Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары.

Читайте также:
  1. Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
  2. Вопрос32 Н.А.Рыбников «акмеология» терминін ғылыми айналымға қай жылы енгізді?
  3. Вопрос6 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  4. Вопрос69 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  5. Мектепке дейінгі білімді басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасы және құрылымы.
  6. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница
  7. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница

Жоспар:

1. Ғылыми басқарудың негізгі ұғымдары.

2. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері.

3. Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері.

4. Басқару әдістері.

Дәріс тезистері:

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Басшының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық болып табылады.

Басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненттері. Қазіргі заманғы басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Басшы басқару қызметінің процесінде басқарудың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, балабақшаішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері педагогтары жұмысының ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.

Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және балалар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.

Басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспарластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Меңгерушінің басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.

Басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Басшының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде басшы тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.

Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы

мүмкін.

Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі

Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың»Бала құқықтары туралы Б¥¥ Конвенция-сына» сәйкестігі.

Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.

Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шаралары. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы және оның қызметінің мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады; Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері-нің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлерді мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау; Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберетін мұғалімдердің кандидатурасын талқылау және бекіту, озат мұғалімдерді әртүрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептің ғылыми-зертеу мекемелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында әдістемелік қызмет, орталық құру. Педагогикалық кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында — дайындыққа мұғалім-дерді, оқушылар мен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтеді. Педкеңесті өткізудің алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі мүмкін. Педкеңес мәжілісіне мектеп өмірі мен қызметінің принципті мәселе-лері еңгізіледі. Педкеңес мәжілісінің жүгін жеңілдету үшін мектептерде ұйымдастырудың директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес мұғалімдер, басшылар үшін міндетті болғандықтан онда оқу-тәрбие процесін ұймдастыруға тікелей қатысты мәселелер талқыланады. Ондай мәселелер қатарында оқу үлгерімі ішкі тәртіптің сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте жекелеген мұғалімдердің білім стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы жұмысы және т.б. мәселелер қаралуы мүмкін. Кеңестің өткізілуі жиілігін мектеп директоры белгілейді. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның әкімшілік компетенциясына жататын ағымдағы мәселелер қаралады. Бұндай кеңестерді өткізу мектептің тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірінғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта өткілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.

Балалардың мектепті басқару ісіне қатысуының тиімді формасы сайланбалы орган-оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеуі. Балалардың оқушылар комитеті-нің түрлі комиссияларына қатысуы мектеп өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-тасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.

Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделігіне қарай мақсатқа жеткізеді.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 628 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Педагогика және психология факультеті | ТҮСІНІК ХАТ | Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері | МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ | Дәрістер | Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi| Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)