Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.
  2. Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
  3. Вопрос6 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  4. Вопрос69 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  5. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.
  6. Мектепке дейінгі білімді басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасы және құрылымы.
  7. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница

Жоспар:

1. Басқару қызметін ұйымдастыру шаралары (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі).

2. Педагогикалық кеңес-әдістемелік жұмыстың тұрақты әрекет ететін ұжымдық формасы.

3. Педагогикалық кеңестің мазмұны.

4. Педагогикалық кеңесті әзірлеу және өткізу.

Дәріс тезистері:

1.Басқару қызметін ұйымдастыру шаралары. Басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде МДҰ кеңесі, педагогикалық кеңес, меңгеруші жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, ата-аналар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; тәрбиешілердің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау; Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберетін педагогтардың кандидатурасын талқылау және бекіту, озат тәрбиешілерді әртүрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; ғылыми-зертеу мекемелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қызмет, орталық құру. Педагогикалық кеңес демократия мен жариялылық жағдайында — дайындыққа тәрбиешілер мен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтеді. Педкеңесті өткізудің алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі мүмкін. Кеңестің өткізілуі жиілігін меңгеруші белгілейді. Шұғыл ақпараттық кеңес оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірыңғай педагог қызметкерлер немесе тек балалар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта өткізілу мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Меңгерушінің шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.

Балалардың мектепті басқару ісіне қатысуының тиімді формасы сайланбалы орган-оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеуі. Балалардың оқушылар комитетінің түрлі комиссияларына қатысуы мекеме өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-тасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.

Басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, меңгеруші жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогикалық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделігіне қарай мақсатқа жеткізеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 272 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5229 болып енгізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Осы Педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу болып табылады.

2. Педагогикалық кеңестің құрамы

4. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді.

5. Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитеттерінің мүшелері шақырылады.

6. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.

3. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі

8. Педагогикалық кеңес:

1) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;

3) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;

4) қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан босату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы куәліктер, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы, үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін;

5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.

9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.

11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.

12. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.

15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1280 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері | МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ | Дәрістер | Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi | Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi | Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.| Педагогикалық кеңестердің мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)