Читайте также:
|
|
Жоспар:
Дәріс тезистері:
1.Меңгеруші мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы және басшысы, маманданған педагог болып табылады. Оның праволары мен міндеттері «Балалар бақшасының уставында» белгіленген.
Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі орта немесе жоғары педагогикалық білімі бар, педагогтық жұмыс стажы екі-үш жылдан кем емес адамдардан тағайындалады. Оның бүкіл қызметі мектепке дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру міндетін шешуге бағытталған. Ол балалар бақшасында педагогикалық және гигиеналық талаптарға толық сәйкес білім тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Ұжымда іскерлік, мақсат қоя білушілік және ынтымақшыл жағдай туғызады, оған жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Меңгерушінің жұмысын ұйымдастыру. Мектепке дейінгі мекеме-күрделі организм,соған орай меңгерушінің қызметі де сан қырлы. Меңгеруші - мемлекеттік мекеменің басшысы, сондықтан психо-педагогикалық теорияны үнемі оқып үйренуі, ҚР-ның қазіргі кезеңдегі ішкі және сыртқы саясатын білуі әрі оларды өзінің практикалық жұмысында басшылыққа ала отыруы керек. Меңгеруші жетік маман, ой өрісі кең, тәрбие процесін жақсы білетін адам болуы керек.
«Басқару үшін істі болу керек және тамаша әкім болу керек» - деген болатын В.И.Ленин.
Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісінің қызметі үш бағытта- тәрбие мен методикалық жұмысқа басшылық ету, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу, отбасымен жұмыс жүргізіп, ата-аналар мен қалың бұқара арасында педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру бағытында жүқргізіледі.
Тәрбие мен методикалық жұмысқа басшылық ету мыналарды көздейді:
Бұл міндеттерді іске асыру үшін меңгеруші кадрлармен жұмыс істеудің әр түрлі формаларын: жеке жұмыс түрлерін(топта болып, соңынан онда көріп-білгеніне талдау жасау, өзара араласу, консультациялар, жұмыстың әдістері мен тәсілдерін жеке өзінің көрсетіп беруі және басқалар) және коллективтік түрлерін(педагогикалық кеңестер, семинарлар, практикумдар, тәжірибелі тәрбиешілер ұйымдастырған ойындарды, сабақтарды, серуендерді және т.с. басқалардың келіп көруі,кейіннен коллектив болып талқылауы, коллективтік консультациялар және басқалар) қолданады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінде баланы тәрбиелеу ісі көбіне меңгеруші мен тәрбиеші-методистің бірлесе отырып жасаған басшылығының тиімділігіне байланысты болады. Методикалық жұмыста ұйымшылдықтың, жоспарлылықтың, қойылған міндеттің мейлінше қысқа мерзімде оңтайлы шешімін табуды қамтамасыз етудің, басталған істі аяғына дейін жеткізудің, болашақты көре білудің және соған коллективті жұмылдыра алудың маңызы зор. Меңгеруші В.А.Ленин «...басшы өзінің қалай басқарып отырғанына ғана емес,сонымен қатар өзінің басқаруындағы адамдардың не істеп отырғанына да жауап береді» дегенін есінде ұстауы тиіс.
Басшының міндеті- әрбір педагогтың твочкестволық өсуіне себебі тиетін жағдай жасап, дербес мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Методикалық басшылық жасай отырып, меңгеруші әрдайымп ең алдымен өзінің көмегі қажет болатын жерден табылуға тиіс. Тәрбиешілердің алғашқы тәлімгері, ғылым мен озық практика нәтижелерін іске асырушы болу- нақ соның міндеті.
Басшының міндеті- тәрбиешіні методикалық көмекшіқұралдар мен нұсқауларды дұрыс пайдалануға үйрену, оның жаңа тәсілдерді меңгеруіне көмектесу, мақсатқа жетудің-жеткіншек ұрпақты болашақта коммунизм құрылысына белсенді қатысуға даярлаудың неғұрлым тиімді жолдарын ұдайы іздестіріп отыруға үйрету.
Әкімшілік-шарушылық жұмыстың мазмұнына балалар контингенті жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, кіріс-шығыс сметасын жасау және қаржыны жоспарлы, үнемді жұмсау, жоспарлау және финанс тәртібін сақтау енеді.
