өткізу тәжірбиесін жинақтауды біртіндеп дәстүрге айналдыру керек.
6. Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында оқушылардың жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу қажет (тыныштық сақтау, сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау, өкпеназ, талас тудырмау;). Мұндай дәстүрлі тәртіптің орнығуы оқушыларда жалпы мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
3. Сыныптан тыс тәрбие мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірбиені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегідей:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әртүрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұрады. Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірбиеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірбиесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде бастаған кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
- Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезім арқылы ақыл-ойына әсер етуді көздейді);
- Екіншіден баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді);
- Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
- Төтіншіден, коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда бірігіп сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару);
- Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдылану [11].
Осымша
Тақырыбы: Этнопедагогиканың элементтерін сабақ үстінде және сабақтан тыс шараларда тиімді қолдану.
Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс-қылықтарың етек жаюы-халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз. Жас ұрпақтың батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс салт үлгілерінің ықпал ете бастағаны жасырын емес. Академик Г.Н. Волков Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз қажет. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ – деп тұжырымдаған. Осыған орай назарларыңызға мынандай сызбалар ұсынамыз.
1 кесте
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1146 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | | | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. |