Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница

Читайте также:
  1. Castle of Indolence. 1 страница
  2. Castle of Indolence. 2 страница
  3. Castle of Indolence. 3 страница
  4. Castle of Indolence. 4 страница
  5. Castle of Indolence. 5 страница
  6. Castle of Indolence. 6 страница
  7. Castle of Indolence. 7 страница

тәрбиелеу процестірінің диалектикасы туралы ғылым.Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары тәрбие мақсатын жүзеге асыруда зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады. Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.

Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді.

Олар:

- тәрбие мақсатының реализм идеясы

- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы

- өзін-өзі талдау (анализдеу идеясы)

- бала күнінің жартысы

- қиын мақсаттық идеяс

- сүйеніш идеясы

- ірі блоктар идеясы

- ата-аналармен ынтамақтастық

- өзін-өзі сыйлау идеясы

- өзін-өзі басқару (реттеу) т.б.

Экспериментшіл мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада» және «Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған». Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.

Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның «базалық мәдениеті» тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру

қатынас мәдениеті.

Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс — әрекетінің идеясы
«Ынтымақтастық педагогикасы» принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс[8].

Ынтымақтастық педагогика- заман педгагогикасы, тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым. Яғни мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары:

• баланы жақын даму аймағында оқыту;

• қысымсыз оқыту;

• тірек сызба түрінде орналасқан белгілердің, кілттісөздердің жиынтығы;

• озу идеясы;

• күрделі блоктар идеясы;

• таңдау еркіндігі идеясы;

• диалогтық ойлау идеясы;

• идея интеллектуальды рең классы идеясы;

• мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметінің идеясы;

• бос уақыттағы еріктілік идеясы.

Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға-бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғарғы мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Ұжымдық шығарма-шылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады. Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты — адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. Өзін — өзі талдау идеясы. Балаларды өзін — өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс — әрекеті жайында ойлануға үйретеді.Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі – оқытудың жаңа технологиялары ғылымы. Оқытудың жаңа технологиялары ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Оқытудың жаңа технологиялары - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. «Жаңа оқыту технологиялары» пәнінің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.

Сондай-ақ оқытудың жаңа технологиялары – тиімді әдіс-тәсілдер мен амалдарды, оқушыға білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру жаңа технологиялар арқылы оқыту кезінде іске аспақ. Сонымен бірге технология мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, пәнді тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, технология мұғалімнің творчестволық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Оқытудың жоғары әсерлі технологияларын енгізу арқылы оқу материалын меңгерту нәтижесін арттырып қана қоймай, тіл үйренушінің тұлғалық дамуын да қамтамасыз етуге болады. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге талдау жасай келе, педагогикалық технология мәселесі ХХ ғасырда көптеген дискуссиялар мен ғылыми тартыстар тудырғанын байқауға болады. Ұлы ғалымдардың оқу үдерісін технологизациялау мәселесіне тоқталмай өткені кемде-кем. Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы педагогикалық лексиконға мықтап еніп, оқыту теориясына кеңінен тарады. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті технологияларды қолдану оны жаңаша технологиялық сатыға көтеруге мүмкіндік тудырып отыр.

Ғылыми әдебиеттерде «педагогикалық технология» терминін түсіну мен қолдануда бірізділіктің жоқтығы байқалады. Аталған мәселеге қатысты анықтамаларды жинақтар болсақ, педагогикалық технология дегеніміз – алдыға қойған мақсатқа жету үшін, таңдап алынған форма, әдіс, оқу тәсілдерінің тиімділігін және ағымдық нәтижелерді тексеру мен бағалау үшін оқу үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарының жүйесі. Технология – оқытудың жоспарланған нәтижесін бағдарлау; оқыту модельдерінің жиынтығы; берілген нақты шарттарда тиімді модельді таңдап алудың өлшемдерінен тұратын кешен.

«Педагогикалық технология – оқыту, тәрбиелеу және дамыту шарттарының міндетті жиынтығын тудырушы, білім берудің біртұтас концептуалды негізі, мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара байланыстағы тәсілдері, формалары мен әдістерінің жүйесі».

Педагогикалық технологияның құрылымын Г.К.Селевко былай түсіндіреді:

А) Концептуалды негіз;

Б) оқытудың мазмұндық бөлігі:

- оқытудың жалпы және нақты мақсаттары;

- оқу материалының мазмұны;

В) Үдерістік бөлімі – технологиялық үдеріс:

- оқу үдерісін ұйымдастыру;

- оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;

- оқытушы жұмысының әдістері мен түрлері;

- оқытушының материалды меңгерту үдерісін басқару әрекеті;

- оқу үдерісінің диагностикасы.

Кез келген технологияны оқу үдерісіне енгізуде міндетті түрде орындалуға тиісті басым шарттар болады. Қазақ тілін оқытуға қатысты шарттарға тоқталатын болсақ:

Біріншіден, оқу үдерісіне енгізілетін технологияның теориялық және әдістемелік негіздерінің қалануы, аталмыш технологияны жан-жақты зерттеген ғылыми-әдістемелік еңбектердің болуы шарт.

Екіншіден, сол технологияны сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға толық мүмкіндік тудыра алатын, Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне ыңғайлы, заманауи талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық техникалармен жабдықталған зертханалар мен оқу-тренинг залдарының болуы аса маңызды.

Үшіншіден, сол технологияға бейімделіп жазылған оқу-әдістемелік кешендердің: тұжырымдама, стандарт, типтік бағдарлама, оқулық, оқу құралдары, оқу әдістемелік және көрнекілік құрал-жабдықтардың, электронды білім ресурстарының жеткілікті болуы;

Төртіншіден, және аса маңыздысы, қолданылатын технологияның биік шеберлік шыңын толық меңгерген, технологиямен жан-жақты қаруланған оқытушының болуы.

Жаңа оқыту технологияларына тән басты екі түрлі ерекшелік бар:

1) жаңа педагогикалық технологиялар тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуды басты міндет етіп, олардың оқу уәждемесі мен құзыреттілік деңгейіне байланысты өз бетімен білім алуына интерактивті әдістер арқылы дағдыландырады;

2) дәстүрлі сабақтардағыдай тіл үйренуші – білімді оқытушыдан қабылдаушы объект емес, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады.

Жаңа педагогикалық технологияның дәстүрлі әдістемеден басты айырмашылығы - оның оқыту объектісін меңгертуде педагогикалық үдерістің тұтастығын көздеуі. Қазіргі уақыттағы жаңа оқыту технологияларының, жаңаша білім беру үдерістерінің аса қарқынды дамуы дидактикадағы оқыту мазмұны деген компоненттің дұрыс шешілуіне көп байланысты.

Оқыту технологиялары бір-бірімен тығыз байланыста болуы, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзіндік ерекшелігі болады. Егер проблемалық технологиялардың міндеттері мен диалогтық формалары эвристикалық тәсілдер арқылы жүзеге асса, ақпараттық технологияларда танымдық-логикалық тәсілдер басты орын алады. Ал түсіндірмелі көрнекілік технологиялар оқыту технологиясына жатады, оның негізгі сипаты тыңдаушыларға ғылыми факторлар мен заңдылықтарды үйрету болып табылады.

Педагогикалық технологиялар тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді. Технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастыру төмендегі шарттар негізінде жүзеге асады:

– Ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы;

– Ақпарат көлемі мен оны ұсынудың дидактикалық бірліктерінің өзара сәйкестігі;

– Таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы;

– Оқытудың жеделдете жүргізілуі;

– Дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы;

– Технологияның бейімділігі;

– Оқытушы - тіл үйренуші жұмысының синхрониясы;

– Ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Педагогикалық үдеріс белгілі бір жүйе ұстанымдарына сай құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі ұстанымдарды өзара сабақтастықта, олардың объективті қарым-қатынасы негізінде жүзеге асыратын, педагогтің тұлғасын толық танытатын ұстанымдар жинағы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технология тіл үйренуші мен оқытушының оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, жан-жақты ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Бұл - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жүргізілу реті, оқыту мақсаттарына жету жолында сабақ үдерісін ұжымдық әдіс арқылы ұйымдастыру.

Педагогикалық технология дегеніміз:

- өнер, шеберлік, біліктілік, әдістемелер жиынтығы;

- адамның ойына және іс әрекетіне байланысты мәдени ұғым;

- өте маңызды сапа мен дағдының интеллектуалды сарапталуы;

- оқыту барысында мақсатты, алдын ала ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан әсер етуді қалыптастыру;

- оқытудың нақты нәтижесіне жетудің кепілді құралы;

- іс жүзіне асырылатын нақты педагогикалық жүйенің жобасы;

- теория мен практика зерттеуін ұштастыру және оның нәтижесін көру құралы;

- шарттары белгіленген нақты оқыту жүйесі.

Оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың ойлау-танымдық және сөйлесім әрекеті еркіндігін қамтамасыз етеді. «Қазақ тілінен әдістемелік технология – білім берудің тиімдірек формаларын іздеу, табу, олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып, оқыту, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың және бағалаудың жүйесін құрайды». Қазақ тілін үйрету үдерісіне жаңа технологияларды енгізу көптеген андрагогикалық, акмеологиялық, аксиологиялық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол дидактикалық және психологиялық ұстанымдарды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Атап айтар болсақ, тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттыруға, оқу материалын логикалық тұрғыдан сезінуге, жүйелілікке, көрнекілікке, жеке, топпен және өздік жұмыстар істеуіне ықпал етеді.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Педагогикалық үдеріс белгілі бір жүйе ұстанымдарына сай құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі ұстанымдарды өзара сабақтастықта, олардың объективті қарым-қатынасы негізінде жүзеге асыратын, педагогтің тұлғасын толық танытатын ұстанымдар жинағы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, жан-жақты ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Бұл - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жүргізілу реті, жеделдете оқыту мақсаттарына жету жолында сабақ үдерісін ұжымдық әдіс арқылы ұйымдастыру[9].

Технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастырудың шарттары:

– ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы;

– таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы;

– оқытудың жеделдете жүргізілуі;

– дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы;

– технологияның бейімділігі;

– оқытушы - оқушы жұмысының синхрониясы;

– ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі.

Педагогикалық технология - білім берудің тиімдірек формаларын іздеу, табу, олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып, оқыту, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың және бағалаудың жүйесін құрайды.

Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз - оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық үдерістердің жиынтығы. Педагогикалық жүйе педагогикалық технологияны жасаудың негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның әдістемеден бір ерекшелігі - оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуіне әкеледі. Педагогикалық технология - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.

 

Осымша

Тақырыбы: Сынып жетекші мен ата-аналар арасындағы байланыста сынып сайтының мүмкіндігі

Қазіргі заман талабына сай Интернет мүмкіндіктерін толық пайдаланудың қажеттілігі мен әрбір ата-анаға өз баласы туралы толық мәлімет алу мүмкіндігі пайда болды. Ақпараттық технологияның кеңінен дамып отырған кезеңінде әрбір ата-ана үйден шықпай-ақ күнделікті сыныптың тыныс-тіршілігінен, өтіп жатқан шаралардан, өз баласының сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінен алған мақтаулары мен ескертулерінен (сырт келбеті, оқу-құралдарының жағдайы, өзін-өзі ұстауы, денсаулығы) хабардар болады. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдеріне де оқушылардың қорытынды бағасын шығаруда тигізетін көмегі шексіз.

Ата-анамен байланыс түрлері

1. Сабаққа қатыстыру арқылы;

2. Үй аралау арқылы;

3. Байланыс дәптері мен хат жазысу арқылы;

4. Тәрбиелік шараларды бірлесіп өткізу арқылы;

5. Отбасылық сайыстар өткізу арқылы;

6. Ата-аналар жиналысын өткізу арқылы;

7. Қоғамдық сынып жетекшілер отырысы арқылы;

8. Педагогикалық оқулар өткізу арқылы;

9. Мерекелік күндері, демалыс, каникул уақыттарында мұғалім мен ата-аналардан беймезгіл уақытта оқушының бос жүруін болдырмау мақсатында кезекшілік рейдтер ұйымдастыру арқылы.

10. Оқушы білімінің сапасын бағалау жүйесінің мөлдірлігін және ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігі

11. Электрондық сынып журналының интерфейсі және оны толтыру ережесі барынша дәстүрлі қағаз журналға сәйкес болуы тиіс.

Электрондық журнал

Электрондық журналдың сабақ кестелерін дайындаудың және күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды, сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу, сыныптарды топтарға, жеке сабақтарға бөлуді есепке алу мүмкіндігі; бес балдық шкала бойынша баға қою мүмкіндігі; тоқсандық және қорытынды бағаларды есептеу; оқушылардың қатысушылығын, әрбір оқушының және сыныптың тұтастай тоқсан мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу мүмкіндігі бар болуы тиіс.

Оқушының электрондық күнделігі

- Электрондық күнделік оқушының қағаз күнделігінің аналогы болып саналады және ол сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелеуі тиіс;

- Алғашқы мәліметтер оқушының электрондық күнделігіне электрондық сынып журналынан автоматты түрде енгізіледі;

- Қосымша бағалар мен мақалаларды енгізуге мұғалімнің мүмкіндігі қажет;

- Электрондық күнделікті сынып жетекшісі редакциялайды, оқушының, директордың, оқу ісін меңгерушінің, ата-ананың қарап шығуы үшін қол жетерлік болуы тиіс. Күнделікте ата-аналар үшін бағаға мұғалім жазған түсініктемелер бейнеленуі тиіс.

 

1.4. Тәрбие жұмысы және оны жоспарлау.

1. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысына сипаттама: тәрбие жұмысы формаларының көптүрлілігі.

2. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.

3. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардың тәрбиелік мәні және принциптері.

1. Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1667 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница| Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)