Читайте также: |
|
Тәрбие-білім беру жұмысына жасалатын бақылау жұмыс жағдайын үнемі қадағалап отыруға, мектепке дейінгі мекемеде тәрбие программасын орындауға және тәрбиешілердің кездескен кемшіліктерді жойып отыруына кезінде көмек көрсетуге бағытталуы керек. «Балабақшадағы тәрбие программасының» қалай жүзеге асырылып жатқанын біліп отыру басшылықтың нақтылығын қамтамасыз етеді, меңгерушіге (әдіскерге) атқарылған істі сын көзімен бағалауға мүмкіндік береді.
Бақылау – ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу ғана емес, педагогикалық процесті және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей отырып, оның педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдесу. Педагогтың жұмысына әділ де, жылы баға берілуі оған өзінің осал және күшті жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі. Тек кемшілікті көрсететін бақылау тәрбиешінің жоғары нәтижеге жетуіне көмегін тигізе алмайды.
Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық педагогтардың қызметін қамтуы қажет.
Бүгінгі тәжірибеде бақылаудың: тақырыптық, фронтальды, алдын алу сияқты түрлері кең таралып отыр.
Тақырыптық бақылау белгілі бір тар ауқымды тақырып бойынша атқарылып жатқан жұмыс деңгейін жан-жақты зерттеу үшін жасалады, мысалы жылдық жоспарда белгіленген көкейкесті проблемалардың біреуін («Математика сабақтарында логикалық ойлануды дамыту», «Серуен кезінде балаларға тәрбие-білім беру жұмысы» және басқалар), немесе бір топтағы екі тәрбиешінің жұмыс әдістеріндегі сабақтастықты (еңбек тәрбиесі, балаларды ойын арқылы тәрбиелеу жұмысында және т.б.) іске асыру жолында мектепке дейінгі мекеменің қолданып отырған жұмыс жүйесін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Тақырыптық бақылаулар заң және нұсқау документтерінің, мысалы, халыққа білім беру орындары қызметкерлерінің Бүкілроссиялық кеңесінің мектепке дейінгі мекемелерде эстетикалық тәрбие және СССР Денсаулық сақтау министрлігінің мектепке дейінгі мекемелердің балалармен жазғы сауықтыру жұмысы жөніндегі ұсыныстарының орындалуын бақылау мақсатында да іске асырылуы мүмкін.
Фронтальды бақылау қызметтің барлық түрлері бойынша жасына қарайғы бір топтағы тәрбие-білім беру жұмысы жағдайын зерттеу мақсатымен жүргізіледі.
Ескертпе бақылау тәрбиешілер жұмысында ерекше қиыншлықы келтіретін мәселелер бойынша, қателіктерді болдырмау мақсатында жүргізіледі. Мысалы, су тоғанына жасалатын экскурсия алдында меңгеруші тәрбиешімег экскурсияның мақсаты мен мазмұны, балаларды ұйымдастыру жөнінде әңгімелеседі, бақылауды қалай жақсы өткізу, басты назарды не нәрсеге аудару керектігі, балалар өміріне қалай қорған болу жөнінде кеңес береді.
Программаның орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, меңгеруші педагогикалық процесті бақылайды, документацияны зерттейді, балалармен әңгімелеседі, балалар жұмыстарына талдау жасайды және басқа.
Бақылаудың маңызы – балалардың тікелей қызметі процесі кезінде оларға тәрбие-білім берудің барысын қадағалауға мүмкіндік беруінде. Мұнымен бірге меңгеруші педагогтардың қайсысының қалай жұмыс істейтініне, олардың қолданып жүрген әдістерінің қаншалықты тиімді екеніне көңіл аударады. Басшы бақылағанда сырт фактілерді ғана емес, оның ішкі жағдайын да көре білуі керек, - ол сонда ғана тәрбиеші жұмысына объективті баға бере алады.
Тәрбиенің басты мақсаты – балалардың гармоникалық жетілуін қамтамасыз ету. Бұл меңгерушіге педагогикалық процестің барлық жақтарын: ойынды, еңбекті, оқытуды, серуенді, тұрмысты және тағы басқаларды үнемі бақылау отыруды жүктейді.
Бақылау кезінде басшы мына жайттерге көңіл аударуы тиіс.
