Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница

Читайте также:
  1. Castle of Indolence. 1 страница
  2. Castle of Indolence. 2 страница
  3. Castle of Indolence. 3 страница
  4. Castle of Indolence. 4 страница
  5. Castle of Indolence. 5 страница
  6. Castle of Indolence. 6 страница
  7. Castle of Indolence. 7 страница

Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.

Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:

I кезең — мектеп бейнесін жасау. II кезең – оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері,байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.

Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.

Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.

Мектептің тәрбие жүйесі – жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.

Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі төмендегідей:

- мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы.

- оқушылардың дамуына бағытталған мектепішілік басқарудың құрылымы

- жалпы мектепішілік дәстүрлі шаралар, мектеп ұйымдарын, бірлестіктерін қалыптастыру

- жоспарлау

- нәтижені талдау және оны болашақта практикаға енгізу

Тәрбие жүйесі қызметі тиімділігінің сапалық көрсеткіштері:

- Мұғалімнің, оқушының, ата-ананың түсінігіндегі мектеп бейнесі.

- Тәрбие жүйесінің өте жақсы нәтижесі – мектеп түлегі.

- Ұжымдағы психологиялық ахуал, мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы

- Жүйенің әр түрлі субъектілерінің арасындағы өзара байланысы.

- қоғамдағы мектептің беделі.

Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:

- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі;

- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);

- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.

Мектепте тәрбие жүйесін жүзеге асыру мақсатында мынадай тәрбие орталығы құрылады:

 

 

Мектептің тәрбие жүйесі -мектептің тұтас әлеуметтік педагогикалық құрылымын құрайтын және тәрбиенің күшті және ұдайы әрекет ететін факторы болып табылатын өзара байланысты компоненттердің (тәрбие мақсаттары, оларды іске асыратын адамдар, олардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы, басқа да қатынастар, өмірлік кеңістік) жиынтығы Мектептегі тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін,олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды.

Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, әрі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.

Қоғамдық-сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.

Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).

Балалар ұжымын дамыту процесінде тәрбиеші қызметінің мазмұны мен міндеттері өзгеріп отырады.

Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық — іс-әрекеттік, технологаялық, нәтижелілік – бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.

Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу — күрделі іс. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек. Сынып жетекшісі, тәрбиеші — бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы үлкен жолдасы, дем беруші, кеңесші, көмекші, қамқоршы, қорғаушы, ой салушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы, қызметкер, т.б. Ол оқушьшармен, ата-аналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс тізе отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін – өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларға өзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысқаны жөн (эмблема, айырым белгілері, көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды, дәстүрлерді ұйымдастыру).

Сынып жетекшісінің екінші міндеті – психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі – ең алдымен ересектер мен балалардың сүйіспеншілігі мен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек.

3. Тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:

1. жеке дара-топтық;

2. құндылық-бағдарлы

3. атқарымдық-әрекеттік

4. кеңістіктік-уақытты

5. диагностикалық-нәтижелілік.

Жеке-дара-топтық компонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы.Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:

· сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,

· пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.

Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.

Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады:

ü Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;

ü Мақсат, міндеттері;

ü Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы

ü Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.

Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбие-леудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.

Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:

ü Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;

ü Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері

ü Сыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,

Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.

Кеңістіктік-уақытты компоненті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;

ü Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;

ü Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;

ü Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.

Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;

ü Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы

­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

­ Сыныптың абырой беделі;

­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұны, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.

4. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқыту процесін технология-ландыру – педагогикалық ғылым мен практиканың келешегі бар бағыты болып отыр. Отандық технологиялардың ішінен жоғары сұранысқа ие болып жүрген технологиялардың бірі – «О қытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысындағы оқыту үрдісіне енгізу арқылы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту Мемлекеттік Тұжырымдамасы мен 2010-2020 жылдарға дейінгі Бағдарламаларын жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады, яғни: 1) нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға жағдай жасалады; 2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (мониторинг жүргізуге) қолайлы жағдай туады; 3) білім беру жүйесінің сапасын әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мұндай мектепте оқушы әр пәннің стандарт талабына сәйкес анықталған мазмұнын интерактивті және зерттеушілік әдістер арқылы өз бетімен меңгеруге үйренеді және әр тақырып бойынша құрылған үшдеңгейлік тапсырмаларды 12 жыл бойы біртіндеп орындап отыру арқылы сапалы да берік білім алады. Сонымен қатар, бұл мектеп: лицей, гимназияларда тереңдетіліп берілетін оқу мазмұнын; олимпиадалық тапсырмаларды; ғылыми жобалардың, факультативтік сабақтардың, үйірмелердің мазмұнын қамтитын 4-шығармашылық деңгей тапсырмаларын (әр оқушының жеке қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндер бойынша) орындатуға жағдай жасайтын универсалды мектеп бола алады. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі.

«Оқыту технологиясы» – негізінде, тоғыз компоненттен тұратын ұғым: 1) үрдістің мақсаты; 2) мазмұны;3), әдіс-тәсілдері немесе методы и приемы (әдіс-тәсілдер жиынтығы = әдістеме, яғни: методиканы құрайды), 4) оқыту формасы (жекеше, жұптық, топтық, фронтальды, ұжымдық); 5) құралы, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар (e-learning және онлайн оқытулары). Аталған бес компонент кез келген үрдіс жоспарының құрылымына кіреді (өндірісте, мысалы нан пісіру технологиясы, сондай-ақ оқытуда болсын).

Жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру үшін: 6) үрдісті басқарушы (мұғалім) мен орындаушы (оқушының) қызығушылығын тудыратын әрекеттер қолданылады; 7) орындаушының (оқушының) өз бетімен таным-дық қызметінің әрекеттері (қадамдары) орындалады; 8) басқарушының (мұғалімнің) басқару функциялары жүзеге асырылады); 9) НӘТИЖЕ (әр тақырып бойынша әр оқушы баға алса, сабақ технологиялық амал негізінде өткізілген болып саналады). Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын, мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады. Осыған орай, т уындайтын мәселе: біріншіден, дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден, гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім, біліктілігі және оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып. Бұл мәселенің шешімі бар. Оның шешу жолдарын профессор Ж.А.Караевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» технологиясы бойынша 2000 жылдан бері Республика көлемінде ББЖ КБАРИ тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстардан өткен еліміздің мыңдаған мектеп ұстаздары өз тәжірибесінде жүзеге асырып, тиімді нәтиже алуда.

ҮӘЖ технологиясының негізгі мәні (квинтэссенциясы) мен айрықша ерекшелігі – әр тақырып бойынша әр оқушының оқу жетістігі бағаланады. Ол үшін міндетті түрде барлық тақырып бойынша әр оқушымен сабақтың соңында кері байланыс (ІІІ кезең – нәтижеге бағытталған бөлімде) жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістігі әділ бағаланып, мониторингке тіркеліп отырылады. Мұндай амал дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдану барысында да қарастырылмайды.

Бірінші деңгей (В.П. Беспалько бойынша) – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандартта анықталған мазмұнның ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс алғашқы «Білу» қадамына сәйкес репродуктивтік әрекеттер жасайды. Сабақтың екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай?... құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Мысалы, тапсырмалар шарты: Бос орынға қажетті сөздерді жаз. (Асты сызылып курсивпен жазылған жауаптардың орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады. Шартты түрде әр деңгейдің бір тапсырмасы бір баллмен бағаланады).

Демек, оқушының 1-4 теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады. Бірінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтау үшін үлгісі бойынша берілген клесі 5-практикалық тапсырма орындалады.

Мұндай тапсырмалар сабақтың екінші кезеңінде бекіту тапсырмалары ретінде орындалған. Бұл үшінші кезеңдегі бірінші деңгейдің барлық тапсыр-масы дұрыс орындалған жағдайда «сынақ» тапсырылған болып саналады. Тәжірибе дәлелдегендей, «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемле-кеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса. Екінші деңгейде меңгерілетін мазмұн критерийлері Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс екінші «Түсіну» қадамына сәйкес тапсырмалар: а) бірінші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмалар. Қолданылатын сұрақтар түрі: оқушының бірінші деңгейде берген әр жауабына: неге? неліктен? себебі неде?, түсіндір сияқты сөздер қатыстырылған тапсырмалар беріледі. б) екінші деңгейде меңгері-летін мазмұнға қойылатын тағы бір талап (критерий) – оқушының «Талдау» жұмысын жасауға арналған тапсырмалар: 1)салыстыр, 2) айырмашылығы неде? 3) ұқсастығы неде? 4)тақырыптың басты идеясын жаз. Мұнда: салыстыруға алынатын объектілер тақырып аясынан шықпау керек және жоғарыда «Себебі неде?» деп берілген сұрақтардың жауаптары ішінен таңдалады.Екінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап бағалау үшін оқу материалын түрлі өзгертілген жағдайда қолдана білуге арналған практикалық тапсырма беріледі. Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4», яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса. Үшінші деңгейде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс бесінші «Жинақтау» қадамына сәйкес білімді қорытындылауға бағытталған тапсырмалар беріледі: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, тақырыптың басты идеясын кесте, тірек-сызба, сөзжұмбақ түрінде бер, ребус шеш сияқты сөздер тапсырмалар шартында болу керек. Егер үшінші деңгейде екі ғана тапсырма болса, онда әр тапсырмаға 1,5 балл 1,5 балл берледі (жоғарыдағы 3-деңгей тапсырмаларын қара). Үшінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап, бағалау үшін Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс соңғы алтыншы қадам: «Баға беруге», рефлексия жасауға бағытталған, яғни, күнделікті өмірде кездесетін проблемлық жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар 12-жылдық мектеп мазмұнында «құзырлылық тапсырмалары» деп анықталған. Тапсырмалар шартында «Сен қалай ойлайсың?», «....не істер едің?» сияқты сөзтіркестер болу керек. Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).Үш деңгейлік тапсырмалар жүйесі стандарт анықтаған мазмұнды ғана қамтиды және оларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгеретін болады, егер тапсырмалар Б.Блум теориясының негізінде іріктелген болса. В.П. Беспалько ұсынған төртінші меңгеру деңгейінің тапсырмаларын оқушылар жоғарыда меңгерген зерттеу әдісін пайдаланып, қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайда өз бетімен орындайды (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, үйірме, селективті курстар, факультатив сабақтар мазмұны, т.б.). Олар стандарттан жоғары мазмұнда болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 6542 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница| Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)