Читайте также: |
|
Әрекет бағыттары | Мазмұны |
Ақпараттық қамтамасыздандыру | 1. Нормативті-құқықтық қамтамасыздандыру: 1.1 Мектепішілік пән олимпиадаларын өткізу туралы 2.1 Пән апталықтарын (декада) өткізу туралы 3.1Конкурстар, викториналар және т.б. туралы 4. Бағдарламалық қамтамасыздандыру 5. Ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындау (ұсыныс, жариялау, бағыттар бойынша әдебиеттер тізімі). 6. Материалдарды баспадан шығару, сайттар мен суретті есеп беруді рәсімдеу. |
Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыру | 1. Дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мақсатты әдістемелік біріктіруді құру. 2. Педагог мамандар біліктілігін мектептің тақырыптық семинарлары арқылы көтеру. 3. Педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтауды үйрену. 4. Жүйе жұмысының мониторингі. |
Проблемалар:
1.Оқушылармен осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми-әдістемелік қолдаудың әлсіздігі.
2.Мұғалімдердің оқытуды жекелеп өткізуге дайын еместігі.
3.Қабілетті және дарынды балаларды психолого-педагогикалық жағынан сүйемелдеп отыру мәселе болып қала бермек.
4.Қабілетті және дарынды балалардың ата-аналары әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді қажет етіп тұрады.
5.Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата-аналар ынтымақтастығының орындалуын талап етеді.
Көрсетілген проблемалар дарынды балалардағы шығармашылық және зияткерлік әлеуеттің толықтай ашылмайтынын аңғартады. Дарынды балаларды оқыту мен дамыту мәселесі барлық педагогтық қоғамның қалт еткізбес назары мен өзара тығыз әрекеттестігін талап етеді.
Күтілетін нәтижелер
1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
2.Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім» категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.
3.Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
4.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
5.Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру.
7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау.
8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
9. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.
Осымша
Тақырыбы: Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу.
Дарындылықтың түрлері. Джон Рензулли деген америкалық маманның пайымдауы бойынша, дарындылық 3 түрге бөлінеді:
1.Туа біткен қабілет.
2. (Мотивация) қызығу себептеріне байланысты.
3. Жұмбақ құбылысты шешуге тырысу.
Дарындылықты дамыту үшін жақсы қоршаған орта керек.
Дарындылықтың себептері:
1.Айналасында болып жатқан бір немесе оданда көп құбылыстарды бақылай алу.
2.Себептерін анықтай алу және қорытынды шығара білу.
3.Тез және дәл ойланып, іске асыру.
4.Жаңа құбылысты байқағыш және «неге» деген сұрақты көп қою.
Дарынды оқушылардың ерешелігі:
1. Сөз қорының байлығы.
2. Ойын тез және ерекше жеткізе алуы.
3. Ойлау қиялының жақсылығы
4. Рефлексия (тез бейімделуі)
5. Есте сақтағыштығы.
6. Классификация жасай алуы.
7. Көңіл бөлгіштігі.
8. Қандай оқушыны дарынды деп айтуға болады?
9. Академиялық қабілетті.
10. Шығармашылығы бар.
11. Тесттен жоғары нәтиже көрсеткен.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 346 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. | | | Дарынды балалармен жұмыс. |