Тәрбиенің барлық міндеттерінің – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің өзара байланысты болуына,
Тәрбие мен білім берудің өзара байланысты болуына. Сабақтың қалай өтіп жатқанына бақылау жасай отырып, меңгеруші оқытудың әдістері мен тәсілдердің дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге сабақта педагогтың балаларды жан-жақты тәрбиелеуді қалай іске асырып отырғанын: балалардың адамгершілік және эстетикалық сезіміне әсер ететініне немесе етпейтініне, өз бетімен ойлауға талпындыратынына немесе талпындырмайтынына, балалардың тұлғасының дұрыс болуына және топтағы гигиеналық жағдайды қадағалайтын немесе қадағаламайтына және т.б. назар аударады.
Топта болып жататын оқиғалардың себептік байланысына. Мысалы, меңгеруші балалардың бірдемеге абыржығанын байқады. Мұны меңгерушінің балаларды басқара алмайтындығынан деп есептеуге бола ма? Мүмкін басқа себептері болар – балалар шектен тыс әсерленген шығар, мүмкін сабақтан шаршаған шығар, гигиеналық және педагогикалық шарттардың аз болуы себепті (үйдің желдетіліп тұрмауығ ойыншықтардың аз болуы немесе олардың дұрыс орналастырылмауы және т.б.) балаларға шамадан тыс ауырлық түсетін шығар?
Бақылаудың табысты болуы және тәрбиешінің қызметіне дұрыс баға беру үшін топқа барудағы мақсатты және көңіл аударылатын мәселелер төңірегін алдын ала белгілеп алу керек. Топқа бару алдында меңгеруші сұрақтар тізімін жасайды.
Мысалы, ересек балалар тобындағы балалардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауының ұйымдастырылуын тексеру ұйғарылса, меңгеруші мына мәселелерді анықтауды белгілейді:
балалардың өз бетімен қызмет жасауына жағдай туғызу (ойыншықтар мен құралдар қалай орналастырылған, педагог балаларды қызметке қалай ынталандырып отырады, барлық балалар іспен айналыса ма және қандай іспен, олар қалай ұйымдасады және бір-біріне деген қарым-қатынастары қандай?);
балалардың өз бетімен атқаратын қызметін ұйымдастырудағы тәрбиешінің ролі (ол балалардың қызметі процесі кезінде олардың өзара қарым-қатынасына қалай ықпал етіп отырады, олардың инициативасы мен дербестігін тежемей ме, бірдемемен айналысқан және ойнап жүрген балаларға бірдей көңіл аударып отыра ала ма?);
Топтағы эмоциялық-психологиялық жағдай (балалар бір-бірімен қалай әңгімелеседі, таңдап алынған қызметті атқаруға ынталы ма; топта келіспеушілік болып тұра ма, - болса, қандай себеппен, тәрбиеші балалар арасындағы келіспеушілікті жөнге қалай келтіреді);
Балалардың өз бетімен атқаратын қызметін ұйымдастырғанда тәрбиеші әр баламен жеке тіл табысуды жүзеге асыра ма; оның қолданатын әдістері мен тәсілдері, олардың тиімділігі мен негізділігі қандай?
Сұрақ тізімінің бақылау төңірегімен шектелмеуі тиіс екенін есте сақтау керек? Сұрақ тізімі – бұл неге көңіл аудару керектігін анықтауға көмек ететін өзіндік бір арна ғана, ол біріне-бірі байланысты, өзара тәуелді бүкіл педагогикалық процесті қамти алмайды.
Меңгерушінің топқа әрбір келуі бұрынғы бақылаулардың логикалық жалғасы болуы тиіс. Бақылаудың белгілі бір жүйесі болғанда ғана тәрбиешінің жұмысына баға беруге, тәрбие мен білім берудің белгілі бір міндетінің іске асырылуының қалай орындалып жатқаны жөнінде қорытынды шығаруға болады.
Мысалы, тек бақыланып отырған дене шынықтыру сабағының нәтижесі бойынша балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру туралы қорытынды жасауға болмайды. Сонымен бірге балалардың ертеңгілік гимнастика және серуен, тағы басқа кездерде қалай қозғалатынын бақылау керек. Тек осы ғана балаларда қажетті дағдының бар-жоқтығы, қимыл-қозғалысты дамыту жөніндегі программаның орындалу сапасы, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Алдын ала жоспарлау қадағалаудың жүйелі және рет-ретімен өтуіне ықпал етеді. Әдетте бір ай ішінде сегіз рет белгілі тақырып бойынша барып көру және педагогикалық процесті бақылау мақсатымен бүкіл күн бойында 3-4 рет барып көру жоспарланады. Бұл барлық балалардың жетілу деңгейін, олардың өзара қарым-қатынасын, ұйымшылдығын, өзіне іс таба білуін, бір істен екіншісіне ауыса білуін және тағы сол сияқтыларды анықтауға және бағалауға, сондай-ақ тәрбиешінің жұмыс күніне әзірлігін және оның педагогикалық шеберлігін бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық мәселелерді қамту үшін бақылаудың айлық немесе тоқсандық графигін жасаған тиімді, онда қай топтарда қандай мақсатпен педагогикалық процеске бақылау жүргізілетіні белгіленеді.
