Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница

Читайте также:
  1. Castle of Indolence. 1 страница
  2. Castle of Indolence. 2 страница
  3. Castle of Indolence. 3 страница
  4. Castle of Indolence. 4 страница
  5. Castle of Indolence. 5 страница
  6. Castle of Indolence. 6 страница
  7. Castle of Indolence. 7 страница

5. Жаhандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндеттер бойынша жас­тар­дың дүние­та­ны­мын өзгертіп, олар­дың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құш­тар­лығын оятуға, отансүйгіштік қасие­тін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтар­ды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел эко­номикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да бай­ла­нысты. Білім жүйесін әлемдік дамыған инно­ва­циялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.

Отандық және шетелдік зерттеушілердің ойына қарағанда, жаһандану жағдайында өмір сүретін болашақтың адамы ерекше құзыреттілік ие болуы керек олар:өзара ынтымақтастық, мотивациялық факторларды нұсқау етіп пайдалану,барлық жағдайда да шыдамды, тілдерге бейім, азаматтық борышы мықты болу міндет.

Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануының мақсаты:

1.Әлемдік жаhандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануының кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнын ұлттық құндылықтармен, мәдениетаралық түсінік-пайыммен, ақпараттық жетістіктермен, тілдік (ана тілі мен шетел тілдері) байлықпен толықтыру.

2.Жастардың бойында қоғам­ның экономикалық және әлеуметтік са­ласына деген практикалық таным негізін қа­лыптастырып, өзінің, отбасының, достары­ның, айналасының, жалпы қоғамның әл-ауқатын ойлайтын жауапкершілігін сезін­діру.

3.Шыққан әлеуметтік тегіне қарамай, талантты да белсенді, білімді де ойлы жастарды толық қолдау арқылы қоғам­ның әлеуметтік икемділігін қамтамасыз ету қажет. Осы арқылы жас буынның ақылды адам денсаулығы зор,рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.

4.Білім мәдениеті мен қоғам алдындағы жауап­кершілікке бағытталған кешенді іс-шараны жағымсыз нәрселерді (наркомания, бейәдептілік, т.б.) аластатуға бағыттап құру.

5.Білім – еркіндік пен таңдаудың көзі әрі дем берушісі. Білімге әлеуметтік тапсырыс беруші – жалғыз мемлекет емес, мүдделі мекемелер, ойлы да іскер адамдар болуы тиіс.Орта мектептер жаһандану заманындағы білім эконо­микасының өзегі болып, еліміздің инновациялық дамуының қоз­ғаушы күшіне айналуының шарттары. Сондықтан мектептерде неғұрлым білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы таза, серпінді, шығармашыл, толық­қанды болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеден табылады. Нәтижесінде отбасында, қоғам өмірілік құныдылықтар жақсарып, сапалық көрсеткіштер жоғарылайды.

Бүгінде дүниежүзі мемлекеттері мен олардың білім жүйелері жаhандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа страте­гия­­лары мен бағдарламаларын ұсынып отыр. Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Білім саласындағы жаңа ойлар мен жаңалықтар – әлемнің бейбіт дамуының кепілі. Әрине, бұл дамудың және интеграциялануын уақыт пен жағдай анықтайтыны өз межесімен, өз бағамы аз емес екені белгілі. Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім-ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға бағыт ұстанғаны айдай анық.

Алдағы уақытта да заман талабына сай білімді әлем­дік деңгейге жеткізудің бірден-бір жолы, бұл – инновациялық қызмет. Сол үшін әр ұстаздың ал­дында оқу мазмұнын жаңарту, өзі­нің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап, озық техно­ло­гияны жетік меңгеріп, әр күнгі саба­ғына тиімді әдіс – тәсілді пайдалану, тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – бі­лім­ді ұрпақ тәрбиелеу міндеті бо­лып табылады. Біздің мектепте де оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Жас ұр­паққа топтық, ойын, тірек сигнал­да­ры, модульдік тестік жүйе, интер­ак­тивті, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту технологиялары бойынша білім беруде. Бұл Елбасы алға қойған міндет, заман талабына сай ғылыми – техникалық білім қалыптастыру.

