Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница

Читайте также:
  1. Castle of Indolence. 1 страница
  2. Castle of Indolence. 2 страница
  3. Castle of Indolence. 3 страница
  4. Castle of Indolence. 4 страница
  5. Castle of Indolence. 5 страница
  6. Castle of Indolence. 6 страница
  7. Castle of Indolence. 7 страница

Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

Тәрбие жүйесі не үшін қажет?

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің рөлі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:

- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі;

- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);

- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.

Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:

1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.

2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік.

3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау.

4. Оқушыларды мәңгілік, басым құндылықтарға бағыттау. Олар: Отан, отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілік, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.

Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу;

- Қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну;

- Бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);

- Барынша мәдениет пен білімділікті дамыту;

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы

­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

­ Сыныптың абырой беделі;

­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қорытынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұны, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.

Осымша

Тақырыбы: Жас ұрпақ әлеміне-тағылымды тәрбие.

Мақсаты: Тәрбие туралы жан-жақты таныстыру, оқушы бойында дұрыс ой, жаңа ұғым қалыптастыру, жақсы әдеп,әдет қасиеттерін арттыру.

Түрі: дәстүрлі тәлімдік сабақ

Әдісі: Ой қозғау, сұрақ- жауап талдау, жеке оқушымен топпен жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тәрбие бағыттары диаграммасы, «Ой қозғау» ойыны, буклет

Барысы:

Қазір парасатты, тәртіпті, тәрбиелі оқушылармен бірге тәрбие әлеміне саяхат жасап, «Тағылымды тәрбие- таңғажайып әлем» деген тақырыпта тәлімдік сабақ өтеміз.

Негізігі бөлім:

Тәрбие дегеніміз - баланың сезімін оятып, жақсылық жасауға, мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата-салтын,ана тілін құрметтейтін «үлкенге құрмет, кішіге- ізет» жасай білетін адам етіп баулу деген сөз.

Міне оқушылар сендердің бойларыңа тәрбие дәнін сеуіп, оны көгертіп, гүлдетіп, баптайтын ата-аналар мен ұстаздарың.

«Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, оның әр бағыты бізді неге үйретеді, үйренгеннен қандай жақсы үлгі аламыз, қандай азамат болып өсетінімізді болжайық.

Сурет

       
   
 

 

 


Еңбек

Әдептілік рухани құндылықтарды әсемдікке ұластыру арқылы өте жоғары ойлау қабілет ібар.
Нарық экономикасынан даму ұстанымдарына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеу
тәрбиесі

Т Адамгершілік

тәрбие

Экономи

Ұлттық білім тәрбие жүйелер негізінде тұлғаны дайындай отыра, өз ұлтының салт- дәстүрі, мәдениетін білуге, елін ардақтауға тәрбиелеу
калық

Денсаулық туралы кешенді ғылымнан түсінік қалыптастыру.
тәрбие

Ә Эстетикалық

тәрби

 

Халықтық Р

Салауаттылыққа

тәрбиетәрбиелеу

 

Адам денесінің, тұлғасының дамуы мен дене, күш – жігерін қалыптастыруын басқару
Оқушыларды ғылым негіздерімен, жүйелі білімдермен қаруландыру, танымдылығын арттыру.
б Дене тәрбиесі і

Ақыл-ой

 

Б

Экологиялық

Табиғатқа деген сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық сезімдерін, қоршаған ортаны қорғауға, күтуге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Тәрбие

Өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету, белсенді елжанды, тәуелсіз азамат- тұлғаны тәрбиелу.
И Құқы

тәрбиесі

Е

 

Қолғабыс ету,дос қадірін білу, шыншыл болу, әдепті, инабатты болу, барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына ұялата білу.

Мына тәрбиелі сөздер соның дәлелі.«Ағасына қарай інісі, анасына қарай сіңлісі», «әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені», «Жақсылық еккен, алғыс орады». т.б.

Эстетикалық тәрбие әсемдік, әдемілік сөздер саяды. Адам баласының талғам мәдениеті өте жоғары болуы керек. Ол сенің киім киюін, өз-өзіңді ұстауың, сөйлеу мәнерін, қимыл-қозғалысың, көпшілік ортада ғажап жан болып көрінуің сенің сұлулығынды, әдемілігіңді, жеке басыңның мәдениетін паш етеді.

Салауатты өмір салтына тәрбиелеу деп денсаулық және оны сақтау, кұру жолдарын үйретіп адам ағзасына кері әсерін тиізетін зиянды заттар: арақ, темекі,есірткіден аулақ болып, саналы салауатты болып үшін алдын-ала сақтандыру, дұрыс жолдарды таңдауды үйрету.