Балабақшаның әрбір қызметшісі адамының еңбегімен жасалғанның бәрі біздің ұлттық байлығымыз екенін, оны орынсыз жұмсау,ысырап ету-қоғамға зиян келтіретінін жете түсінуі керек. Меңгеруші коллективтің барлық мүшелерінің бойында ұқыптылық сезімін тәрбиелеуге қамқорлық жасауы, олардың осы қасиетін балаларды тәрбиелеуге бағыттап отыруы қажет. Осы күнгі мектепке дейінгі мекемеде меңгерушінің шаруашылық жөніндегі орынбасарының міндеті ауқымды. Басшы өзінің орынбасарын шаруашылық жұмыстарын жүргізу өнеріне ұдайы байлып отыруы, оны белгілі бір шаруашылық істің педагогикалық қажеттілігін түсінуге үйретуі тиіс. Меңгерушінің әкімшілік-шаруашылық қызметі құрамына балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, балалардың жазғы сауықтыру демалысын өткізу, қамқоршы қызметкерлерді дұрыс орналастыру және олардың мамандығын жетілдіру, еңбек тиімділігіне жағдай жасау енеді.
Балаларға дене, ақыл-ой адамгершілік, еңбекң эстетикалық тәрбие беру мақсатында меңгеруші балалардың ісін, оларды тәрбиелеу мен оқытудың материалдық-техникалық базасын педагогика және гигиена талаптарына сәйкес ұйымдастырады;
учаскенің жоспарлануы мен жабдықталуын баланың түрлі ойындарды ойнауына және еңбек іс-әрекетіне сай қарастырады;
педагогикаклық кадрлардың «Балалардың мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің басшы және педагогикалық қызметкерлері мамандықтары дәрежелері сипаттамаларына» сәйкес орналастырылуын қадағалайды.
Кадрларды орналастыру кезінде тәрбиешілердің әкімшілік міндеттері мен балалармен жүргізген жұмыс стажы ғана емес, сонымен бірге қызметкерлердің жеке басы ерекшеліктерін, олардың икемін, адамдармен психологиялық қарым-қатынасын да есепке алуы керек. Кадрларды ойластырып орналастыру тәрбиешілердің топты мектепке дейін жеткізуіне жәрдемдесуге тиіс.
Меңгеруші дәрігермен бірге балаларға медициналық қызмет көрсету шараларын: жүйелі медициналық бақылау, вакцинация және басқа алдын алу шараларын белгілейді.
Ата-аналармен істелетін жұмыстың және педагогикалық насихаттың құрамына мыналар кіреді: тәрбиешінің ата-аналармен байланыс жасауына, жұмыстың жеке және коллективтік түрлерін (әңгімелер, консультациялар, балалардың отбасыларында болу, топтық жиналыстар, көрмелер, лекциялар, жалпы ата-аналар жиналыстары, конференциялар, көрнекі насихат және басқалар) өткізуіне көмектесу, ата-аналар комитетіне ьасшылық жасау, бұқара халық арасында педагогикалық білімді насихаттау, отбасындағы тәрбиенің оңды тәжірибесін зерттеп, тарату.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының басшысының
(меңгерушісі) лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.
2.Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне қойылатын талаптар. Меңгеруші өз жұмысында ҚР-сы үкіметінің халыққа білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мекемелері жөніндегі шешімдерін басшылыққа алып, ол шешімдерді творчестволықпен іске асыра білуге тиіс.
Жоғары саналылық пен саяси икемділік, принциптілік, өзіне және қарамағындағыларға талапкершілік оларға деген құрметпен ұштасады – міне, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне қойылатын міндетті талап осындай. Ұжымдағы өзара дұрыс қарым-қатынас әрбір қызметкердің еңбек тәртібі мен өндірістік тәртіпті сақтауына көмектеседі.
Басшының лауазымы меңгерушіні өзінің идеялық-теориялық дәрежесі мен мамандық шеберлігін үздіксіз көтеріп отыруға, педагогикалық білімдерді, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен практикасын мықтап меңгеруге, қазіргі кезеңде мектепке дейінгі мекеменің алдында тұрған міндеттерді білуге, өз білімін практикалық қызметте пайдалануға міндеттейді.
Мектепке дейінгі мекемеге басшылықты барлық қызметкерлердің басты назары үнемі балаларда, оларды жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға қамқорлық жасауда болатындай етіп жүзеге асыру қажет.