Әр дамыған мемлекет жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы мен интеграциялануы бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми әлеуетімен өлшенеді. Осы мәселе бойынша білім саласында инновациялық даму ұлтымыздың жаңа технолгиясын дамыту.

Шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, оқу процесін ұйымдастыру кез келген білімді басқару жүйесінің орталық тізбегі болып табылады. Мектепке де­йінгі, бастауыш, орта, арнаулы, жоғары, жоғарыдан кейінгі білім жүйесін дамыту. Қазақстандағы білім беру саласы әлемдік аре­наға шыққан сайын, алған белестерге тұ­йық­талмай, кезеңдік шектеушілікке бармай, сапа баспал­дақтарынан өтіп, икемділікпен және акаде­миялық ұшқырлықпен жұмыс істесе, білім беру жүйесінің дамуы мен интеграциялануы орындалатын және орындалған іске айналар еді. Болон декларациясына қол қой­ған кез келген еуропалық елдің білім беру жүйесі жаһандану жағдайында төл халқы­ның тарихына, мәде­ние­ті­не және рухани өміріне, ана ті­лі­не сүйіс­пеншілік пен құрмет сезімін қалып­тас­тыратын ұлттық ерек­ше­лікке тән. Басқаша айт­сақ, дамыған елдердің біл­ім беру жүйесі – өзхал­қы­ның нағыз патриот­тарын қалыптас­ты­руға не­гіз­делген. Осы­ған байлан­ыс­ты біз дү­ниежүзілік білім сахнасына бір жағынан әлемдік өркен-иетті байытатын, екінші жағынан ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек ашатын, өзімізге тән мәдени және рухани құн­ды­лық­тар ­мен енуіміз қажет. [6]

Осымша

Тақырыбы: Жасөспірімдерге рухани – адамгершілік тәрбие беру

Тілші мұғалімі: руханилықтың өлшемі – адамгершілік, мәні – өмір сүру, шегі – табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету деген сөз. Ал адамгершілік сөзіне тілдік талдау жасап көретін болсақ:

- «Адамгершілік» - екі құрамда сөз.

- Тұлғасына қарай: «Адам» негізгі түбір, бөлшектенбейді.

- Құрамына қарай: дара, бір ғана туынды сөз.

- Грамматикалық мағынасы: зат есім (не?) деген сұраққа жауап береді.

- Лексикалық мағынасы: жалпы ұғымға берілген атау, көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын дерексіз дүние.

Жүргізуші. Ендеше, құрметті қонақтар, осындай көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын дерексіз дүниені дәлелдей алсақ деген ниетпен бүгінгі ата-аналар жиналысын «Әркімнің бір айтары бар» («Пусть говорят») деген бағдарлама негізінде өткізгелі отырмыз.

Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады десек те, отбасы – ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі. Ендеше, баланың өмірге құштарлығының оянуы, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуы қоршаған ортасына, қоғамға, ата-анаға, олардың іс –әрекеті мен тәрбиесіне байланысты екені сөзсіз.

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақжолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше

Жоба тап,

Жол көрсет.

Келешек қамы үшін – Деп Шәкәрім дана жырлағандай, бүгінгі таңда ұстаздар қауымы алдына үлкен жауапкершілік, азаматтық міндет жүктеліп отырғанын бәріміз білеміз. Ұстаз – шәкіртін білім нәрімен сусындатар қана қоймай, алдында отырған әр жетіншектің бойына адамгершіліктің дәнін сеуіп, жемісін көруді мақсұт ететін диханшы іспетті жан. Әсіресе, өз бойына рухани – адамгершіліктің қасиетін сіңіре білген сынып жетекшілердің шәкірт бойында осы рухани құндылықты ұштастыра білуілері үлкен өнер. Жетекші:

Мен сөзімді адамгершіліктің қарапайым қағидаларынан бастасам деймін.

 
 

 

 


Ал өзім үлгі ететін ұлы ғұламалардың адамгершілік туралы айтқан ойлары – адамгершілік академиясы. Сондықтан ұрпақты ұлылар үлгісінде тәрбиелеу ізгілікке, адамгершілікке бастайтын жол деп ойлаймын.

