Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге өз қоғамымызды құрып отырып,біздің азаматтарымыздың өмір бойында дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш-жігерлерді қолдану қажет.Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөліктерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыру» деген болатын.

Облысымызда салауатты өмір салтына ынталандыру жөніндегі саясаттың ауқымында балалардың әл –ауқаты мен денсаулығына басым көңіл бөлінуде.

Салауатты өмір салтының негізді ұстанымы- ешқандай ауруға шалдықпай, дертке жеткізбей-ақ, алдын-ала мол денсаулық көзін ашу.

Хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па?» деп сұрағанда, ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қацыршы бақытты.Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір азамат өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парсатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.(1-кесте)

Әлеуметтік белсенділіктің сәйкессіздігі  
Психикалық дамудың үйлеспеушілігі, деке адам дамуының қарама-қайшылығы және тұрақсыздығы
Оқу мотивінің үйлеспеуі.Оқу-танымдық белсенділігінің төмендеуі. Негізгі оқу іскерлігінің қалыптаспауы. Оқу үлгерімінің төмендігі. Мектептегі қобалжу.   Жеке адамның өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы.
Девиантты баланың жеке тұлғасы

 

 

  Жеке адамдардардың жан-жақты әлеуметтік икемділігінің төмендігі. Әлеуметтік рефлекциясының төмендігі. Әлеуметтік мәдениетінің төмендігі. Мінез-құлқының ортаға сәйкессіздігі.

«Мен» бейнесінің бұзылуы

Өзіндік бағалауының сәйкессіздігі

Талап деңгейінің сәйкессіздігі

Қажеттілікке қанағаттанбауы

Жалпы орта дезадаптациясы

 

Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік мәселеге айналды. Осы орайда мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алу үшін төмендегідей ұсыныстарды атап өтсек:

– оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

– отбасы тұрмысындағы қарым-қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

– баланың сабақтан тыс уақытын қадағалау;

– баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық немесе басқадай рөлін, көшеге қызығу деңгейін зерттеу;

– баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;

– «қиын» баланың болу себебін педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;

– «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б. жатады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында «қиын» балалармен жүргізіп отырған жұмысымыз: мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата-аналар арасында жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды ұштастыру, оқу тәрбие ісін жүйелі жүргізу, әрбір «қиын» оқушыға сергек те мұқият қарау - оқу тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болатынын көрсетіп отыр.

Егер жастар өздерін, сезімдерін дұрыс басқарып, өмірлеріне жауапкершілікті сезінсе, салауатты өмір салтын ұстанса, есірткіге тәуелділіктен құтылар еді.

Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың білімін, мінез-құлқын әрі олардың денсаулығын сақтау мәселесіне көзқарасты жақсарту,білім және денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, бүкіл қоғам үшін зор маңызды міндет болып табылады.

Оқушылар уақытының негізгі бөлігін мектепте өткізетіндіктен, зиянды заттарды қолдануға бейімделуден қорғанудың тиісті мінез-құлық қалыптарын әдетке айналдыру және өмірлік маңызды дағдыларға оқыту үшін алдын алу жұмысын жүзеге асыруда мектептің бірегей мүмкіндігі бар.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 827 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. | Схематикалық процедураның талдауы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Иын баламен жұмыс| Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)