Меңгеруші бағдарламалық-әдістемелік, нұсқаулық, нормативтік құжаттарды жақсы білуге, оларды өз жұмысында басшылыққа алып отыруға тиіс. Ол педагогикалық процестің мәніне терең бойлап, жетістіктер мен олқылықтарды айқын көріп, кемшіліктерді жоюға дереу шаралар қолданып отыруы керек.
Мектепке дейінгі мекеменің басшысы қызметкерлердің жұмысына ұдайы бақылау жасап, оларға практикалық көмек көрсетуге, олардың әрқайсысының еңбегін әділ бағалауға, кемшіліктерге төзбестік тәрбиелеуге, іскерлік сын мен өзара сынды өрістету үшін барлық жағдайды жасап, басшылықтың сыннан өткен бұл әдісін жалпы жұмыс сапасын жақсарту мақсатында пайдалануға тиіс. Бүгінгі басшы жаңа, озат атаулының бәрін қолдап, мекеме қызметінің перспективасын көре білуі керек.
Меңгеруші басшылығының стилі іске мемлекеттік тұрғыдан қараумен, мекемеде іскерлік, шығармашылық, өзара көмек, өзара құрмет ахуалын туғызумен айқындалады.
3.Меңгеруші жұмысының мазмұны. Меңгеруші жұмысының мазмұны балалар мекемесінің алдында тұрған міндеттерден туындайды және мынадай бөлімдерді қамтиды: әкімшілік-шаруашылық және ұйымдық-педагогикалық қызметке басшылық ету; методикалық және тәрбие жұмысына, сондай-ақ ата-аналармен жұмысқа басшылық ету. Мекеме жұмысының барлық бөлімдері өзара байланысты және оның қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды.
Әкімшілік-шаруашылық және ұйымдық-педагогикалық жұмысқа басшылық балалардың өмірі мен қызметі үшін, оларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті материалдық жағдайларды жасауға және жетілдіруге бағытталған (тамақтың жеткілікті және алуан түрлі болуы, дұрыс күн режимі т.б.). Меңгеруші барлық үй-жайлардың, учаскелердің жабдықталуын және көркейтілуін, жөндеу жұмыстарының жүргізілуін, педагогикалық құралдар мен ойыншықтардың алынуын қамтамасыз етеді. Ол мектепке дейінгі мекеменің бүкіл финанас-жоспарлау қызметіне басшылық етеді, кадрларды іріктеу және орналастыру жұмысын жүзеге асырады, жазғы сауықтыру шараларын, жаңа оқу жылына дайындықты, балалар мерекелерін өткізуді, үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық күйіне бақылауды, т.б. жүзеге асырады.
Басшылықта «Балалар бақшасының уставына» және «Балалар бақшаларының қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне» сәйкес педагогтар мен қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын ұйымдастыру мәселелері маңызды орын алады.
Тәрбиешілерді орналастырған кезде олардың білім дәрежесін, балалармен практикалық жұмыс тәжірибесін, жеке сапасын ескеру қажет. Тәрбиеші, әдетте, балалар тобын мектепке бергенге дейін алып баруға тиіс.
Мектепке дейінгі мекеменің қызмет көрсетуші персоналына мыналар жатады: шаруашылық меңгерушісі, бухалтер, аспазшы, азпазшының жәрдемшісі, үй сыпырушы, күтушілер, қоймашы, кір жуушы, ағаш ұстасы, т.б. Шаруашылық меңгерушісіне қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына басшылық ету және мектепке дейінгі мекеме мүлкінің сақталуы үшін материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Қызмет көрсетуші персонал онсыз балаларды тәрбиелеу процесін жүзеге асыруға болмайтын жағдайлар жасайды: оның қамқоршыл қолымен балалар бақшасында тазалық пен тәртіп сақталады, балалардың толық құнды тамағы, күтімі қамтамасыз етіледі.
Тәрбиеші мен қызмет көрсетуші персонал мектеп жасына дейінгі балаларға коммунистік тәрбие беру міндетін шешуге қабілетті біртұтас, ынтымақшыл коллектив құрайтын болуға тиіс.
Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі қызметінің маңызды тарауы коллективтегі методикалық және тәрбие жұмысына басшылық ету болып табылады. Ол бұл жұмыстың барлық қызметкерлердің идеялық-теориялық дәрежесі мен педагогикалық мамандығын арттыруға бағытталған алуан түрлі формаларын ұйымдастырады. Методикалық шаралар педагогикалық коллективті жаңа білімдермен, іскерліктермен, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ұтымды әдістерімен және тәсілдерімен қаруландырады, жұмыс сапасын жақсартуға көмектеседі.
