Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.

Читайте также:
  1. Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
  2. Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
  3. Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау
  4. Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.
  5. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар.
  6. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi

Жоспар:

1. Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі

2. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім даму жағдайы туралы.

Дәріс тезистері:

Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:

Негізгі түрі 9-10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли-бақша болып табылады. Балаларды жастық деңгейіне қарай бөлетін топтар:

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: «Алғашқы қадам», «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала», «Балбөбек», «Қарлыгаш», «Қайнар» және басқалар.
5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы».
Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған, кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе-дәптерлер және т.б бар.

Мектепке дейінгі деңгейде білім қызметтерін сапалы жеткізуді қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО және шетелдік сарапшылармен бірлесіп жаңа толқын стандарты жасалды. Стандарт жобасы 5 ағарту облысын біріктіреді: коммуникация, тану, денсаулық, шығармашылық, социум. Тұңғыш рет стандартта педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңа талаптар қарастырылған: ортаны ұйымдастыру және отбасымен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы.

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім
2012 жылғы І жартыжылдықтағы жағдай бойынша - мектепке дейінгі ұйымдардың саны 8524 (2908 балабақша және 5616 шағын орталық), ондағы балалар саны 605790.
І жартыжылдықта желінің өсуі есебінен:
- 6 балабақшаның (840 орын) құрылысы есебінен;
- 268 шағын орталықтың (6190 орын) және 47 жеке меншік балабақшаның (6460 орын) ашылуы есебінен;
- басқа да енгізу түрлерімен — 107 балабақша (4731 мың орын) қамтамасыз етілді.
Соның ішінде республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен ағымдағы жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік 1022, жеке меншік 433 балабақшаға және 2991 (соның ішінде 14 жеке меншік) шағынорталықтарда сомасы 26 956,1 млн.теңгені құрайтын 197988 орын енгізілді.
«2011-2015 жылдарға мектепке дейінгі ұйымдарды енгізудің қадамдық жоспары» аймақтардың әкімдерімен келісілген орындалу мониторингіне сәйкес 2012 жылдан бастап 1879 (189 788 орын) мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу жоспарлануда.
Егер 2009-2010 жылдары 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 356 мың бала немесе 36% болса, 2011-2012 жылдары 605,7 мың немесе 65,4 % (1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 47,5%-ды құрайды) құрады.
«Балапан» бағдарламасын жалпы жүзеге асыру барысында желінің өсуі 3956 бірлікті және құрамы 237,8 мың орынды құрады.
Желінің өсуі:
- 122 балабақшаның құрылысы есебінен (26,5 мың орын);
- 2965 шағын орталықтың (105,9 мың орын) және 336 жеке меншік балабақшаның (30 мың орын) ашылуы есебінен;
- басқа да енгізу түрлерімен — 533 балабақшаны (75,4 мың орын) енгізу есебінен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың санын арnтыру, негізінде, шағын орталықтардың желісін дамыту есебінен 65,8% (балабақшалар — 34,1%) қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, шағын орталықтар (28,7%) мен балабақшалардағы (71,3%) орын санының талдауы айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетеді.
Балабақшаларды енгізу көп орынды қамтамасыз етеді және типтік балабақшалардың (жобалық күші 240, 280, 320 орын) желісін дамытудың қажеттілігін дәлелдейді.
Мұнан былай мектепке дейінгі ұйымдардың желісін қалпына келтіру балабақшаларды ашу негізінен жергілікті бюджет есебінген ашуға көңіл бөлу арқылы жүзеге асырылуда.
Демек, 2011-2020 ББДМБ қарастырылған балабақшалар желісін дамытудың перспективасы заман талабына сай, типтік, инновациялық балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбиелеудің сапалы қызметін ұсынуға бағытталған.
Еліміздегі демографиялық үдерістер – респубикадағы мектепке дейінгі ұйымдарда орын алудағы кезектің өсу факторларының бірі. Қазақстандағы балалардың туу көрсеткіштерінің талдауы соңғы 20 жылда: 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейін туудың төмендегені, ал 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейін өсуі байқалатынын көрсетеді.
Стратегиялық маңызды құжаттар: 2011-2020 жылдарға арналған ББДМБ және 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының қабылдануы халықтың мектепке дейінгі білім беру қызметтерін алуға және адамдарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан орын алу үшін белсенді түрде өтініш беруге ынталандырды.
Сонымен республикада мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін 374 мың, соның ішінде, 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалар 162,6 мың өтініш тіркелді.
Кезектің ең жоғары деңгейі бұрынғыдай Оңтүстік Қазақстан облысында (50,4 мың) және Алматы (48 мың), Астана (54 мың) қалаларында байқалады.
Сонымен кезекке ең көп өтінішті бюджеттік саланың қызметкерлері (55376), аз қамтылған отбасылар (45852), педагогтер (33760) және мемлекеттік қызметкерлері (30334) берді.
