Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. ТӘрбие Үрдісі – тҰтас педагогикалыҚ ҮрдістіҢ ҚҰрамды бӨлігі

Читайте также:
  1. Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ
  2. Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ

1.1. Тәрбие жұмысы туралы түсінік. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі

Жоспар:

1.Тәрбие жұмысы: оның мақсаты, міндеттері, заңдылықтары мен принцитері.

2.Мектептің тәрбие жұмысының негізгі компоненттері: мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі.

3.Мектептің тәрбие жұмысын құру, оның кезеңдері: қалыптасуы және тұрақтануы.

Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру және нәтижеге жету. Тәрбие мақсаты жастарды – өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. М.М.Тілеужанов өзінің "Қазақтағылымы" атты монографиясында (1994) тәрбиенің мақсаттарын атап көрсетті. Олар: ар – ождан тазалығын сақтау; ақыл – ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау;ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазды. М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деді. Я.А. Коменский «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек», «Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты», «Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» - деп тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі

элементтерге бөлді:

• адамға барлық заттарды білгізу- ғылым, білім

• заттардың және өзінің қожасы ету - адамгершілік

• жаратқан иеге құлшылық ету - діни тәрбие

• тән саулығы - дене тәрбие

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымының араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомика- лық, құқықтың және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.[1]

Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша сипатталады.

Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі

Ата-ана ұстаздар алдына қойылатын негізгі оқу-тәрбие мақсаты – жас жеткіншектерді жан - жақты етіп тәрбиелеу. Жан - жақты тәрбиелеу дегеніміз – баланың ақыл-ойына, эстетикалық талғамына,дене бітіміне, сонымен қатар айналадағы өмірге деген көзқарасына ықпал ету. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында.

Сынып жетекшілерінің мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагоги-калық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан біз мұғалімдер-дің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті - тәрбие жұмысы деп атаймыз.

1- Кесте

 
 

 


 

 

Тәрбие жұмыстарының міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік, қоғамдық жағдайлар қажет.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

1. Жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай жасау;

2. Жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдени біліктілігін қалыптастыруға жағдай жасау;

3. Жеке тұлғаның адамгершілік, кәсіби және әлеуметтік маңызды қасиеттерін дамытуға көмектесу.

4. Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

5. Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

6. Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастастыру;

7. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

8. Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

9. Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

10. Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру;

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді [2].

Философия ұғымында заңдылық деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи зандылық;

Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;

1. Тәрбие мен дамудың бірлігі мен өзара байланыстылығы;

2. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

4. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш – қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

К.Д.Ушиский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбиесі процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңды- лықтарын жете танып берудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы»,«негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса тәрбие принциптері – деп тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбие- ленушілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.

Тəрбие принциптері – бұл тəрбие үрдісінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары, сонымен қатар педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт – бағдар береді. Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.

Тәрбие жұмысының принциптері:

1. Тәрбиенің мақсаттылығы;

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;

3. Еңбек арқылы тәрбиелеу;

4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;

5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;

6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;

7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;

8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

9. Ізгілендіру принципі -оқушының жеке басын мойындауға; оның бірегейлігі мен өзгешелігін сыйлауға негізделген.

10. Тәрбиелеу арқылы оқыту принципі –оқушыларды тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға деген оң мотивацияны қалыптастыру, сондай-ақ оқудан тыс шығармашылық-практикалық қызметке бағдарлауға негізделген.

11. Демократияландыру принципі – тәрбие жұмысында субъектілердің теңдігін және әлеуметтік серіктестікті, өзін-өзі басқару жүйесінің болуын қарастырады.

12. Ынталандыру принципі – оқушыларды оқуда, ғылыми, шығармашылық, спорт, қоғамдық және басқа да қызмет түрлерінде көрсеткен жетістіктері үшін моральдық,материалдық тұрғыдан көтермелеуге негізделген.

13. Тұлғалық бағыт принципі-тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет сапалары мен мүмкін-діктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт - бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағам- дары, қалыптасқан жандүниелік ұстанымдары, іс-əрекеті мен мінезіндегі басымды себеп-түрткілер.Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік жəне т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір - қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік рөлін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады. [3]

Мектептің тәрбие жүйесі –жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі. Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қалан-ған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:

- спартандық тәрбие жүйесі;

- афиндық тәрбие жүйесі;

- діни тәрбие жүйесі;

- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);

- адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі

XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орта-лықтар, мектеп театрлары және т.б.). Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды.

Қазіргі мектептің тәрбие жүйесі
2-Кесте

 

 


Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушылардың сабақ процесіндегі жөне сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдық және жеке-дара тәрбие проблемаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептің тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.

Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.

2. Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.

Тәрбие жүйесін құру бірнеше кезеңдерді болжайды:

- Жүйенің қалыптасуы:

- Ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау:

- Жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру.

Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау кезеңдері:

I кезең – мектеп бейнесін жасау.

II кезең – оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.

III кезең – оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақты-лайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Бірінші кезең – мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау - бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуы-ның жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкін-діктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланыс-қан бірнеше құрамынан тұрады. Ол

Кесте

Мектеп бейнесін құрастырушы Мектептің тәрбие жүйесінің компо-ненттері
1.Мектеп оқушысының немесе біті-рушінің бейнесі. 2.Мектептің тәрбие жүйесіндегі жеке индивидтер мен бөлек топтар-дың орны мен рөлі туралы түсінік. 3.Мектептіңтіршілік әрекетінің бей-несі, ондағы іс-әрекетті жүргізу, оқу-тәрбие процесімен қатысушылардың өзара қатысуымен араласуы. 4.Оқу орнының айналадағы әлеумет-тік және табиғи ортамен жұмыс істеу өзара қарым- қатынасы жайлы түсінік. 1.Идеялар мен мақсаттардың кіші жүйесінің бөлігі. 2.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырушылардың бірлігі 3.Іс-әрекет пен қарым-қатынастың кіші жүйесінің бөлігі. 4. Мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи орта.

Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз.

Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі, бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детермина- циялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнынан тұрады және өзара байланыста. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызметі үйлесіп отырған.

Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады. Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр түрлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.

Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орнындағы іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.

Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.

Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.

Мұғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 4834 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)