|
1. Мұғалім-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-мұғалім қарым -қатынасы, талдау жасау;
2. Жаңа технологияны қолдана отырып-семинар, ашық сабақ, конференция ұйымдастыру;
3. Оқушының білім сапасын, тәрбие деңгейін көтеру;
4. Білім және тәрбие беру үрдістерін жүзеге асыруда ата-аналарды бірлескен шығармашылыққа тарту;
5. Оқу-тәрбие жұмысының инновациялық тәжірибесін тарату.
Бірлескен педагогикалық іс-әрекеті 1 суретте беріген
Қазіргі оқушы, мұғалім, ата-ана,
Оқушы: тәрбиеленуші; білім алушы;жеке тұлға; болашақ маман; үздіксіз дамушы.
Ата-ана: баланы тәрбиелеуші; баланың басты ұстазы; баланың денсаулығын қадағалау
|
|
|
|
|
Курс жоспары
|
1 – Сурет. Бірлескен педагогикалық іс-әркет
Сынып жетекшісінің, мектептің жанашары; мұғалімдермен баласы туралы ой бөлісуші.
Бітіруші түлек тұлғасының моделі Жаңашылдықпен жұмыс істеу кезінде мақсатқа жету үшін бала тұлғасының мінездемесін, оның қалыптасуының әрбір кезеңінде бірлікте, өзара байланыста және бағыныштылыққа нақты елестете алу керек.
Өзін-өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұрғыдан дамыған әлеуметтік Қалыптасқан тұлға | |||
Білім мен білігі | Денсаулығы | Танымдық іс-әрекеті | Тұлғаның мәдениеті, өмірлік және адамгершілік айқындамалары |
Білім мен білігі
1. Білім алуды жалғастыру үшін қажетті базалық білімнің жеткілікті деңгейі;
2. Мәселені тұтастықта көре білу, пәнаралық деңгейдегі білімге еркін үйренісуі
3. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша тілді сауатты, әрі еркін меңгеруі;
4. Экологиялық сауаттылығы, адам мен табиғаттың өзара байланысын түсінуі
Денсаулығы
1. Салауатты өмір салты;
2. Денсаулығы мен дене тәрбиесіне саналы қарауы
3. Стресстен қорғана білуді, өзін-өзі көмек
4. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің қарапайым тәсілдерін қолдана білуі, төтенше жағдайда әрекет ете білу қабілеттілігі.
2.3. Сынып жетекшінің қиын балалармен жұмыс әдістемесі.
Жоспары:
1. Оқушының жеке басын танып білу
2. Сынып жетекшінің қиын балалармен жұмыс істеу жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері.
3. Сынып жетекшінің жеке оқушымен жұмысының маңызы.
1. Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зертеудің, соның негізінде тәрбие процесінің нәтижесінің тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалык және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылықтарын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата - аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез- құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкендер алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алдында бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.
Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар педагогикалық, психологиялық, социологиялық, этикалық т.с.с болып келеді. Бүгінгі таңда олар әрбір ұстаздың педагогикалық әрекетінде пайдалану мұмкіндігіне ыңғайлы. Әсіресе, мектеп өміріне психологиялық қызметті енгізуге байланысты оның маңызы ерекше болып отыр. Ол сынып жетекшісіне әрбір оқушының өзіндік ішкі жан дүниесінің жағдайын бұрынғыдан да жетік танып білуге мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол мұғалімдерден тағайындайды. Сынып жетекшісін тағайындау қызметі негізінен оқушылардың бастауыш сыныптан кейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі.
Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Себебі, сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты - оқушыларды жан-жақты білуі.
К. Д. Ушинский: “Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс" - деген.
Н. К. Крупская: "Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек. Балаларды осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шыңдап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуға жаттандылық, теңгермешілік жолына тусіп кету оңай", - деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады.
Сыныпты тұңғыш рет қабылдай отырып, оның жетекшісі оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, соның барысында ол деректер жинайды. Онда оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне, жалпы дайындық дәрежесіне маңыз бере отыра, сыныптағы оқушылар құрамын мұқият танып біледі. Сонымен бірге сыныпта оқушыларды орналастырып отырғызу, олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін, құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез- құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшеліктерін, ұйымшылдығымен белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси- моральдық жағдайдың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда берері мол.
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,
өзінен бұрынғы жетекшілік өткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.
Оқушының жеке басын танып білуде, оның оку әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның окуға деген ынтасын, психикалык процестерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жұйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай щараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі оқушының нендей нәрсеге қызыға қарайтынын, нендей нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу - оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.
Сынып жетекшісінің өз оқушыларының үй жағдайларымен танысуы, сонымен бірге ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың педагогикалык білім дәрежелерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Ендігі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылының өн бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудін ңәтижесін үнемі жазып, талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына койылған мақсатқа байланысты.
Зерттеудің нәтижелерін қорытындылау барысында оқушылардың әрқайсысына жеке-дара психологиялық мінездеме жазып, соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісіне қатысты шаралар белгіленеді.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар калыптасқан:
Зерттеуді бастамастан бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.
Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.
Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.
Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдыр-мау.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объекіивтік жағдай-ларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.
Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез - құлық ерекшелік-терін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.
Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.
Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.
Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы материалдың болуын қажет етеді.Психологиялық-педагогикалық мінездемеде жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады.
1. Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.
2. Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.
3. Темперамент және мінез ерекшеліктері.
Оқушының жеке басын танып білуге қандай бағыттаңдап алынса да, алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат пен оның мектепке қатынасын және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасын анықтау қажет.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2803 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | | | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |