Читайте также:
|
|
Педкеңестің тиімділігі көбіне оның қалай әзірленгендігіне байланысты болады. Педкеңеске дайындық коллективте творчестволық жағдай тудыруға бағытталуы, қойылған мәселенің жан-жақты талқылануын қамтамасыз етуі қажет.
Таяуда өткізілетін педкеңестің тақырыбын есепке ала отырып, меңгеруші-методист педагогикалық процеске бақылау жасайды. Бақылаудың нәтижелерін талдау басшыға коллективтің жұмысы, қаралатын мәселелерді бағдарлау мүмкіндігі, қойылған мәселені талқылауға барлық қатысушылардың белсенді араласуы және дұрыс шешімдер қабылдануы жөнінде нақты түсінік береді.
Мәселен, меңгеруші тәрбиеші М-нің тобында болғанында кезекшілердің жақсы дағдысына, балалардың еңбек тапсырмаларын өз бетімен орындай алатынына көңіл аударады. Ондай педагогқа осындай нәтижелерге қалай жеткені жөнінде кеңесте айтып беруді ұсынған пайдалы. Басқа бір тәрбиеші тобындағы балалар улап-шулап, ұзақ киінеді, өздерінің киім-кешектерін ұқыппсыз жинайды. Ондай тәрбиешілерге меңгеруші өз жұмысына талдау жасауды және кеңесте жағдайды қалай жақсартатыны жөнінде айтып беруді ұсынады. Әрине, тәрбиешілерге айтылатын сөзінің тексін жазып әкелуді міндеттеудің қажеті жоқ: педсоветте қандай да болсын тақырыпты талқылау қызметтес адамдардың қызу пікір алысуына айналуы тиіс.
Кеңеске әзірленерде тәрбиешілермен жиі әңгімелескен тиімді. Біреуінен: «Кеңесте қандай мәселе тұрғанына көңіл аудардыңыз ба?» деп сұрауға болады. Енді біреуімен оның балалармен істеп отырған жұмыс деңгейін талдау керек. Жаңа бастаушы педагогқа тәжірибелі тәрбиешінің белгілі бір мәселені қалай шешіп отырғанын көруді ұсынуға болады. Меңгеруші мен тәрбиеші-методист шебер педагогтарға өз тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.
Методикалық кабинетте «Кеңеске әзірленіп жатырмыз», «Кеңес қарсаңында», «Біздің кеңес», «Біздің кеңесте» деген арнайы стендтерді алдын ала іліп қоюдың маңызы зор. Стендіде алдағы кеңестің өткізілетін уақыты, күн тәртібі, сөйлеушінің аты-жөні, атқаратын міндеті көрсетіледі. Тәрбиешілер онан қаралғалы отырған мәселе жөніндегі нұсқау-ресми документтерді, қажетті әдебиетті, «Мектепке дейінгі тәрбие» журналында немесе үкіметтік БАҚ-да осы тақырыпта жарияланған мақалалар тізімін, методикалық нұсқауларды таба алады. Хабарландыруға арналған арнайы бөлімде педсоветке әзірлікке байланысты өткізілетін консультациялар, бір-біріне бару, бірге көру жөнінде жазылады. Осы стендіде алдыңғы педкеңестің шешімдері жазылып қойылады, оның орындалу барысы туралы хабарлама беріледі. Осының бәрі іскерлік ахуал туғызады: педагогтар педкеңеске тек ұйымдастыру ғана емес, психологиялық жағынан да әзірленеді. Педкеңестің мәнділігі арта түседі.
Жақсы және мұқият жасалған даярлық қана педкеңестің табысты өтуін қамтамасыз ете алмайды. Педкеңес барысының, негізгі баяндама сапасының, сөйлеушілер сөздерінің мақсаттылығының, қатысушылар белсенділігінің маңызы зор.
