Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. ТӘрбие технологиясы – тӘрбие жҰмысындаҒы педагогикалыҚт ӘдістеменіҢ ҚҰрамды бӨлігі

Читайте также:
  1. Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы
  2. Тағам өнімдерін өңдеу технологиясы» кафедрасы
  3. Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ
  4. Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ

2.1. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі

Жоспары:

1. Педагогикалық үдерістегі балалар ұжымы

2. Оқушылар ұжымы оның өзіндік белгілері

3. Оқушы ұжымының қалыптасуы: форманың көптүрлілігі, жүйесі, даму сатылары.

1. «Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді. Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап- тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы-сынып ұжымы.

Балалар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.

Балалар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.

Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп «Мен өзгелерден артықпын» деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.

Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс - шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т.б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды.

Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк - жiгер, қажыр - қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара - бара беделiнен айрылатын болады.

Зерттеу нәтижесiне қарағанда мектеп сыныптарындағы 20-25 адамның iшiнен тек үш - төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгiлi болады екен. Мұның себебiне келсек: бiрiншiден, олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай бiлу қасиетiнiң жоғарлығында, яғни басқаның жүрегiне жол таба бiлiп, қашанда көпшiлiкке жақын, белгiлi болатындығында.

Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзiнiң табиғи болмасымен, қадiр-қасиетiмен, ашық мiнезбен табады. Сөйтiп, адамның топ iшiнде белгiлi болуы оның басқалардың жағдайын түсiне бiлуi негiзiнде қалыптасады екен. Екiншiден, ондай адам бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай, олармен риясыз бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығымен де ерекшеленедi. Үшiншiден, кiсiнiң сырт бейнесi мен келбет - кескiнiн, яғни дене күшi факторын да ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жұдырық жұмсай бiлетiн құрбырларын құрметтейдi. Ендi бiр жағдайда топтағы адамдардың iшiнде ешкiммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзiне лайықты серiк таба алмайтындары да кездеседi. Жұрт ондайларды жек көрiп, маңайларына жуытқысы келмейдi [3].

Оқушы топтарында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де сан алуан: Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайлығы ұжымнан оқшалауынан себеп болады. Бұлар үстi - басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлығы олардың жекеленген тума қасиеттерiмен (тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық т.б.) байланысып жатады. Ендi, бiр оқушылар өте кiнәмшiл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбiнде өзгелерге кiнә таға сөйлейтiн болып келедi. Бұларға ұжымдағы әртүрлi оң iстер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. өздерi жұртты сынағыш, мiнегiш келедi.

Топ iшiндегi қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап тiлегiне, ақыл-кеңесiне қарсылық көрсететiн тiлазар, қыңыр балалар да кездеседi. Олардың тағы бiр белгiсi сотқарлық, дөрекелiк. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтiн, жалқау, өтiрiк айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседi. Олар сыныптан өзiнше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекiлiкке, жалған беделдiкке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздерi секiлдi балалармен байланысқа түсiп, көше топтарында қабылданған мiнез - құлықтың қоғамға жат нормаларын мектепке әкелуге тырысады.

Айнаға қарағандай сияқты, ұжым арқылы әркiм өз кемшiлiктерiн көруге, сөйтiп, өзiнiң қолайсыз жақтарын бiлуге мүмкiндiк туады. Әрине, әр кiм өзiнiң қолайсыз жағын бiле алуы дербес мақсат деуге болмайды, бұл оған өзiн-өзi тәрбиелеу үшiн ғана қажет. Сонымен қатар ұжымның пiкiрi арқылы оқушы өзiнiң қолайсыз жағын бiлiп, iсiнiң қандай кемiстiгi бар екенiн түсiнген жағдайда да, ол өзiнiң қолайсыз әдеттерiн бiрден жойып, жөнделiп кете алуы тәрбие жұмысының қалай қойылуына және баланың өз еркiн меңгере алуына байланысты iске асырылады. Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым - қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді. Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бірқатар: басқаларға бөгет болмау, бір — бірін мұқият тындау, ортақ іске қатысу талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды. Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы олардың арасында кез — келген ұжымдық жұмысқа тән көптеген белгілері бар қарым - қатынастар туғызады. Бұлар ең алдымен әрбір оқушының өз ісіне ортақ іс сияқты қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін, басқалармен келісімді түрде әрекет ете білушілігі, бір-бірін қолдайтындығы және сонымен қатар бір-біріне талап қойғыштығы және сонымен қатар өзіне сын көзбен қарай білуі және өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс тұрғысынан бағалай білуі сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс жүзінде орындау үшін мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез - құлқын кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгi ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы, азамат етiп тәрбиелеу - ұжымда жүзеге асады. Қазіргі кездегі оқу үрдісі кезінде сынып ұжымының ауызбіршілігін, бірлесіп жұмыс атқаруын дамыту мақсатында жаңа технологияны пайдалану тиімді екендігі дәлелденген.

Жаңа ақпараттық технологияның негiзгi ерекшелiгi - ұжым оқушыларды шығармашылықпен, iзденуге, өз жұмысының нәтижесiн көрiп, өз-өзiне сын көзбен қарауына және жеткен жетiстiгiмен ләззәт алу арқылы тәрбиеленедi.

2. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру: ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады, осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мәнбереді. Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады. Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

-қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

-ұжым мүшелерінің еркін қарым- қатынас жасауы;

-ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

-өзін-өзі сайлау органдарынының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықтык, өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылықтарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі қажет.

3. Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізігі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, Л.Н Новиков, В.А. Сухамлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім біліктерді меңгерулері қажет:

1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарның, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диогностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.

6. Алғашқы ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйлестіре алу.

7. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

Оқушылар ұжымы-ортақ мақсат және қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымның белгісі – жағымды қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. Отбасы, балабақша, мектеп,сынып, спорт секциясы, көркемөнер студиясы, т.б. ұжым түрлеріне жатады.

Ұжымның даму кезеңдерін ұлы педагог А.С. Макаренко айқындаған. Оқушылар ұжымы 3 кезеңнен тұрады.

1 кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдасқан топ.Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою – балаларды мінез –құлық нормасында үйрету, әлеуметті тәжірибеге тарту.

2 кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға дағдыланады, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыстың маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр-түрлі оқу-тәрбие, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекетін бақылау.

Ұжымның даму кезінде қос ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асады.

3 кезең белсендітоптың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады.

А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш - жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.

Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық – тұлға аралық (достық, ұнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделі қалыптасады:

1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;

2. Жеке тұлға және ұжым оптимальді қатынаста болуы;

3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.

Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын, өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатынасын білуі кажет.
Ұжым даму заңдылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңділерін сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек. Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзін басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет. Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.

 

Осымша

Тақырыбы: Ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары.

Мұғалім жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар, байқаулар өткізуге ғана емес, сонымен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар арасында туындайтын қарым- қатынастарға да айқын талаптар қойып отырады. Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жете түсінуге тиіс.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2165 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі| Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)