Топқа келгенінде меңгеруші (әдіскер) нені есте сақтауы тиіс?
Тәрбиеші еңбегі күрделі: ол ақыл-ой, эмоциялық және жүйке күшінің жұмсалуына байланысты. Бұл басшыдан балалар да, тәрбиеші де өздерін еріксіз сезінбеуіне жету үшін ізеттілік – басшының тәрбиешімен да, балалармен де тіл табыса білуге көмектесетін басты сапасы.
Меңгерушінің келуі жұмыстың сапасына және тәрбиешінің көңіл-күйіне кері әсер етпеуі, топтағы балалардың әдеттегі тіршілігінің бұзылуына әкеп соқпауы керек. Педагогикалық процестің барысына араласпау қажет. Меңгеруші ескертуін педагогикалық ізеттілік пен икемділікті сақтай отырып, болмай бара жатқан жағдайда ғана жасайды.
Әдетте басшы топқа баратыны жөнінде тәрбиешіге ескертіп қояды.
Бақылау үшін балаларды көре алатындай және тәрбиешіге кедергі келтірмейтіндей орын таңдап алынады. Бақылау барысын жазып отыру керек. Егер тәрбиеші меңгерушіні жұмыс сапасының жақсаруына ынталы жан, өзіне көмек көрсетуші деп санайтын болса, оның адал ниеттілігіне сенетін болса, бұл тәрбиеші тарапынан абыржушылық туғызбайды.
Бақылау қорытындысы, әдеттігідей, тәрбиешілермен бірге талқыланады.
Бақылау қорытындысы бойынша әңгіме қалай өткізіледі?
Көргеннің нәтижесін тәрбиешілермен бірге талқылауды мамандықты жетілдіру мектебі ретінде қарау керек. Балаларды тәрбиелеу мен білім беру ісі педагогикалық ғылымның қазіргі талаптары деңгейінде жүйелі бақыланып, дұрыс талданып отырса, жұмыстағы олқылықтарды дер кезінде анықтап, оларды түзеп отыруға, мүмкіндік болатын қателіктерді алдын ала ескертуге жағдай туғызады. Ең бастысы, ол тәрбиешінің өз қызметіне талдау жасауға үйретеді.
Терең де жан-жақты бақылау әрбір тәрбиешінің өз жұмысына өзгенің көзімен қарауына, педагогика және психология тұрғысынан ойластыруына және бағалауына мүмкіндік береді, тәрбие жұмысындағы творчестволық ізденісіне құлшынысын туғызады.
Меңгеруші тәрбиешімен әңгімесін жұмысқа объективті баға берілетіндей, белгілі бір уақыт ішінде қол жеткен табыстар, кемшіліктер және оларды жою жолдары көрсетілетіндей етіп құрады.
Мұндай әңгімені өткізбес бұрын оған әзірлену керек: тексерілетін мәселе бойынша программаларды қарап шығу, тәрбиешінің сол күнгі жұмыс жоспарымен, сондай-ақ ұзақ мерзімдік жоспарымен және есеп-қисабымен танысу, егер бақылау балалар қызметінің нәтижесіне баға беруге байланысты болса, балалар жұмыстарына талдау жасау,балалармен әңгіме өткізу, жазбаларды қарап шығу, фактілерді іріктеп алып, оларға баға беру, қорытынды мен ұсыныстар жасау. Егер талдау процесі кезінде күдік туса, онда методикалық әдебиетті қарап шығу, өз қорытындыңның дұрыстығына көз жеткізу керек.
Әңгімеге тиянақты әзірлік – педагогтың жұмысына берілетін бағаның объективті болуының кепілі.
Әңгіменің табысты болуындағы басты нәрсе – бұл сенім мен адалдықтың орын алуы. Баға бергенде және пікір білдіргенде кесіп айтпау керек, сонда ғана басшы тәрбиешінің қажетті қорытындыны өзі жасауына көмектесетін болады.
Бақылауды бір мезетте екі тәрбиешімен бірге, кейде даяшыны қоса отырып өткізген тиімді, өйткені балаға қойылатын талаптың бірыңғай болуы – дұрыс тәрбие берудің қажетті шарты.
Әңгіме сол күні, жұмыс күнінің соңында өткізіледі.