Отырғандардың бәрі әңгімеге қатысатынын әркімнің білгені жөн. Егер алдын ала белгіленіп қойған адамдар ғана сөйлейтін болса, онда педкеңестің негізгі мақсаты – қойылған проблеманы коллективті түрде, жан-жақты талқылау, жүзеге аспайды. Мұнда көп мәселе педкеңестің төрағасына – мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне, оның талқылауды дұрыс жүргізуіне байланысты болады.
Әрбір педкеңес алдыңғы шешімдердің қалай орындалып жатқаны туралы хабарламадан басталады. Қысқа, белгілі мақсаты кіріспе сөз коллективтің назарын қаралғалы отырған мәселенің маңыздылығына аударуы және талқылаудың негізгі бағытын көрсетуі қажет.
Педкеңестің барысында меңгеруші сөйлеушілердің сөзін зейін қоя тыңдайды, жарыссөздің қызғылықты, іскер, принципті, өткір болуы үшін, әдеп сақтай отырып, оларды қажетті арнаға бағыттайды. Осылайша басшы өзі ниеттестік, принциптілік ахуал жасап, сынның дұрыс қабылдануына ықпал етіп отырады.
Төраға қорытынды сөзінде педкеңестің қызметіне баға береді, қойылған мәселерді шешудегі жұмыс бағытын көрсетеді, сөйлеушілер сөзін қорытындылайды. Ол қорытындыда жеке топтардағы және бүкіл мекемедегі бала тәрбиесі де қамтылады.
Педкеңес қаншама жақсы әзірленіліп, жақсы өткізілгенімен дәлме-дәл, айқын шешімдер қабылданбаса, ол нәтижелі болмайды. Шешімдерде нақты шаралар белгіленуі, олардың қанша орындалатыны, орындалуына кімдердің жауапты екені көрсетілуі тиіс.
Әуелі алдын ала әзірленген шешімнің жобасы ұсынылады. Оны жасауға меңгеруші, тәрбиеші-методист, баяндамашы және кәсіподақ комитетінің мүшесі қатысады. Онан кейін жоба талқыланады. Қосымшалар, өзгерістер енгізілгеннен кейін шешім көпшілік дауыспен қабылданады.
Педкеңестің шешімдеріне қандай шаралардың енуі мүмкін? Бұлар қызметшілерге қиындық келтіретін мәселелер туралы берілетін консультациялар (нақты тақырбы көрсетіледі); бәрі болып көру, бір-біріне бару; семинарлар өткізу; көрмелер ұйымдастыру; тәжірибе жинақтау және қорыту, тақырыптық тексерулер; методикалық әдебиетті оқып-үйрену және талқылау; Мектепке дейінгі журналдар мақалаларына шолу әзірлеу; нақты тақырып бойынша мақалалар картотекасын құрастыру; оқу құралдарын алу және жүйеге келтіру; дидактикалық ойындарды, қолдан жасалған түрлі ұсақ-түйек заттарды, атрибуттарды және тағы басқаларды жасау.
Негізгі мәселе қаралғаннан кейін жоспардан тыс мәселелерге ауысуға болады. Егер қажеті болса, олар бойынша да шешімдер қабылданады.
Педагогикалық коллективтің әрбір мүшесі педкеңестің шешімдерін орындауға міндетті.
Педагогикалық кеңес барысында арнайы дәптерге хаттама жазылып отырылады. Онда барлық сөйлеген сөздер мен сын ескертпелер анық жазылуы тиіс. Негізгі баяндамалар хаттамамен бірге тіркеледі. Оқу жылы бойында оларды жеке папкаға жинап, хаттама дәптерімен бірге сақтайды.Хаттама дәптері нөмірленеді, тігіледі және мөр қойып бекітіледі. Соңғы жағында беттерінің саны көрсетіледі, қол қойылады және мерзімі көрсетіледі. Хаттама жүргізу үшін хатшы сайланады (бір жыл мезгілге).
Жақсы ұйымдастырылған педагогикалық кеңестер тәрбиешілер үшін педагогикалық шеберліктің шын мәніндегі мектебі бола алады және солай болуы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 2828 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Педагогикалық кеңестердің мазмұны | | | Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері. 1-сағат. |