Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ясли-бақшаның жұмыс жоспары.

Читайте также:
  1. Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.
  2. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  3. Дарынды балалармен жұмыс.
  4. Жұмыс барысы.
  5. Иын баламен жұмыс
  6. Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
  7. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.

Өткен оқу жылында балаларға тәрбие және білім беру жөніндегі бүкіл жұмысты ұйымдастырудың маңызды бағыты «Балабақшадағы тәрбие программасының» комплексті орындалуын жүзеге асыру болған еді.

Бүкіл педагогикалық коллективтің, медициналық қызметкерлердің, семьяның біріккен жұмысы дене тәрбиесі міндеттерін бұрынғыдан гөрі неғұрлым тиімді шешуге себін тигізді. Ясли-бақшада балалардың салқын тиіп науқастанып қалу салдарынан келмей қалған күндері едәуір азайды. Созылмалы ауруға шалдыққан балалар саны азайды. Есепте – үш бала (алдағы жылы 8 болатын); тұлғасы бұзылған, естуі мен көруінде кемшілігі бар бала жоқ. Жылдың барлық мезгілінде балаларды шынықтырудың белгілі бір жүйесі қалыптасты. Аталған жақсы істермен бірге кемшіліктер де бар: әр түрлі жастағы топтарда гимнастикалық дағдыларды қалыптастыру ісінде сабақтастық жоқ, балалардың күндізгі қимыл белсенділігі жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеген. Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу жөніндегі кадрлармен жүргізілетін үздіксіз жұмыс оларға баланың жасы мен жеке өзінің жетілу ерекшеліктеріне қарай ойын қызметіне басшылық жасаудың неғұрлым тың әдістерін таңдап алуларына көмектесуге бағытталады. Балалардың ой-өрісін дамыту жөніндегі методикалық жұмыста сөйлеуге үйретуге, сөз қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілін дамыту сабақтарын өткізу жүйесін жасауға баса назар аударылады. Бейнелеу жұмысын ұйымдастыру ісінде елеулі олқылықтар бар: әлі де болса тәрбиешілердің бәрі бірдей түрлі жастағы топтардың жұмыс ерекшеліктерін біле бермейді, балаларды көркемөнерге баулуда өз тәжірибесінде бейнелеу өнерінің шығармаларын аз пайдаланады. Музыка сабақтарын өткізу ісінде де кемшіліктер бар: балалармен жеке-дара жұмыс істеу нашар ұйымдастырылған, көптеген сабақтар тек мерекелерге әзірленуге бағышталған. Балалардың өз бетімен орындайтын көркемөнер-музыкалық қызметіне тәрбиешілер тарапынан жасалған басшылық төмен дәрежеде.

Ясли-бақшаның тәрбиешілер коллективі әрбір сабақтың балалардың білім алуға деген ықыласының артуына, олардың бойында үлкендердің еңбегін құрметтеу сезімін тәрбиелеуге, патриоттық тәрбиеге ықпалы тиетіндей болуына қол жеткізе отырып, балаларды оқыту сапасын ұдайы жақсарта береді. Бұл бүкіл педагогикалық коллективтің жұмыс стилін жетілдіруді талап етеді. Бала тәрбиесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ясли-бақшаның коллективі алдына мынадай нақты міндеттер қояды:

1)Балаларды еңбекке тәрбиелеу жұмысының жүйелі болуына жету;

2)Сабақта үйретудің тиімді методикалық тәсілдерін енгізу арқылы балалардың музыкалық тәрбиесі сапасын арттыруға және күнделікті өмірдегі музыкалық дағдысы және көркемөнер қызметін жетілдіруге жету;

Қойылып отырған міндеттердің мектепке дейінгі мекеме мен семьяның бірлескен күш-жігерінсіз шешіулі мүмкін емес. Сондықтан бүкіл тәрбие-білім беру жұмысы балабақша мен семьяның тәрбие ықпалын ұштастыру негізінде құрылады.

«Балабақшадағы тәрбие программасын» және нақты міндеттерді жүзеге асыру үшін жоғарыдағы шаралар өткізіледі.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 574 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi | Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары. | Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі. | Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат. | Педагогикалық кеңестердің мазмұны | Педагогикалық кеңесті әзірлеу және өткізу. | Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіштері. 1-сағат. | Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері | Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру. | Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау.| Басқару әдістері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)