Дене тәрбиесі- адам баласы үшін бірден –бір қажет тәрбие. Деннің саулығы, мүсінінің сымбаттылығы, денсаулықтың күшті болуы, ең алдымен денені шынықтырудан, жаттықтырудан басталады.

Құқықтық тәрбие. Тәуелсіз елдің азаматтары өз елінде тыныш, тату, бірлікте өмір сүре отырып, өз құқығын толық пайдалана алады. Заңға бағынуға, қолдауға,е ңбек ету, отбасы, қоғамдағы жайларды айтуға құқылы.

Еңбек тәрбиесі. Еңбек адам өмірінде алатын орны зор. Еңбек етуге әдетке айналдыру, еңбексүйгіштік болу, еңбегі арқылы биікке көтерілген азаматтар туралы білу, оны бағалау,оған ұқсауға тырысу, қалаған істі тиянақты орындау, нәтижеге жетуге, ізденіске өзімізді тәрбиелеуіміз керек.

Экономикалық тәрбие. Қазіргі уақыттағы экономика жүйесін білу, жоқтан барды құрау, оны ұқсату, отбасы бюджетінің бөлінуін білу, зиян келтірмеуге тырысу, үнемшіл болу, ысырап етпеу және дұрыс пайдалана білу, өзімізді болашақ өмірге дайындап, өз бетінше өмір сүруге ұмтылуымыз керек.

Ұлттық тәрбие. «Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, халқымыздың бесік жырынан бастап, айтыс, ән-күй, өнер, тұсау кесу, шілдехана, сүндет тойы, беташар, салт-дәстүрлер әлі де тарихпен бірге жасасып келеді. Міне, ұлыларымыз ұлықтау, қадірлеу қасиеттерімізді жоймай, дәстүрді дәріптеп, ата- әже тәрбиесімен сусындап өсек бұл бір ғанибет емес пе? «Әкені көріп ұл өсер, ананы көріп қыз өсер», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда».

Ақыл-ой тәрбиесі сендердің таным қабілеттеріңді дамытып, білім қорын игеруге жол ашатын тәлім-тәрбиенің бір саласы. Біз, ұстаздар сендерді сайыстарға, додаларға, олимпиадаларға, танымдық ойындарға қатыстырып, ойлай білуге, саналы бәсекелестікке, көп білуге ұмтылуға дағдыландырып, соған сай біліммен қаруландырамыз. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп».

Экологиялық тәрбие. Қоршаған ортаны, жасып бау-бақты, аң-құсты, өзен- көлді, бір сөзбен айтқанда, табиғат әсемділігін сақтау біздің басты парызымыз.

Кесте

Адамгершілік тәрбиесі Эстетикалық тәрбие Салауатты өмір салтына тәрбиелеу Дене тәрбиесі
Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені Сөз мәнерің-өз мәнерің Әдемілік – кісілік бейнең. Заман азса адам азады. Арақ-арыңа Темекі-тегіне нұқсан   Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.

 

Құқықтық тәрбие Еңбек тәрбиесі Ақыл-ой тәрбиесі
Заңды білгенің-заманға ергенің Отан үшін отқа- күймесің Ерінбеген- емер Қажымаған жеңер Білімдінің күні жарық. Танымың-білімнің, ойын-өрісің.

 

Экономикалық тәрбие Экологиялық тәрбие Халықтық тәрбие
Үнем, обал, ысырап, оны білген ғажап Суға түкірме, көкті жұлма, Аққуды атпа, жәндікті жәбірлеме. Есікті керме, табалдырықты баспа отты өшірме. Үйге жүгіріп кірме.

 

1.2. «Тәрбие жүйесі» ұғымы. Мектептің тәрбие жүйесі балаларды әлеуметтендіру мен дамытуға мақсатты түрде бағытталған фактор ретінде.

Жоспары:

1.Мектептің тәрбиелік жүйесі, мәні мен құрылымы.

2.Тәрбие жүйесінің интегративтік сипаттары.

3.Тәрбие жүйесінің компоненттері, белгілері.

4.Тәрбие жүйесін бағалау критерийлері.

5.Отандық және шетелдік тәрбие жүйелерінің сипаттамасы.

1. Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды. Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады. Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек. Академик В.Д. Афанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:

-түпнұсқаның - жүйеге ұқсас, соған сай келуі;

-мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;

-субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтараптылық қатынаста болу;

-түпнұсқаның-жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы. Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады.

