Читайте также:
|
|
Педагогикалық кеңестерде:
1.Үкіметіміздің мектепке дейінгі мекемелер алдына қойып отырған мәселелер, сондай-ақ БҒ министрлігінің және халыққа білім беру бөлімдерінің қаулылары, бұйрықтары, нұсқау хаттары талқыланды.
Құжаттарды педагогикалық кеңесте оқыған пайдалы емес. Онымен бүкіл ұжымды алдын ала таныстыру керек, ал педагогикалық кеңесте оны орындау жөніндегі нақыты шараларын белгілеп, талқылау қажет.
2. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайы, «Балабақшадағы тәрбие программасының» орындалуы, балалардың денсаулық жағдайы, олардың мектепке оқуға әзірлігі, фронтальды және тақырыптық тексерудің қорынтындылары, сондай-ақ тәрбиешілердің «Программаны» орындау жөніндегі есептері талданады.
Барлық тәрбиешілердің қызметтің барлық түрі бойынша жыл бойғы, жарты жылғы есептерін тыңдаудың қажеті жоқ; бұдан гөрі бірнеше тәрбиешінің қысқа мерзімдік (мысалы, бір тоқсандық) және белгілі бір сала бойынша есебін (бейнелеу өнері, сөйлеуге үйрету, табиғатпен таныстыру және басқалар) тыңдаған ұтымды болады. Бұл тәрбиешілерге балаларда білім, іскерлік және дағды қалыптастыру жөнінде белгілі бір бөлім бойынша программаның орындалу барысын терең талдауына, балалармен жұмыс істеудің әр түрлі методтары мен тәсілдеріне баға беруге, жұмыстағы олқылықтары мен қателіктердің себебін ашуға, тәрбие процесін жақсартудың нақты шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
3. «Мектепке дейінгі тәрбие» т.б. журналдарда жарияланған мектепке дейінгі басқа да мекемелердің педагогикалық оқулықтары (топтық, аудандық, қалалық) жөніндегі озық тәжірибе талданады; оны осы мекеменің жағдайын ескере отырып, практикаға енгізу жолдары белгіленеді.
4. Өз бетімен білім алу жөніндегі есептер тыңдалады. Тәрбиешілер сонымен бірге мамандығын жетілдіру курстарында, методикалық бірлестіктердің мәжілістерінде қандай жаналықты біліп, қандай көңіл аударарлықтай нәрселерді естігендерін, бұлардың балалармен жұмыс істеу жөніндегі өздерінің практикасын жетілдіруге қандай көмегін тигізетінін айтып береді.
5. «Мектепке дейінгі тәрбие» т.б. журналдардағы нұсқаулық және методикалық мақалалар, аудандық, қалалық конференциялардың, кеңестердің материалдары талқыға салынады және оларда қабылданған ұсыныстарды іске асырудың перспективасы белгіленеді.
Педагогикалық кеңестер екі айда бір рет өткізіледі. Алайда жоғары ұйымдардың мектепке дейінгі мекемені тексеруінің және басқадай істердің қорытындылары бойынша кезектен тыс педкеңес өткізілуі мүмкін.
Педагогикалық кеңестің жұмысына меңгеруші (председатель), тәрбиешелер, сәбилер тобымен жұмыс істейтін медициналық сестралар, музыкалық жетекшілер (қоса атқарушы болғанның өзінде де), логопедтер, тифлопедагогтар, сурдопедагогтар, дәрігер немесе медициналық сестра, шаруашылық меңгерушісі қатысады.
Талқыланатын мәселеге қарай педагогикалық кеңестер мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып өткізілуі мүмкін.
Тәрбиешілер педагогикалық кеңеске дәптерлерін ала келіп, оған баяндамалар мен сөйлеген сөздердің негізгі мазмұнын жазып отырады, кейіннен мұны өз жұмысында пайдаланады. Меңгеруші педкеңесте жұмыс жағдайын тудыруға міндетті. Қатысып отырғандардың әрқайсысының ыңғайлы жұмыс орны болуы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 970 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат. | | | Педагогикалық кеңесті әзірлеу және өткізу. |