Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.

Читайте также:
  1. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  2. Дарынды балалармен жұмыс.
  3. Жұмыс барысы.
  4. Иын баламен жұмыс
  5. Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
  6. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.

Жоспары:

1.Сынып ұжымын зерттеу және оған мінездеме құрастыру.

2.Педагогикалық ұжымның қабілетті, дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі.

3.Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.


«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр »,-дей отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық –психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.

«Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз - ақ дамуға қабілетті ету»,-дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз жеткізудеміз. Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті

басым болып келеді. Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндетті болып табылады.

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:оқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық - еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:

– абстрактылы интеллект;

– ересектер зияты;

– нақты интеллект;

– кристалданған интеллект;

– қарапайым интеллект;

– жануарлардың зияты;

– жасанды интеллект;

Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.

Дарындылық -қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы өзіндік байланыстыруы; адам мүмкіндіктерінің кендігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері; ақыл әлеуеті, немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы; қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы; таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі.

Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының жалпы сипаттамасындай, кешенді зерттеуді талап етеді. Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зерттеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

Дарынды балалардың белгілері:

– көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

– өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

– білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.

Міндеттері:

– Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

– Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы

– Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;

– Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;

– Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;

– Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

– Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу;

Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 649 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 4 страница | Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 5 страница | Этнопедагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі. | Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі | Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. | Схематикалық процедураның талдауы. | Иын баламен жұмыс |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері| Дарындылықтың диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)