Читайте также:
|
|
Смета. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, қоғамдық тұтыну қорынан қаржыландырылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің қазіргі бар жүйесін қаржыландыруға және оны кеңейтуге мемлекет жыл сайын орасан мол ақша қаражатын бөледі. Осының өзі-ақ үкіметтің ана-әйелдерге және балаларды тәрбиелеуге деген қамқорлығының айқын куәсы болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын шығынды өтеуге ата-аналар үлкен үлес қосады. Оларды төлем мөлшері әке мен шешенің (немесе олардың орнындағы кісілердің) жалақысының жалпы сомасына қарай белгіленеді. Көп балалы ата-аналар, жалғыз басты аналар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мемлекет тағайындаған жеңілдіктермен пайдаланады. Ата-аналардың төлемдері баланы күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын жалпы шығынның орта есеппен 15-20 проценті шамасында болады.
Мектепке дейінгі мекемелердің ақша қаражаты жөніндегі қажеті смета деп аталатын финанс жоспары негізінде белгіленеді. Смета – мемлекеттік жоспар-финанс документі, онда календарлық жыл ішінде мекемені ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражаттың мөлшері белгіленген. Жаңадан ашылатын мекемені ұстауға арналған шығын оны пайдалануға берген сәттен бастап есептеледі.
Смета белгіленген форма бойынша жасалады да,оны мектепке дейінгі сол мекеме бағынатын жоғары тұрған ұйым (оқу бөлімі немесе ведомство) бекітеді. Онда барлық шығындар мен оларды жабатын көздер (мемлекеттік бюджет пен ата-аналар қаржылары) ескерілді.Жазғы сауықтандыру шараларын өткізуге арналған шығын негізгі сметаға енгізілмейді. Ол үшін қосымша смета жасалады.
Сметада шығынды жоспарлау жылына әр балаға шаққандағы есеппен әрбір статья бойынша жұмсалатын шығынның мемлекеттік нормалары негізінде бюджеттік классификацияның статьялары бойынша жүзеге асырылады. Айқындаушы нәрсе - мектепке дейінгі мекеме қызметінің көлемін сипаттайтын өндірістік көрсеткіштер: (балалардың ясли жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалардың) контингенті; топтардың саны, олардың толтырылымы; мекеме жұмысының ұзақтығы; онда жыл ішінде бір баланың қанша күн болатындығының жоспарлы саны. Бұдан басқа,сумен жабдықтауға т.б. жұмсалатын қаржының мөлшері көрсетіледі.
Смета мектепке дейінгі мекемені ұстауға, соның ішінде жалақыға, әлеуметтік сақтандыруға, кеңсе, оқу, шаруашылық шағындарына, балалардың тамағына, командировкалар мен қызмет бабындағы жүрістерге, жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алуға, үйлер мен ғимараттардың күрделі ремонтына көзделген шығынның барлық статьяларын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі мекеменің меңгерушісі сметаға сәйкес ақша қаражатын жұмсаған кезде штаттық финанс тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мектепке дейінгі мекемелердің финанстық қызметін сол республиканың финанс министрілігінің бақылау – тексеру басқармасы мен оның жергілікті ұйымдары, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер қарайтын жоғарғы ұйымдар жүйелі түрде бақылап отырады.
Штат. Мектепке дейінгі мекемені педагог, медицина кадрларымен және қызмет көрсетуші персоналмен комплектілеу тәртібі «Балалар бақшасының уставы», «мектепке дейінгі мекеме – ясли-бақша туралы уақытша ереже» негізінде типтік штатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы әрі басшысы меңгеруші болып табылады, ол қалалық (аудандық) оқу бөлімінің немесе ведомствоның (халыққа білім беру органдарымен келісілген) бұйрығымен тағайындалады.
Мектепке дейінгі мекеменің алғашқы қызметкерлері қатарында оның ашылуынан бір-екі ай бұрын меңгеруші бухалтерді (орталықтандырылған бухалтерия болмаған жағдайда) жұмысқа алады, солармен бірге мекемені ұстауға арналған смета жобасын жасап, мекемені жабдықтауға кіріседі. Мекеменің ашылуына 1 ай қалғанда меңгеруші халыққа білім беру бөлімі арқылы тәрбиеші кадрларды іріктейді.
Нақ сол кезеңде қызмет көрсетуші персонал: үй сыпырушы, күтушілер, ас үй қызметкерлері, кір жуушылар т.б. жұмысқа алынады. Жұмысқа алу кезінде әрбір қызметкер «Балалар бақшаларының қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелерімен», «Балалар бақшалары мен балалар алаңдарында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаумен» танысады.
Мекеме ашылғанға дейін барлық қызметкерлер, лауазымдарына қарамастан, оны жабдықтаумен және безендірумен шұғылданады, балаларды қабылдауға дайындалады. Ұйымдастыру кезеңінде меңгеруші әрбір қызметкердің іскерлік және жеке басының сапасын мұқият зерттейді, тәжірибелі тәрбиешілерді жаңа бастаушылармен ұштастыра отырып кадрларды орналастырады. Қызметкерлерді балалар бақшасын жұмыс режимімен таныстырады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1934 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері | | | Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар. |