Сан жылғы іс-тәжірибемде шәкірттерімді тәрбиелеу ісінде осы адамгершіліктің қарапайым қағидаларынан күрделі академиясына дейін көтерілуді мақсат етіп келемін. Нәтижесі де жаман емес сияқты. Менің алдымнан түлеп ұшқан түлектерім қазір жақсы қасиеттерімен көрініп жүр.

 


АА

 

 

 
 
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» (Әл - Фараби)

 


Сыныптағы бір оқушының болашағы қатты аладатады. Бір қарағанда сабағы да, тәртібі де тамаша сияқты болғанмен, оның бойынан адамгершілікке жатпайтын қасиеттерді көргенде, ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөзі ойыма еріксіз орала береді.

Көрермен сұрағы:

-Тәрбие-отбасынан басталады демекші, сіздің ол оқушының ата –анасымен байланысыңыз бар ма? Ата – анасымен сөйлестіңіз бе? Мүмкін үйдегі тәрбиенің әсері бар шығар?

-Иә,сөйлестім, анасы Арманды жақтайды. Баласының жағымсыз қылықтарын айта бастасам, ренжиді. Әкесі өте қатал қарайды екен. Бірақ сынып жиналысына қашанда тек анасы келеді.

Жүргізуші: Бала тәрбиесінде қашанда отбасының ықпалы зор. Ендеше ортамызға Арманның анасын шақырайық. (Анасы айқайлай кіреді.)

Тағы да Арман ба? Осы баладан басқа ешқайсысы тәртіп бұзбай ма? Менің баламды көре қалады екенсіздер.

Сынып жетекшісі.Жоқ, апа, ренжімеңіз.Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ, сіздің балаңыздың жақсы болғанын мен де қалаймын. Бұл мәселені бірлесе отырып шешейік.

Анасы.Ал, шешсек, шешейік! Не болып қалды екен. Арманның сабағы жақсы, тамағы тоқ, көйлегі көк дегендей, қатарынан қалдырып жатқан жоқпыз.

Жүргізуші. Міне, өздеріңіз байқап отырғандай, бүгінгі бала тәрбиесі жайлы кейбір ата –аналардың пікірі осымен шектеледі. Көрермендер, сіздердің пікірлеріңізді білсек.

Көрермен. Менің ойымша, сіз баланың айтқанымен жүретін аналардың бірі сияқтысыз. Көп ата –аналар баланы шектен тыс еркелетіп жібереді. «Сен менің өмірімнің мәнісін, бар қызығым өзіңсің. Мен тек сен үшін өмір сүріп жүрмін» дейді. Ақкөңіл сәби оған сөзсіз сеніпті, өзін отбасында ерекше санап, менмендікке, тәппарлыққа бой ұрады.

Анасы. Енді үйдегі жалғыз ұл болғандықтан, оны еркелетпегенде кімді еркелетеміз? Ештеңе етпейді. Ер жеткен соң қояды ғой.

Көрермен. Апа, сіз қатты қателесесіз. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, тәрбиені қажет етеді. «Жас бала – жас шыбық» дейді халқымыз.

Екінші көрермен. «Халқымыз тәрбие табалдырықтан басталады» - деп тегін айтпаған.Адамгершілік тәрбиесі халық даналығында, ата-ананың жүріп кеткен жолының астында. Шын мәнінде «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі».

Жүргізуші.Расында, бала мінезіндегі титімдей ақау өсе келе қоғамға зардабын тигізер үлкен кеселге айналуы мүмкін. Ал, бала бойында адалдық пен адамгершілік дәні болса, өсе келе жемісін берері сөзсіз. Ия. Ана, сізге қойылар тағы бір сұрақ бар тәрізді, тыңдап көрелік.

Көрермен сұрағы. Апа, балаңыз бос уақытында немен айналысатынын білесіз бе?

Анасы. Жолдастарымен бірге киноға, спорт мектебіне, қала берсе кітапханаға барып, бірдеңелер оқып жүреді, әйтеуір. Кітап оқыған бала жаман болмайтын шығар?