Ол үлгі жасау процесі-ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.Афанасьев). Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметтік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.[4]

Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуына келесі 4 кезеңді атауға болады:

1-кезең– жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін,мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2-кезең– жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);

3- кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 -кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің,әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).

Балаларды рухани бағытта, өмірде өзінің орнын табуға тәрбиелеу мемлекетті дамытудың негізі болып табылады. Дәл бүгінгі таңда мемлекетіміздің болашағы кейінгі ұрпақ болары сөзсіз. Сондықтан, стратегиялық мақсатта білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде тұлғаны жеке, рухани таза, өзін-өзі дамытуға қабілетті, танымды, зерделі азаматтық қабілетті адам қалыптасады. Өсіп келе жатқан ұрпақ бүгінгі «нарыққа» ғана тәуелді болмай, сонымен қатар сөзшең, өзгеріп тұратын қоғамның түрлі іс-әрекетіне бейімделгіш болуы қажет. Сонымен қатар мектептегі тәрбие екі мақсаттың орындалуын көздейді:

ü нақты білім беріп, қоғамның бір бөлігі екендігін сезіндіру

ü өзінің құқығы мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға, дарындылығын, шығармашылығын дамытуға, белсенді тұлғаның қалыптасуына жағдай туғызу

ü баланың шексіз мүмкіншіліктеріне деген мұғалімнің сенімділігі

ü баланы түсінуге, сезінуге, әлемнің сыртқа және динамикалық дамитын ішкі құрылысын сезінуді үйрету қажеттілігі

ü өзің-өзі жетілдіру, дамыту адам бойына тумысынан берілген

ü жеке тәрбиелеумен, ұжымдағы тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу бір - бірімен тығыз байланысты

ü нақты қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу қажет

ü қажетті білім алып, практикада кездесетін мәселелерді өздігінен шешуге оларды дұрыс қолданып, өмірдің өзгермелі жағдайларына тез бейімделу, жай ғана орындаушы болмай, жасаушы болуы керек

ü жан-жақты болу, яғни іс-әрекетінің әр түрлі салаларында жұмыс істей алуы

ü өзінің танымын, зердесін, мәдени деңгейін дамытуға жұмыс істеу керек

ü өз өміріне, отбасына, Отанына жауапкершілікпен қарау керек

Тәрбиелеудің жаңа жүйесі оңтайлы, жаңа құбылыстарға ашық болу керек, сонымен қатар барлық жаңашылдықтарға дұрыс көзқарас қалыптасу керек.

Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары:

· Әрекет пен шаралардың жүйелілігі,оқушыларды өз бетімен әрекет етуге бағыттау, тұлғалық жақтарын дамыту;

· Жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;

· Қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі. Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы

1-қадам Сыныптың ерекшелігін анықтау,тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін айқындау.

2-қадам Тәрбие бойынша сәтсіз өткен шаралар мен әрекеттерге талдау жасау, кемшіліктерді анықтау. Онсыз алдағы міндеттерді белгілеу мүмкін емес.

3 -қадам Сыныппен алдағы күтілетін келеңсіздіктерді, мәселелерді анықтау. Ол мәселелерді сипаттау міндетті емес, бірақ көре білу асқан шеберлік

4-қадам Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін негіздеу сыныптағы тәрбие міндеттерін айқындағаннан кейін, оны жүзеге асыру әрекетін, түрін жоспарлаймыз. Тәрбиелеу іс-әрекетінің әдісі мен тәсілін дұрыс таңдау және оны оқушыға қызықты етіп өткізу, тәрбиенің тиімділігі мен басты мақсатқа қол жеткізуге жетелейді.

5-қадам Оқушының жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын есепке алу,талдау

6-қадам Ата-аналармен жұмыс түрін бекіту

7 -қадам Тәрбие жұмысы мақсат міндеттерінің жүзеге асуын бағалаудың көрсеткіштерін анықтау.

Тәрбие жұмысының тиімділігі қойылған мақсат, міндеттердің және қол жеткізген нәтиженің арақатынасын салыстыру өлшемі арқылы анықталады. Ал тиімділікті зерттеу алдағы жұмысқа түзетулер мен жаңалықтар енгізу үшін жасалады.

2. Тәрбие жүйесінің сипатын кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.

Бірінші кезең-мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау – бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады. Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз. Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі, бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детерминациялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық - адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады. Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр түрлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек[5].


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 5618 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ| Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)