Методикалық басшылық әр түрлі формаларда жүзеге асырылады, бұлар: педагогикалық советтер, оқу сағаттарын, серуендерді, ойындарды т.т. ашық байқау; педагогикалық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру; жас топтарын арнайы аралап көру, олардың жұмысын фронтальды және тақырыптық тұрғыдан тексеру; тәрбие жұмысының жоспарын қарау және талдау; жеке және коллективтік консультациялар беру.
Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық кеңесі – коллегиялы, тұрақты жұмыс істейтін ұйымдық-методикалық орган, ол тәрбиешілердің мамандық шеберлігін көтерудің аса маңызды формаларының бірі болып табылады. Оның міндетіне мыналар кіреді: партия мен үкіметтің шешімдері тұрғысынан балаларды тәрбиелеу мен оқытудың актуальды мәселелерін талқылау, ол шешімдерді орындау жөнінде нақты шаралар белгілеу; «балалар бақшасындағы тәрбие программасының» жұмысын практикаға енгізу; озат тәрбиені зерттеу, жинақтау және тарату және т.б.
Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны жылдық жоспармен белгіленеді. Советте балаларды тәрбиелеу сапасын жақсарту үшін зор маңызы бар мәселелер, мектепке дейінгі мекеме қызметінің айқындаушы перспективалары талқыланады. Педагогикалық кеңес жұмысының тиімділігі оның әрбір мәжілісін мұқият әзірлеуге, ұсынылған мәселелерді талқылауға қатысатын тәрбиешілердің белсенділігіне, шешімдердің нақтылығы мен олардың орындалуын тексеріп отыруға байланысты.
Педагогикалық кеңестің құрамына меңгеруші, тәрбиеші-методист, тәрбиешілер, тәрбиеші-сестралар, музыкалық жетекші, дәрігер (немесе аға медициналық сестра), ата-аналар комитетінің председателі кіреді. Кеңестің барлық мүшелерінің шешуші дауысы бар. Кеңестің төрағасы болып меңгеруші тағайындалады; оқу жылына тұрақты хатшы сайланады. Кеңес мәжілісі кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
Оқу сағаттарын, серуендерді, ойындарды, режимдік процестерді байқау жұмыс тәжірибесін алмасу мақсатымен жүргізіледі. Оқу сағаттарын байқау меңгерушінің немесе тәрбиеші-методистің басшылығымен өткізіледі және міндетті түрде талқылаумен аяқталады, талқылау барысында тәрбиеші жұмысының жақсы жақтары атап көрсетіледі, байқалған кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар айтылады. Таңдаулы тәжірибе нақты жас тобындағы жұмыс ерекшеліктері мен балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қолдануға ұсынылады.
Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық кабинеті «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасын» іске асыруда тәрбиешілерге методикалық көмек көрсету үшін, сондай-ақ олардың жұмысының таңдаулы тәжірибесін жинақтап, тарату мақсатымен ұйымдастырады. Кабинетте қажетті саяси, методикалық және балалар әдебиеті, көрнекі құралдар, педагогикалық құжаттардың үлгі нұсқалары (жылдық, календарьлық жұмыс жоспары, есептер), тәрбиеші, музыкалық жетекші жұмысының тәжірибесінен материалдары (баяндамалар, оқу сағаттарының конспектілері, тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарлар мен есептердің үлгі нұсқалары, балалар ойындарының сипаттама жазбалары, ата-аналар жиналыстарының, ашық сабақтарды талқылаудың протоколдары, таңдаулы балалар еңбектері, фотостендер т.б.) болуға тиіс.
Меңгерушінің жас топтарын арнайы аралап көруі олардың оқу-тәрбие жұмысының қалай қойылатынын зерттеу, ең жақсы тәжірибені ашу, кемшіліктердің алдын алу және жою үшін мекеменің жылдық жоспарларына сәйкес ұдайы жасалады.
Балалармен жұмысты қадағалап, талдай отырып, меңгеруші «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының» орындалуын, тәрбиешінің пайдаланатын тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін, балалардың білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының дәрежесін тексеруге мүмкіндік алады. Ол тәрбиешінің мамандық шеберлігі артқандығының, алған білімін практикалық жұмыста қолдана білуінің нәтижелерін бағалайды. Осымен бірге меңгеруші, әр түрлі жас топтарын аралай жүріп, жекелеген тәрбиешілер мен бүкіл педагогикалық ұжымның жұмысына өз басшылығының пәрменділігін анықтайды.
