Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Схематикалық процедураның талдауы.

2 -суретте келтірілген.

 

 

Бала мектептегі сабақта жоқ

 

 


бала үйде жоқ бала үйде отыр

(бетімен кеткен)

 

бала мектепке барудан баланы үйде

бас тартқан қалдырған

 

көліктік мектептен айырылып әлеуметтік

фобия қорқу қалу байланыстан

әлеуметтік қорқынышты қашқақтау

фобия

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).

Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.

Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады.

Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.

Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.

Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:

- балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;

- оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;

- мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым - қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік мамандардың құзырында.

Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.

Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:

– оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

– оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

– оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

– оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;

– оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

– оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғары да көсретілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдер-ге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

Сынып жетекшінің қиын балалармен жұмыс істеу жолдары әр түрлі. Мысалы, «қиын» оқушыларды зерттеу нәтижесінде анықталған, ерекше бір іске қызығу, әуестену талабын мүмкіндігінше қанағаттандыру, оларды пайдалы еңбек етуге тарту оқушылар ұжымынан өзінің белгілі бір орын алуға тырысу тілегін қолдап отыру, оқытушылар беделін арттыра отырып, тәрбиеленуі қиындармен достық қатынас жасаудың да тәрбиелік маңызы зор.

Тәртібі нашар баланың шығу себебін зерттеушілер оны екі мағынада түсіндірді: біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады десе, екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктер мен психикасының өзгеше қалыптасуынан дейді.

Ал біз «қиындардың» пайда болу себептерін бала психикасының ерекшеліктерінен емес, басқа да әр түрлі жағдайлардан іздейміз. Біздің пікірімізше, мінездегі өзгерістерді баланың өзінен көре беру дұрыс болмайды. Бұл жерде зерттеуші педагог Л.М.Зюбин «Еліміздегі қазіргі зерттеушілердің пікірінше, кәмелетке толмағандардың адамгершілікке жат мінез-құлықтарының пайда болуына негізгі себептері, ең алдымен, отбасында және мектептегі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуінде жатыр»,- деп жазған.

Психологиялық себептерге жататындар: балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы және оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық; балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде оған айтқанды орындата алмауы; баланың пайдалана білмеуіне қарамастан, оған балдырған кезінде толық еркіндік беру.

Балаларды бұзақылық істеп, тәртіп бұзудан алдын ала сақтандыру шараларының ең бірінші амалы – ата-аналардың өздерімен жұмыс жүргізу, ондай отбасыларға қоғамдық пікірдің назарын ерекше аудару қажет деген қорытындылармен келіспеуге болмайды. И.А.Невский тәрбелеуі қиын оқушыларды топтарға бөліп, оны үш жағдаймен түсіндіреді:

а) педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы; ә) әлеуметтік тәрбиесінің дұрыс болмауы; б) психикасының қалыпты нормадан ауытқуы.

Тәрбиеленуі қиын оқушы – оның мінез-құлқының жақсы да, жаман да жақтары қарқынды өсіп келе жатқан адам. Сондықтан оларды тәрбиелеу жұмысы да жас ерекшелітері мен өсіп жетілу кезеңдерін есепке ала отырып, соған лайықты түрде жүргізілуі тиіс. Тәрбие жұмысы процесінде мектептің терең ойластырылған белгілі жұмыс жүйесінің болуының маңызы аса зор. Мектепте және мектептен тыс тәрбие беруде ғылыми негізделген тәрбие жұмысының белгілі бір жүйесінің болуы ғана мектеп оқушылары тәртібінің жақсаруына көмектеседі.

«Егер «қиын» оқушылар мектептегі тәрбиенің нәтижесінде жақсармаса, жақсы балалар тәрбиеленуі қиындардан үлгі, өнеге алып, олар да солардың қатарына қосылады» деп жазады Г.Е. Журковский.

3. Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат - оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні — оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуіін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Шындығында, мұндай көзқарас оқушылардың мектеп жағдайындағы өмірінде жиі болып тұрмайды. Керісінше оқушымен жеке жұмыс, оған үнемі ескертпее жасау, зеку, кею, ұрсу, сөгу жағдайында болып отырады. Сондықтан, мұндай жұмыс барысында мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықылас-тылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынандай жағдайларды ескеруі тиіс:

1. Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды. Ол жас ерекшелігіне қарай қызба, тәжірибесі аз, ерік-жігері баяу және ақылға қарағанда сезімге берілуі, әсерленуі басым болып келеді. Мұндай жағдай, оның келешек өміріне күшті әсер етеді. Сондықтан, сынып жетекшісі болсып, мұғалімдер болсын оның жанын түсінетіндігін байқатып отыруы тиіс. Бұл оның бала тарапынан жіберілген кемшіліктері немесе оған іс- қимылдарымен бөлісуді және онымен үнемі келісетіндігін білдірмейді. Керісінше, дер кезінде оған көмектесуге, ағаттық жіберу себебін анықтап, оны болдырмаудың жолдарын іздеуге мүмкіндік туғызады.

2. Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісібелгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде “тек өзімнің айтқаным ғана болады” деген көзқараста емес, керісінше баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс. Оған қандайда болмасын қысым көрсетуге, күштеуге болмайды. Мұғалімнің көзқарасына сай келмейтін шешім болса да, баланың пікірін сыйлау қажет. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті — өзінің қабылдаған шешімін орындатуға баланы мәжбүр етпеу, керісінше оның дұрыс таңдау жасауына жағдай туғызу.

3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Адам баласы ақиқат өмірдің заңдылықтары негізінде қалыптасып дамиды. Ендеше, сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі — баланың дамуна және тұлға ретінде калыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу. Ол үшін, оның өмірден өз орнын табуғаа, дербестік қасиетін қалыптастыруға, қиын жағдайдан шығудың жолын таба білуге көмектесуі қажет. Олай дейтініміз, мектеп өмірінде әрбір оқушының тұрақты немесе қиын- қыстау кезеңі болады. Мұндай жағдайда окушының жеке басын жетік білетін мұғалім ғана, оның дұрыс жолға түсуіне және өзін-өзі түсүнуіне, өмірден өз жолын тандай білуіне көмектесе алады. Ол үшін сынып жетекшісі баланың өзінің өмір сүру ортасын қалыптастыруы және оның тұлғалық сапасының қалыптасу процесіне жағымды ықпал ететін ортасын ынталандырып отыруы тиіс. Оған ата-аналар мен басқа да тәрбие мекемелерін қатыстыру шарт.

4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, киын-қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді; көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, босқын немесе оралман отбасына т.с.с.

Сынып жетекшісіне бұл қызметті дұрыс өз дәрежесінде атқаруға көмектесетін әртүрлі психологиялық және педагогикалык тәсілдер бар. Оған оқушылардың қазіргі өмір жағдайын дұрыс түсінуге лекция оқу, әлеуметтік- психологиялық тренинг өткізу, практикум жүргізу, педагогикалық жағдаят және ойын ұйымдастыру. Бұлар, біріншіден оқушының тұлға ретінде өзін-өзі тәрбиелеуіне қызмет етсе, екіншіден, әртүрлі қиын-қыстау жағдайдан қателеспей шығуда тұрақты тәжірибе жинауға және өзінің күш-жігерін молайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі педагогиканың өктемшілдік педагогикадан айырмашылығы мұғалімдер мен оқушыдардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын қолдау. Осы тұрғыда сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысындағы негізгі ұстаным, ол өзара түсіністік, сенім көрсету, оқушының жеке басын сыйлау, қамқорлық жасау т.с.с.

Өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігі мұғалім мен оқушының белгілі бір әрекет барысында бір-біріне ықпалы және ол тек танымдық кеңістікте ғана емес, сонымен бірге тұлғалық өрісте де қайта жаңғыруға нақтылы ықпал етеді Мұндай өзара қарым –қатынас тікелей және жамнама әсер ету түрінде болады.

Тікелей әсер ету мұғалімнің оқушыға белгілі бір талап қою немесе ұсыныс жасау туріндегі тікелей ықпалы. Дегенмен де оқушының өміріне үлкендер тарапынан үнемі ықпал ету әсері дау-жанжалдың тууына септігін тигізуі мүмкін. Сондықтан, кейбір жағдайда оқушыға көбінесе жанама әсер ету нәтижелі болып келеді. Оның мәні, мұғалім өзінің ыкпалын оқушыға емес, керісінше оның ортасына. бағыттайды (сынып оқушыларына немесе жолдастарына). Оқушының әлеуметтік өмірін өзгерте отыра, мұғалім оның өзінің тұлғалық сапасын өзгертеді. Жанама ықпал ету,баланың көбінесе жасөспірім, жеткіншек шағында қолданылады, Себебі, ол оның жас ерекшелігіне сай өтпелі кезеңіне сәйкес келеді.

Кез келген оқушының сыныпта ерекше қарым- қатынас жасайтын кұрбысы болады. Ол оның пікірімен санасады, ой бөліседі және жуүріс-тұрысы да бірге болады. Олай болса, мұғалім сол оқушыға ықпал ету арқылы, оларды өзіне ынтымақтастыққа тартады.

Осымша


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 391 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.| Иын баламен жұмыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)