Жүргізуші. Кітапхана дейсіз бе? Адамгершіліктің алтын ұясы емес пе ол? Біздің бүгінгі кейіпкеріміз қандай кітаптар оқып жүр екен, ортаға мектептің кітапханашысын шақырып, осы сұрақ төңірігінде әңгіме қозғасақ.

Кітапханашы апай келеді.Арман менің тұрақты оқырманым.Үнемі әр алуан тақырыпты қамтитын кітап алып, оқып жүреді. 5 – сыныпта Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқығаннан кейінгі Арманның пікірі мынадай еді: «Қожаның түбінде тәртібін түзейтініне мен сенемін, себебі оның бойында адамгершілік қасиет басым. Ол тентектікті әдейі жасамайды. Бәрі аңқаулықтан болатын сияқты».Бұл пікіріне қарап Арманның өмірге деген кіршіксіз көзқарасын аңғаруға болады. Ол өмірде жақсы адамдардың көп екеніне қалтқысыз сенеді.

Ал биыл Арманның бұл пікірі мүлдем өзгерді ме деп қорқамын. Себебі, мен осы сыныпта «Ұлан» газетіне шыққан «»Көз түрткі

Әңгімесі бойынша пікірталас жүргізген едім. Әңгіменің мазмұны әкесі мен қоршаған ортасынан қағажу көріп, жәбір шеккен жетім баланың өз – өзіне қол жұмсауы жайында еді. Сондағы Арманның параққа түсірген ойлары мынадай: «Мен бұл баланың барған әрекетін дұрыс та шығар деп ойлаймын. Егер өзің ұнатқан жандар сені кеудеңнен итеріп жатса, өмір сүрудің не мәнісі бар?».

Неге бұлай ойлайтынын білгім келіп, оңашада сыр тартып едім, Арман үндемей құтылды.

Жүргізуші.Расында, ойланатын жағдай, Арманның ойы біз ойлағаннан да күрделі сияқты. Бұл жұмбақтың шешімін кейіпкеріміздің өзі шешіп берер мүмкін? Олай болса, ортаға Арманды өзінің жан жолдасымен бірге шақырайық.

Не жетеді ғазиз досқа расында,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

«Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол» демекші, ал Болатбек, досың жайында не айтасың?

Болатбек. Не айтушы едім. Екеуміз жан жолдаспыз. Не көрсек те бірге көреміз. Осы Арманға неге тиісе бересіздер? Сабақты бәрінен де жақсы оқитын осы.

Жүргзуші. Әрине, Арман екеуіңнің айнымас достар екендеріңді біз білеміз. Дегенмен «шын дос жылатып айтады».Досыңның кейінгі кезде оғаш қылық танытып жүргенін сене артық ешкім байқамаған болар деп ойлаймыз. Арманның жолдан ауытқымауын сен де тілейтін шығарсың?

Болатбек. Енді.. шынында Арманның мен түсінбей қалатын оғаш қылықтары бар, әрине.

Арман. Не, қандай оғаш қылық? Не деп отырсың сен өзі?

Болатбек. Ия, Арман, бүгін айтылмаса кеш болатын сияқты. Сенің кейде достыққа жатпайтын қылықтарың болатыны рас.

-Қашан? Қай кезде?

Сынып жетекшісі. Міне, Арман, сенің осындай өз кінәңді мойындамайтының ұнамайды, маған. Сен ешқашан еш нәрсені мойныңа алған емессің. Өткенде ұялы телефонда жазылған ақпаратты да...

Арман. Түу, соны неге қайталап айта бересіз,болды ғой. Бәрі шешілді емес пе?

Анасы. О несі? Ол қандай сөздер тағы да? Сенен - ақ көрдім - ау, осы!

Жүргізуші. Міне, осы шиеленіскен түйінді тарқату үшін мектебіміздің психологі Жанар апайды шақырамыз. (Психолог «ашулы шарлар тренингін өткізді, Арманға алған әсерлерін айтқыза отырып, «Ашу- дұшпан, ақыл - дос» екенін ұғындырды.)

«Адамдық мінбесіндегі» ой толғау.

