Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету.

Читайте также:
  1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
  2. Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері
  3. Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.
  4. Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.
  5. Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары.
  6. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.
Оқушыларды бірлесіп әрекет етуге қалай үйрету керек?

Жұмысты Нұсқау жасау

жоспарлауы Есеп беру

Міндет

Бөлісіуі Жұмысты назарда ұстау

Тапсырманы орындау

Оқушының шығармашылық тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту үшін оның өз мүддесіне қарай ұжымдағы балалардың түрлі іс –шараларға қатысуы үлкен мәнге ие.Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі дара және базалы дайындық пен сыныптан тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты, тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдерімен өзара байланысын ашу болып табылады. Ұжымдық жұмыстар жасөспірімдерді бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық – практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері.

Кешенді ойын
Бұл негізінен:

       
   

 


 

Ұжымды ұйымдастыруда сынып жетекшілері жүргізетін жұмыстар
Менің портфолиом

Педагогикалық оқулар ұйымдастыру

 

Баяндамалар әзірлеу

 

           
     


Әдістемелік Үздік топ

отырыстар Ұжым

отырысы

 

Ұжыммен жүргізілетін іс-шаралар

Тәрбие сағаттары Зияткерлік ойындар

 

Кездесулер Мұражайларға апару

 

Сайыстар Шығармашылық жұмыстар

 

Үйірмелер

 

 

2.2. Қазіргі тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиялары.

Жоспары:

1. Тәрбие технологиясы – педагогикалық үдерістің қозғаушы механизмі.

2. Қазіргі мектептегі тәрбие технологиясының ғылыми негіздері: жіктелу ерекшеліктері, түрлері.

3. Қазіргі заманғы тәрбие технологиялары.

1 .Технология – өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік үдерістер мен тәсілдердің жиынтығы, сондай-ақ өндірістік әдіс-тәсілдердің ғылыми сипатталуы.

Технология - өнімді өндіру үдерісінде жүзеге асырылатын материал, шикізат және жартылай шикізаттың формасын, қасиетін өзгеру, өңдеу, даярлау әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Ал, педагогикалық технология - қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. (В.П.Беспалко)

Педагогикалық технология- бұлоқыту мен тәрбиенің мақсат, мазмұнында айқындалған қажетті өзгерістердің оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетінде көрініс табатын әр түрлі дидактикалық, жалпы педагогикалық психологиялық және т.б. әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.(О.П. Околелов)

 

Педагогикалық техологияның құрылымы:

 

Оқыту технологиясы

 

 

Оқу технологиясы Оқыту технологиясы

Тәрбие технологиясы

 

 

Тәрбие технолгиясы Тәрбиелеу технологиясы

 

Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.

Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды.Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.

Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.

Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Француз ғалымы Легуве тәрбие ғылымына келесі анықтама берді: «Тәрбие – бұл балаларымызға біздің-ақ өмір сүруге үйрететін ғылым, алдағы өмірдің қатігез немесе қайырымды болуы балаларды қалай тәрбиелеуімізге байланысты»- дейді.

Тәрбие технологиялары түрлі негіздемелер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

– туындау негізіне қарай (педагогикалық тәжірибе немесе ғылыми тұжырымдама бойынша);

– мақсаттары мен міндеттеріне қарай (білімді қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, дербестігін дамыту);

– тәрбие құралдардың мүмкіндігіне қарай (әсер етудің қандай құралы жақсы нәтиже береді);

– тәрбиешінің технологиялар көмегімен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай (диагностикалық қызмет, даулы жағдаяттарды басқару қызметі);

– балаға деген көзқарасына қарай.

Кез - келген тәрбие шарасында іс-әрекеттің психологиялық тұрғыдан қажет 4 кезеңі орындалады: мақсатты жорамалдау, жоспарлау, мақсатты іске асыру, нәтижелерді талдау. Осы орайда мектептің тәрбие технология-сы тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдылық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында танымал қайраткерлер, кеңіс беретін қариялар мен үлгілі ата-аналармен кездесу кештері болып тұрады.

Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс-әрекеттерін басқару ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады.Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жұмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәйіттері мен белгілері сан-қилы.Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке
операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді параллель схемада емес, комплекс түрде орындалады. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни "технологиялық операцияларды" игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке, шеберлікпен ұштасады. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің жолын алдын-ала белгілеген "өзекті нүктелердің" арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Іскерлер", "Шеберқолдар", би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.

Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің диагностикалық картасы жасалады. Осыған сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады. Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге, өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді. Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды еткізудің интерактивті түрлері қолданылады. Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз жан-жақты дамыған, рухани адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар тура жол оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ол үшін тәрбие жұмысын туристік-өлкетану және экологиялық іс-әрекет арқылы ұйымдастыруға болады.Оқу жылының басында сыныптың алғашқы жиналысында оқу тәрбие жұмысының қай бағытпен жүретіні анықталады. Сынып алдындағы іс-жоспары құрылып, алға белгілі міндеттер қойылды. Гуманитарлық пәндер адам-қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтары негізінде, олардың біртұтастылығы туралы экологиялық көзқарас қалыптастырады. Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім беру мен туристік өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырудың орталық ядросы. Әсіресе география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану, химия, физика пәндерінің негізгі идеясы мен мазмұны негізінде осы іс-әрекеттер қалыптасады. Филология пәндері саласында көркем әдебиет туындылары, көркемсурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мөлдір бұлағы деуге болады. Себебі суретші салған сұлу табиғат көрінісі, құстардың мүсіні, гүлдердің сан құбылған түр-түсі оқушы сезімін оятары сөзсіз. Сонымен қатар білім мен тәрбие беру үрдісінде жергілікті жердің өлкетану материалдарын кең көлемде әрбір сабақта қолданғанда оқушылардың қызығушылығы арта түседі.
Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдараламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық,
экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан сыныптан тыс сабақтарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие құрылымын іске асыруды мынандай бағыттарда жүргізіледі:

1. Үйірме жұмыстары

2. Табиғи ортадағы жұмыстар

3. Мектеп мұражай бөлмесі

Туристік-өлкетану жұмысы орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың бірі. Мектептен алған ғылыми-теориялық туристік-өлкетану жұмыстары кезінде іске асырады.

Оқушылардың денесін шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге, табиғат жағдайында тіршілік етуді үйретеді, әрі демалысты ұйымдастырады. Табиғатпен үндесіп, оны түйсінген бала ешқашан жаман әдеттерге жоламайды. Жорыққа шыққан жас жеткіншек айналасына қол ұшын беруді, ұжымшылдықты түсінеді.Қазірігі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі жайлы сыр берген болмашы жақсы нышанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.

3. Тәрбиеші өз жұмысында келесі тәрбие технологияларын қолдана алады:

– Диалогтық (сұхбат) технологиялар (пікірсайыстар, пікірталастар, дебаттар)

– Коллаж технологиясы

– Ұжымдық шығармашылық жұмыс

– Шоу-технологиялар

– Топтық проблемалық жұмыс (жобалар дайындау)

– Қарым-қатынас тренингі

– Ақпарат айнасы (қабырғаға ілетін хабарландырулар, стенд түрлері)

– Денсаулықсақтау технологиялары

– Жағдаяттық технологиялар

Диалогтық технологиялар (пікірсайыс, пікірталас, дебат)

Дебат – зияткерлік жарыс, өз көзқарасын және пікірін белсенді түрде қорғауды дамыту біліктілігі.

Пікірталас – қандай да бір даулы мәселе мен проблемалардың шешімін табу мақсатында оларды талқылау.

Пікірсайыс (ғылыми айтыс) – ақиқатқа көз жеткізу мақсатында қандай да бір проблема бойынша екі көзқарасты зерделеу үшін қолданылатынынтымақтастықтың формасы. Жоғарыда аталған технология-лар негізінен жоғары сыныптарда қолданылады.

Миға шабуыл -талқылау нәтижесінде проблемаларды шешу идеяларын көптеп жинау.

Дөңгелек стол -бұл дебат өткізу формаларының бір түрі.

Қатынас хаты -оқушылардың жазба жұмыстары, олардың жағдайға, мәселеге көзқарасы.

Аяқталмаған әңгіме - қандай да бір мәселенің бірнеше нұсқасын көрсету.

Қарсы аргументтер - дербес ерекшеліктерді көрсете білу.

Ранжирование (таңдау) - не жақсы, не жаман екенін айыра білу.

Коллаж технологиясы - табылған иллюстрациялар, цитаталар және қолда бар құралдардан плакаттар жасау арқылы тақырыпты немесе проблеманы зерделеуді болжайды.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы -ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясын И.П.Иванов енгізген. Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ҰШЖ – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру. Ұжымдық – бұл бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлғааралық қатынасын білдіреді.

Шығармашылық тәрбиені ұйымдастыру –бұл ұжымның барлық практикалық жұмыстар, қарым-қатынас, қатынас және барлық бастамаларды өздігімен ұйымдастыру тәсілдерін қамтитын белгілі бір өмір сүру әрекетін ұйымдастыруы. Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. Бұл-оң іс-әрекетке, белсенділікке, ұжымдық авторлыққа және жақсы көңіл-күйге негізделген, оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдісі. Бағдарына қарамастан шығармашылық жұмысты сауатты іске асырудың сенімді нәтижесі болып не саналады? Бұл оқушылардың көрермендік емес, керісінше қандай да бір деңгейде ұжымдық авторлық сезім шамасында қоса жүретін іс-әрекеттестіктің оң белсенділігі.

ҰШЖ постулаттары:

– ұжымдық шығармашылық;

– ортақ жұмыс және оған ерікті түрде қатысу;

– іс-әрекет формаларын таңдау еркіндігі;

– ересектер мен балалардың ынтымақтастығы;

– шығармашыл дарынды көшбасшылардың ықпалымен ұжымды дамыту.

Ұжымдық жұмыс түрлері:

Еңбектік ҰШЖ (мысалы: «Еңбек десанты»)

Зияткерлік ҰШЖ (мысалы:«Брейн-ринг»)

Көркем ҰШЖ (мысалы: көркем-эстетикалық шығармашылық)

Спорттық ҰШЖ (мысалы:«Спартакиада»)

Экологиялық ҰШЖ (мысалы: табиғаттағы тіршілікке қамқорлық)

Шоу-технологиялар - ойын шаралары қатысушыларды үш топқа бөлумен өткізіледі: «Сахна», «Зал», «Жүргізуші». Қатысушыларды өнер көрсетушілер және көрермендер деп бөледі; сахна төрінде сайысады; ұйымдастырушылар дайындаған сценарий.

Топтық проблемалық жұмыс – бұл оқушылардың проблемалық жағдаяттағы мінез-құлқымен вербалды (сөз жүзінде) жұмыс. Оның мақсаты – ұйымдастыру, шешімдер дайындау, қабылдау, түсіндіру, талқылау.

Қатынас тренингі – топтық практикалық психология құралдарының көмегімен балаларда түрлі оң педагогикалық тәжірибе аспектілерінің тәжірибесін, қатынас тәжірибесін (өзара түсіністік тәжірибесін, қатынас тәжірибесін, мектептік проблемалық жағдаяттардағы мінез-құлық тәжірибесін) қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық жұмыс формасы.

Ақпарат айнасы - көпшіліктік графикалық ақпаратқа белсенді қатынас тәжірибесі.

Денсаулық сақтау технологиялары – педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері.

Жағдаяттық технологиялар -жағдаятқа қарай қолданылады.
Шеберхана технологиясы – оқыту процесін ұйымдастырудың өзгеше бір түрі. Оның негізін құраушылары Француз ғалымдары П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.

– Мастер барлықтары үшін ашық, еркін шығарамшылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады.

– Тақырыпты меңгеруде оқушының жеке қызығушылығын оятып, оның сезімдеріне назар аударады.

– Мастер өзгелермен бірдей жұмыс істейді.

– Жауап беруге асықпайды.

– Қажет ақпараттарды шағын дозамен беріп отырады.

– Бала еңбегін бағалауда әдеттегі бағалау қабілеттерін дамыту үшін еңбектерін ашық көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).

 

Технологияның алғы шарттары:

– Баланың білімді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып алу, яғни білімді оның генезисі мен құрылымын зерттеу арқылы өздігінен ашып жетуі.

– Мастер басқаруымен және ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру)

– Педагогикалық шеберхана ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетектеуші, нұсқаушы рөліне көшеді. Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені ашуға жетеді. Өзінің «Мен» сезіміне жетеді.
Шеберханада жұмыс істеу кезеңдері:

– Индукция» (ой қозғау)

– Жинақтау

– Топта талдау

– Әлеуметтендіру

– Жария ету

– Презентация

– Ескі мен жаңа байланысы

– Рефлекция

 

Осымша

Жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамасы оның білім берудегі негізгі бағыттарын, міндеттерін анықтайтын құжат. Тұжырымдама ҚР «Білім туралы» заңы, «ҚР Білім беруді ұйымдастырудағы кешенді бағдарламасы» басшылыққа алынып жасалған. Бұл тұжырымдама мектептің оқу-тәрбие үрдісіне, білім берілу құрылымына, білім мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз қалайды.

Тұжырымдама мынадай тараулардан тұрады:

– тұжырымдама мақсаты мен міндеттері;

– мектепшілік білім берудің жай- күйі

– мектептегі білім берудің келешек мақсат-міндеттері

– білім мазмұны

– келешек ұрпақ тәрбиесі

– тұжырымдаманы жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже.

Тұжырымдаманың құрамы және құрылымы

1. Орта білім беру мекемесінің жалпы сипаттамасы;

2. Жаңа оқу жоспары;

3. Жаңа оқу бағдарламасы;

4. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

5. Жаңа технология сипаттамасы

6. Тәрбие жұмысының жаңа мазмұндық, құрылымдық сипаттамасы;

7. Мектеп бітіруші тұлға моделі;

8. Мектеп ұжымы;

9. Жаңа мектеп мұғалімі;

10. Жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастырушы ата-ана.

Тұжырымдама мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

– Үшжақты бірлікте жұмыс жасауды нығайту;

– Жеке тұлғаның сұраныстарына сай білім беруді дамытатын, оның мектепшілдік тиімді жаңа жаңа технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу;

Міндеттері:

– мектепшілік білім берудің ағымдағы жай- күйі анықтау;

– мектепшілік оқу- тәрбие беруді дамытудың бағыттарын бейімдеу және оны жүзеге асыру;

Өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы оң нәтижеге жетудің жолдарын көрсету.

Жан –жақта дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы мұғалім, ата-ана және оқушының рөлі.

Жұмыс жоспары
1-кезең Дайындық кезеңі 2 кезең Ұйымдастыру кезеңі 3 кезең Қолдануға көшу 4 кезең сараптау 5 кезең Нәтижесін өңдеу
1. Мектеп пен отбасының даму деңгейін анықтау, мұғалім ата-ана, оқушы өзара қарым-қатынасы; 2. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі; 3. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті; 4. Әдістемелік әдебиеттер жинақтау.     1. Өзекті мәселе бойынша мақсатты бағдарлама дайындау, оны талдау. Бағдарламаға түзету енгізу; 2. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру 3. Ұсынылған әдістемелер бойынша мұғалімдерге ата-аналарға кеңес беру. 1. Жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің мониторингін жасау; 2. Жеке тұлғаны даму мониторингін жүргізу. 1.Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, проблема бойынша мұғалімдерді оқыту, бағдарлама дайындау; 2. Оқу-тәрбие жүйе бойынша мониторинг арқылы білім мен тәрбие деңгейін және әдіс-тәсілдерді сараптау; 3. Отырыстар өткізу. 1. Оқушы-лардың оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасы мен тәрбиелік санасының диагностика-сын қорытынды-лау; 2.Мұғалім ата-ана- оқушы ынтымақтас-тығы туралы озат тәжірибелер-ді тарату; 3.Келесі 5 жылға қойылатын өзекті мәселені анықтау.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 3903 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ| Күтілетін нәтиже

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)