Сапалы мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынуды бақылауын жүзеге асыру үшін Министрліктен ведомстволық бағыныстылығынан тыс мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін мектепке дейінгі ұйым қызметінің Типтік ережесі әзірленді.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі сапалы білім беруді қадағалау ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аймақтық органдарына жүктелді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №778 қаулысы).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің және Денсаулықсақтау министрлігінің Заңнамаларына сәйкес, жыл сайын олардың құзыреттілігі шеңберінде білім беру ұйымдары, соның ішінде меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін жоспарлы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерістер жүргізеді.
Англия, Голландия, Австралия, Жаңа Зеландиядағы мектепке дейінгі білім жұмысының талдауы балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстырудың тиімділігін көрсетеді. Жұмыстың бұл түрі ата-аналарға арналған Кеңес беру пункттер түрінде біздің республикамыздың жеке аймақтарында енгізілуде. Республикада «Ата-аналарға арналған кеңес беру пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі» негізінде ұйымдастырылған 1106 ата-аналарға арналған Кеңес беру пункттері жұмыс істеуде. Штаттық кестелерінде әлеуметтік педагог, психолог, логопед, медициналық қызметкер, дефектолог (логопед) бар.
Мектепке дейінгі ұйымдарды жинақтау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қойып, жолдама алудың шараларын жеңілдету мәселелерін шешу, сонымен қатар, айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» стандарты бекітілді.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарында (www.edu.gov.kz), www.egu.gov.kz «электронды үкіметінің» порталында, сонымен қатар, ХҚКО, білім бөлімдері мен әкімшіліктердің ақпараттық қабырғаларында орналастырылады.
Тұтынушылар ХҚКО «бір терезе» қағидасы бойынша қажетті құжаттарды өткізеді, ол балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеудің айқындылығына және лауазымды тұлғалардың түрлі жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын-алуға мүмкіндіктер туғызады.
Бүгінде 1595 (54,8%) балабақшалардағы тәрбиелеу-оқыту үдерісі қазақ тілінде, 280 (10,8%) - орыс тілінде, 1030(35,4%) - орыс және қазақ тілдерінде, 3 (0,1%) - басқа тілдерде жүзеге асырылады.
1991 жылға дейін (КСРО тарағанға дейін) балабақшалардың 80% дейін орыс тілінде, 20% - қазақ тілінде жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі балабақшалардың саны 1315 бірлікке өсті: 280-нен 1595 балабақшаға, ал құрамы 161 394 баладан 181 293 балаға дейін 19 959 балаға өсті.
Сонымен 24 851 орыс және басқа да ұлттың балалары қазақ балабақшаларында тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асады. (2012 жылдың 23 тамызынан бастап №1080 Үкімет қаулысы)
Педагогтердің жұмысының жаңа мазмұнының негізі мен сапасын анықтау үшін осы стандарт заттық-дамытушы ортаның талаптарымен, мектепке дейінгі ұйым бітірушісі мен педагогтің моделін көрсететін ережелерімен толықтырылған. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісінің әрбір қатысушысының қызметін анықтайды, іс-әрекетінің кешенді ұстанымын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі білім берудің нәтижесі: дене бітімі дамыған, білімқұмар, белсенді, эмоционалды елгезек, отбасы, қоғам, мемлекет, бейбітшілік және табиғат туралы алғашқы түсініктері бар, мектепте оқуға қажетті іскерліктері мен дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің моделі болуы керек.
Стандарттың негізгі ережелері Денсаулық, Қатынас, Таным, Әлеуметтік орта, Шығармашылық жетекші білім беру салаларының негізінде барлық балалардың тең құқылы, жеке және баланың дағдыларын дамыту ұстанымы есебімен құрылған.
Мектепке дейінгі ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша түрлі білім беру бағдарламалары ұсынылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда МЖМБС сәйкес «Балбөбек», «Қайнар», «Ұлан», «Мен жеке тұлға» мемлекеттік бағдарламаларымен қатар, «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) (2009 жылғы 21 қыркүйектен бастап №439 бұйрық) бағдарламалары бойынша жұмыстар сәтті жүргізілуде.
5-6 (7)жас балаларды сапалы мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету мақсатында Министрліктен екі оқу бағдарламасы «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлау жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы» әзірленді.
Аталған бағдарламалар мектеп жасына дейінгі баланың толықтай тұлғалық дамуын базалық біліктілікке және стандартпен қарастырылған білім беру салаларына сәйкес бастауыш мектепте білім беру және мектеп дейінгі білім беру арасындағы сабақтастық мәселесін нәтижелі шешуге ықпал етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету МЖМБС талаптарына сәйкес 3 жастан бастап оқу жоспарына енгізіледі және міндетті болып қарастырылады.
Әрбір сабақ үшін тілдік үлгілер балалардың тілдік жас ерекшелік мүмкіндігі есебімен құрастырылған және ойын жағдайының және күнделікті қарым қатынас жағдайының құрылуы арқылы сөздік қорға енгізіледі.
Бағдарламалар ауызекі тілдің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық бағытында кіші фольклорлық формаларының материалы негізінде: әндер, тақпақтар, бала әрекетінде әртүрлі ойын, тренингтер, экскурсиялар, мерекелер және ойын-сауықтар сияқты әр түрлі жұмыс түрлерінде оқытуды қарастырады. Сонымен қатар аудио, видеоматериалдарды, көрнекіліктер, үстел үсті ойындарын қолдану арқылы.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1044 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТҮСІНІК ХАТ | Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері | МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ | Дәрістер | Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi | Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары.| Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)