(Ортада Арман өз ішкі ойымен оңаша қалды).

-«Адамгершілік – асыл қасиет».Осы бір сөздің астарында көп мағына жатқанын мен кеш ұғындым. Мен үшін отқа да,суға да түсетін аяулы анамды, ақылшы ұстазымды ренжіткенімді қалай ғана ұмытайын. Ия, сонда менің бойымда титтей де болса адамгершіліктің нәрі болмағаны ма? Жоқ, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайтыны сияқты, мен де өмірден сәл ауытқып бара жатқан болармын. Оны түзетуге болады деп ойлаймын. Оған, әрине, анамның мейірімді сөздері мен ұстаздың өнегелі ақылы көмек етері сөзсіз. Мен өзімнің болашақта адами қасиетті мол азамат болатыныма сендіре аламын, себебі, әр адам өз бағының бағбаны демекші, әрбір адамның қандай болмағы, болашақ тағдыры өз қолында. Сондықтан енді мен тек Абай дана нұсқаған бес асыл істің кейіпкері болсам деймін.

Менің түйгенім, «Адамгершілік»деген асыл қасиет көп болса ғана жер бетінде ешбір қатігездік болмас, сірә.

Ұстаз ойы.Тұңғиық тереңіне батып, қандай ойдың құшағында отырсың, шәкіртім Арман? Балалықпен талай тентектік жасадың. Жасөспірімдік шақта аумалы – төкпелі мінезіңмен талай қателіктерге ұрындың. Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Оның қателігін көруге емес, түзеуге ұмтыл дегендей, мен де саған бар тәлім – тәрбиемді беріп, адамгершіліктің ақ жолын ұғындыруға тырысамын. Сенің де өзге шәкірттерім сияқты алда келе жатқан үлкен «өмір баспалдағанан» адаспай орын табуынды тілеймін. шәкіртім.

Жүргізуші. Ия, ұстаздар, біз бүгін Арманды ар алдында айыптай арқылы адамгершіліктің ақиқат жолына жөн сілтегендей болдық.

Ендігі өмір Арманның өз қолыңда. Арман енді өзін – өзі тәрбиелеуі тиіс. Оның жолын біз имандылық па деп ойладық. Имандылық – бүкіл адамгершіліктің жиынтығы.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Ия, адамның көргенді, әдепті болмағы үш тұғырға байланысты. Олар ата-ана, ұстазы және өскен ортасы. Абай атамыз айтқандай, «Адамның адамшылығы жақсы ата –ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Расында да, адамгершілік бір күнде немесе біраз уақытта пайда болатын нәрсе емес, ол күнделікті көруден, көре жүріп үйренуден пайда болатын қасиет. Сонымен құрметті қонақтар, бүгінгі бағдарламамызды кейіпкерлеріміздің бір ауыз түйінді сөздерімен қорытындыласақ.

Ұстаз. Әр сабағымның түп қазығы – адамгершілік.

Сынып жетекшісі. Тәрбиенің әр бағыты адамгершіліктен басталады.

Ата –ана. Адамгершілік – отбасынан басталады.

Кітапханашы. Адамдық көзі – кітапта.

Оқушы. Адамгершілік – асыл қасиет.

 

1.3. Ынтымақтастық педагогикалық технологиясы.

Жоспары:

1. Ынтымақтастық педагогикалық технологиясы туралы түсінік.

2. Ынтымақтастық педагогикалық технологиясына сипаттама: әдістері, құралдары, нәтижелілігі.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген. Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды.Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт реткездесті. Бірнеше кездесуінде (18 қазан 1986).«Ынтымақтастық педагогика» – екінші кездесуінде (17 қазан 1987 ж). «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.) «Жаңарту әдістемесі», төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), «Жаңа мектепке кіреміз», тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үдемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар, мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық тәрбие орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін — өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім және т.б. Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек ғана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, «біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды,» — дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер. Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттіктердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады.[7] Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балаларды ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді мінез құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы. Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты себептері біріншіден, рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш компоненттеріне (білім, іскерлік,дағды) сүйену т.б. Осының салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді. Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл –ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница| Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)