Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТӘжірибелік сабаҚтарҒа арналҒан Әдістемелік нҰсҚаулар

Читайте также:
  1. АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
  2. СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

6.1.№ 1 тақырып. «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшығының гипо- және гипервентиляциясы. Өкпенің диффузиялық және перфузиялық қабілеті төмендеуінің тетіктері. Өкпе гипертензиясы мен гипотензиясы». (2 сағ)

6.2.Сабақ мақсаты:

1. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің, өкпе диффузиясы мен перфузиясы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

 

6.3.Оқыту міндеттері:

· Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің, өкпенің диффузиялық және перфузиялық қабілеті бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

· Сабақ тақырыбы бойынша ауызша талдау жасағанда топппен жұмыс жасауда коммуникативті дағдыларын жетілдіру

6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі, орналасуы, қанның газдық құрамының өзгеруі, ағымы бойынша жіктелуі.

2. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығы өзгеруінің патогенезі мен себептері.

3. Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік (өкпе тінінің тығыздалу синдромы) және өкпеден тыс себептері (плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромы ж.б.), патогенезі, өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгеруі.

4. Өкпе жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың арасындағы газдар алмасуы бұзылысының даму тетіктері мен себептері.

5. Тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензияның даму тетіктері мен себептері.

6. Тыныс алу жеткіліксіздігінің патогенезіндегі вентиляциялық-перфузиялық арақатынасы бұзылуының маңызы

 

6.5.Оқыту және сабақ беру тәсілдері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: кейс-стади, тестілеу

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері уақыты
  Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
  1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс 45 мин
  үзіліс 10 мин
  Кейс-стади 30 мин
  Тестілеу 10 мин
  Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Тапсырма. Есептерді шешіңіз

Есеп.

A. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖК↑,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?

B. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, РКдш↓, ӨЖК↓, ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?

Есеп.

Науқас Р., 60 жаста, өкпе обырына байланысты бір өкпесін алып тастаған. Тыныштық жағдайда өкпе артериясында қысым қалыпты, ал күш түскенде өкпелік гипертензия дамиды. Мұны қалай түсіндіруге болады?

A) Жүктеме кезінде өкпе тамырлары тарылады

B) Жүктеме кезінде ауа жолдарының кедергісі жоғарылайды

C) Жүктеме кезінде өкпенің керіліп созылуы қанайналымды азайтады

D) Физикалық жүктеме кезінде теңгерілудің жеткіліксіздігіне байланысты өкпенің қанға толуы ұлғаяды

Есеп.

Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:

Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптағының 81%, ӨЖК – қалыптағының 76%, ТМҚ –қалыптағының 133%, Тиффно индексі – 80%

1. Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?

2. Науқаста ентігудің патогенезін түсіндіріңіз.

3. ӨТС, ӨЖК, ДМК және Тиффно индекісімен қанның газдық құрамына патофизиологиялық сараптама беріңіз.

4. Науқастағы сыртқы тыныс бұзылысына толық қортынды беріңіз.

№ 4 есеп. Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, соның бірі бірден айқындалған ентігу. Артериялық қанның газдық көрсеткіші: рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%

Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨҚК жоғары, Тиффно индексі төмен.

1. Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі боцынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды

2. Науқаста ентігудің қандай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3. ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексінің өзгерістерінің патотогенезін түсіндіріңіз.

4. Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға болады?.

 

№ 5 есеп. Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретиклоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.

Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%.

1. Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі боцынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды

2. Тифно индексімен өкпе көлемдерінің патогенездік өзгерістерін түсіндіріңіз

3. Қан көрсеткіштернің өзгерістері қандй мағана береді? ҚСҮ өзгерістеріне сараптама берініңз.

4. Берілген науқаста вентеляция- парфузиялық арақатнас қалай өзгереді?

.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 541 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ДЕБИЕТТЕР | Тақырып бойынша тапсырмалар | Тапсырма. | Тапсырма Зертханалық мәліметтерді сараптау | ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ | C) жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде | тақырып. Ересектер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Гиповентиляцияның рестрикциялық және обструкциялық түрінің патогенезі.| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)