Балалар бақшасының меңгерушісі жас топтары бойынша оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауға көп көңіл бөледі, жоспарларды қарап, талдау жасап отырады. Жоспар «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының» жүйелі және дәйекті түрде орындалуын, әрбір топта жұмыс істейтін тәрбиешілерге қойылатын талаптардың бірлігін, олардың қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Меңгеруші жас тәрбиешілерге үлкен көмек көрсетуге тиіс. Меңгеруші олардың педагогикалық шеберлікті меңгеруіне, ата-аналармен байланыс орнатуына жәрдемдеседі, өз күшіне сенімдерін туғызады. Осы мақсатпен әртүрлі әдістер; балалар коллективін ұйымдастыруды, оқу сағаттарын, ойындар өткізуді нақты көрсету, педагогикалық документация жасауға көмектесу, методикалық әдебиеттер ұсыну т.т. әдістер пайдаланылады. Әр түрлі формада жүргізілетін ұстаздық өте тиімді нәтиже береді.
Тәрбиешілердің жұмысын бағыттап және бақылай жүріп, меңгеруші творчестволық инициативаны, бағалы бастамаларды көтермелеп отырады, балаларға жан-жақты тәрбие беруге көмектесіп сәтті әдістер мен тәсілдерді атап көрсетеді, ең үздік тәрбиешілердің табысын бүкіл коллективтің игілігіне айналдыру үшін жұмыс тәжірибесін алмасуды ұйымдастырады.
4.Тәрбиешілердің мамандығын арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Тәрбиешілердің идеялық-теориялық дәрежесі мен педагогикалық мамандығын арттыру ең алдымен мектепке дейінгі мекеменің өзінде меңгерушінің басшылығымен жүзеге асырылады.
Тәрбиешілер аудандық оқу бөлімі жанындағы семинарлар мен үйірмелерде педагогикалық-психологиялық ілімнің негіздерін, ҚР-сы үкіметінің қызметін, еліміздің өмірін ашып көрсететін құжаттар мен материалдарды оқып үйренеді, халықаралық жағдай туралы лекциялар тыңдайды т.т. Олардың педагогикалық мамандығын арттыру педагогикалық советтерде, ашық сабақтарда, педагогикалық жаңалықтарды, журналдарды, көрнекі құралдарды талқылау процесінде жүзеге асырылады. Бұдан тыс, осы мақсатпен әрбір тәрбиеші ауданның методикалық кабинеті ұйымдастыратын қоғамдық-саяси және методикалық шараларға белсенді қатысуға міндетті. Меңгеруші тәрбиешілердің бұл жұмысын бақылап, оның мазмұнымен танысып отырады, балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісіндегі бағалы нәрсенің бәрін педагогикалық коллективтің игілігіне айналдыру үшін шаралар қолданады.
Қазіргі қолданылып жүрген ереже бойынша әрбір тәрбиеші оқу бөлімі ұйымдастыратын курстарда 3,5 жылда бір рет өзінің мамандығын арттыруға тиіс.
5.Ата-аналармен жұмысқа басшылық. Мектепке дейінгі мекемелер балаларға коммунистік тәрбие беруді семьямен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Ата-аналармен жұмысты меңгеруші бағыттап отырады. Ол ата-аналардың әлеуметтік құрамын, кәсіби, жұмыс орнын, білімі мен мәдени дәрежесін, семьясының құрамы мен тұрмыс жағдайын, тәрбие мәселелеріне ықыласын біледі. Семьямен байланыстың, қатынастың нығаюы меңгеруші мен педагогтардың барлық белгілі формаларды пайдаланып, жаңа формаларды аша отырып, бұл жұмысты мазмұнды, сенімді, ұғымды етіп ұйымдастыра білуіне байланысты.
Меңгеруші ата-аналардың жалпы жиналыстарын өткізеді, топ жиналыстарын әзірлеуге, көрмелер, консультациялар, лекциялар және ата-аналар үшін басқа да шаралар ұйымдастыруға басшылық жасайды.
Меңгерушінің тікелей басшылығымен ата-аналар комитеті жұмыс істейді.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 7931 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру. | | | Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау. |