Әуелі тәрбиешіге сөз берген дұрыс, ол неге жеткісі келгенін, нені орындай алғанын, нені қандай себеппен орындай алмағанын айтып беруге мүмкіндік алады. Мұндай бастама басшының тәрбиешінің пікіріне құлақ қоятынын көрсетеді.
Тәрбиешінің кемшіліктерін көрсетпес бұрын, онан неге солай жасағанын, қандай да бір тәсілдерді неге қолданғанын сұрап алу керек. Әңгіме барысында тәрбиешінің өзінше дұрыс шешімге келуінің маңызы өте зор.
Бұдан соң меңгеруші немесе тәрбиеші-методист тиянақты талдау жасайды, өздерінің бұрынғы нұсқауларының қалай орындалғанын көрсетеді. Тәрбиешінің жұмысын талдай отырып, балалардың іс-әрекеттері,олардың тәрбиеші айтқанына құлақ қоюы туралы айту керек. Педагогтың тәрбиелеу мен білім беру ісінде жақсы нәтижеге жету үшін қолданған тиімді әдістерін міндетті түрде атап көрсету керек. Көзге түсерлік жетістіктерін де айта кеткен жөн, өйткені бұл тәрбиешінің сынды сабырлылықпен қабылдауына көмектеседі. Бұдан соң басшы тәрбиешінің жұмысындағы кемшіліктерге тоқталады, олардың себептерін талдайды, оны жоюдың жолдарын нұсқайды, баянды етудің жолдарын белгілейді.
Әңгіме үстінде әрбір тәрбиешінің жеке қасиеттерін, кәсіби дайындығын және тәжірибесін ескеру қажет.
Тәрбиешінің жұмысын жақсартуда оның алдына қойылған міндеттің дұрыс болуының нақтылы ұсыныс жасалуының маңызы зор, мысалы: қатарлас топтың тәрбиешісінің жұмыс тәжірибесімен танысу, методикалық әдебиетті оқу және т.б. Осы тәрізді барлық ұсыныстарды (орындау мерзімі көрсетіледі) тәрбиеші педагогикалық советтерде айтылғанды жазып отыратын дәптеріне енгізеді.
Басшы өзінің бақылағандарын, қорытындылары мен ұсыныстарын «педагогикалық процесті бақылау дәптеріне», мұндай дәптердің меңгеруші мен тәрбиеші-методисттің міндетті документі екендігі көрсетілген РСФСР Оқу министрлігінің 1974 жылғы 19 ноябрьдегі (№514 - М) «Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық документацияны және методикалық жұмысты жүргізуді ретке келтіру туралы» хатына сәйкес енгізіп отырады.
Жазу формасының әр түрлі болуы ықтимал. Әр басшының өзіндік, өзіне қолайлы жазу формасы мен жүйесі қалыптасады.
Меңгеруші балаға тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлауға және есеп жүргізуге көмектеседі, бақылау жасап отырады. Тәжірибе календарьлық жоспарларды тексеруді ұзақ мерзім ішінде өткізу тиімді екенін көрсетті. Бұл программаны өтудегі реттілік пен жүйелілікті бекітеді, мысалы, бірінші тоқсанда естиярлар және ересек балалар топтарында көркем әдебиетпен таныстыру программасын орындау немесе сәбилер тобының екінші тоқсандағы жоспары мен есебін талдау кезінде. Сонымен қатар меңгеруші талдау қорытындысы бойынша әңгіме өткізеді.
Педагогикалық процесті бақылаудың ғана емес, сонымен бірге документацияны, балалар жұмыстарын талдау нәтижелерін де жазып отырған маңызды. Қадағалау нәтижелері жөнінде жазып отырған маңызды. Қадағалау нәтижелері жөнінде жазып алынғандар басшыларға тәрбиешілермен әңгіме өткізу үшін, педагогикалық коллективтің қызметін талдауға және тәрбиешінің әрқайсысына көмек көрсетудің дұрыс та тиімді шараларын белгілеу үшін бай материал береді.
Меңгеруші белгілі бағыттағы қадағалауды мектепке дейінгі мекемені күн сайын аралап шығумен үйлестіруі – өзінің күнделікті жұмысын осыдан бастауы тиіс. Күн сайынғы аралап шығудың мақсаты – топта гигиеналық және педагогикалық жағдайдың қандай екенін, балалар коллективінің көңіл күйін, тәрбиешілердің жұмыс күніне әзірлігін тексеру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған бақылау тәрбие-білім беру процесіне ғылыми және тиімді басшылық жасаудың негізгі шараларының бірі болып табылады, әрбір тәрбиешінің баламен істейтін жұмысының сапасына жауапкершілігін арттырады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 539 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тезистері | | | Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік кабинет |