Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.

Читайте также:
  1. Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.
  2. Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
  3. Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
  4. Дарынды балалармен жұмыс.
  5. Дарындылықтың диагностикасы
  6. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.

Мұғалім міндетті:

– жақсы тілектес және сезгіш болуға;

– дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;

– зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;

– қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;

– дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;

– пысық және белсенді мінезді болып келуге;

– әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);

– икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;

– шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;

– дені сау және өмірде тұрақты болуға;

– дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға тиісті [16].

Дарынды балалармен жұмыс әдістері:

Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда. Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:

- әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;

- таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;

- оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;

- абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;

- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;

- тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;

- көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;

- шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;

- өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;

- білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау. Төменде дарынды балалардың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ қабілеттер мен икемділіктер келтіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері:

Дарындылықтың сақталуы мен дамуы – бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы қоғамдық дамудың да, жеке тағдырдың да мәселесі.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?

Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:

-әр тұлғаның дамуына әсер ету;

-мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;

-дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно)

Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды. Екінші саты диагностикалық мәнді білдіреді десек те болады. Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог және психотерапевт маман көрсеткен жүйкелік-психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білім

құмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)

Академиялық жетістіктер саласында дарынды балалардың тіл мен әдебиетке, математика мен жаратылыстануға бөлек икемділіктері әлдеқайда дамыған болуы ықтимал. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті). Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).

Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда сіздерге жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі. Көптеген балалар белгілі бір ортада ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет [17].

Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады (авторлық бағдарламалар, жеке сабақтар – кеңестер және т.б., сонымен қатар лицей, гимназия, колледждердегі жан-жақты бағдарламалар).

Дарынды балалар әлеуметтік бейімделудің алғашқы деңгейлерінен өз қатарластарынан әлдеқайда тез өтеді (айтқанды тыңдау және үлгілі тәртіп, үлкендердің оң бағасын алуға бағытталған); олар жасөспірім шағында балалық ептілік бейнесін жиі азайтады және стандартты ережелерге, топтық нормалар мен авторитарлы көшбасшылықта топішілік бағыттарға қарсылық танытады Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістік жұмыстың бұл санаттағы оқушылармен бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылғанына байланысты. Бұл жұмыс өзіне әртүрлі типтегі дарындылықты тудырудың диагностикалық әдістемелерін қалыптастыруды, дарынды балалар туралы ақпарат сараптамасын, олардың білім алу және даму жағдайын жүктейді.

Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:

Үйлестіруші бағыт:

Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі.

Ғылыми-зерттеушілік бағыт:

Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.

Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.

Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.

Эксперименттік бағыт:

Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.

Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру [14].


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 698 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. | Схематикалық процедураның талдауы. | Иын баламен жұмыс | Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері | Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дарындылықтың диагностикасы| Дістемелік қамтамасыздыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)