Читайте также: |
|
1. Осы Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi (бұдан әрi — Ереже) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау бiлiм беру ұйымдары көрсететiн бiлiм беру қызметтерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.
3. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган өткiзедi.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң (арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда), жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк аттестаттау мынадай негiзгi кезеңдерден тұрады:
1) бiлiм беру саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу кезiнде) уәкiлеттi органның, өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi — уәкiлеттi органдар) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кестелерiн күнтiзбелiк жылға бекiту;
2) тиiстi уәкiлеттi органның өзiн-өзi бағалау материалдарын (бiлiм беру ұйымының бiлiм сапасын iшкi бағалау) талдауы, аттестаттау комиссиясын құру, мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу, мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдама жасау;
3) уәкiлеттi органдардың бiлiм беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешiмдерiн қабылдау.
5. Мемлекеттiк аралық бақылаудан өтпеген бiлiм алушыларының саны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттаудан өтуi тиiс.
6.Бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттiк аттестаттау тұтастай бiлiм беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 539 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік кабинет | | | Мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу тәртiбi |