Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дарынды балалармен жұмыс.

Читайте также:
  1. Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.
  2. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  3. Дарындылықтың диагностикасы

1.Жаңа материалды мүмкіндігінше ықшамдап қарастыру шарт.

2.Меңгерілуге тиіс материалдардың сыртқы жағдайларын түйінді жеткізіп, ашып көрсетеді.

Дарынды балаларды анықтау үшін оқушыларға қойылатын талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуге тиіс. 9-10 сыныптарда:

- Берілген тақырыпқа сюжетті құрай білуі;

- Баяндамалар жазып, рефераттар қорғауы;

- Бағдарламалық тақырыптарға шығарма жазуы;

- Жазушы шығармаларына талдау жасай алу;

- Тақырыптық кештерде өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныс, пікірлер айтуы.

Дарынды оқушымен жүргізетін мұғалімдерге талап та жоғары деңгейде болуы керек.Олар жоғары оқу орындарымен үнемі байланыс жасап, оқушыларды ғылыми негізде жұмыс істеуге баулу мақсатында қызмет етуі қажет.

Дарынды балаларды тәрбиелеуде тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы. Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек:

- Туа біткен қасиетін дамыту;

- Отбасының жағдайы, ата – анасының қолдауы;

- Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым – қатынас;

- Ұстаз біліктілігі;

- Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.

Міне,осы айтылғандар ұштасқан кезле ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш – қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді. Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын әрі қарай дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылықпен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.

Зерттеу, ізденушілі – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысу, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпыну қасиеттері балаға тән дәстүрлі мінез.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай – ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданыла-тын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми – зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту т.б.

Дарынды балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық – әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңартулар болып жатыр.

Инновациялық үрдістер ғалымдар мен практик- ұстаздар арасында кең өріс алып келеді. Бірақ, мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасымен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін – өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Шығармашылық – зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қана қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілеті.

Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін – өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да, ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формаларымен әдісі арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – оқушылардың ғылыми ұйымдастыру.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс – тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу сыныптан басталуы тиіс.

Дарындылықты дамытудың теориялық негіздері. Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой- пікірлер жинақталған. Бұл мәсленің түп – тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс тапқан.

Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық.

1. Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері бола алмайды.

2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандайда бір не бірнеше іс –әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет – нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. «Дарындылықтың» анықтамасын оқушыларға қатысты қолданған кезде біз әр балаға байланысты әлеует мүмкіндіктердің дамуының белгілі бір деңгейі жөнінде айтылатын «жеке тұлғаның» әлеуетін қарастырамыз. Дарындылық әлеуеттің негізі сипаты деп іс – әрекет үрдісі кезеңінде пайда болатын және дамитын мүмкіндіктерді айтамыз. Барлық арнайы қабілеттіліктер іс – тәжірибе барысындағы нақты шарттар әсерінен дамиды. Психологтар дарындылықтың белгілерін екі аспектіге бөліп қарауды ұсынды: инструменталды және мотивациялы. Бірінші, қызметтің тәсілін білдіреді, екіншісі, бала шындықтың және өзінің іс – әректінің түрлі қырына қандай көзқараспен қарайды, оларға деген қарым –қатынасының қандай екенін білдіреді. Америкалық ғалымдар дарынды бала мәселесі өніндегі тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударады: танымның жоғары деңгейде дамуы, психикалық даму, физикалық мәліметтер.

Оқу материалын меңгеру үшін әрбір өтпелі кезеңде таным үрдістері жүйесін дұрыс дамыта білу қажет. Бұл – жаңаға зейін аудару, түсіну әрі оқу материалын еске сақтау. Психология ғылымында және педагогикалық тәжірибеде қалыптасып кеткен таным үрдістерін бөліп қарау мұғалімнің баланы оқытуда барлық интеллектуалдық жүйесін дамыту жұмысын қиын-датады. Ал негізінде әрбір таным үрдістері бір – бірімен тығыз байланысты. Оқу үрдісінде жеке таным үрдісі ғана емес, жалпы интеллектуалдық жүйені дамыту қажет.

Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау (оларды жалпылау) едәуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір баланың ақыл – ойын пайдаланатындай жан –жақты дамуы үшін белсенді оқытуды ұйымдастырған жөн. Бұл өз кезегінде бастауыш мектеп оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының қарапайым бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.

Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет-дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді. Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, бір – бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану – нақты бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды.

2.5. Мұғалім мен ата-ананың ынтымақтастығы.

Жоспары:

1. Отбасы – оқушылардың тәрбиелік және дамытушылық орта ретінде.

2. Мұғалім мен ата-ананың ынтымақтастығы.

3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының мазмұны мен міндеттері, формалары мен әдістері.

Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата - аналармен, қоғамдық ұйым-дармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата - аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезім-талдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.

Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады.

 

1. Сурет

 


 

 


Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.

2. Сурет

 

 

 


Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу.

Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.

Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.

Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырыла-ды.

Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.

Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзінде міндеті. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс. «Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндет-терінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе,сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда. Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.

2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеуметтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2692 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ | Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету. | Күтілетін нәтиже | Сынып жетекшісінің зеттеу жұмысы төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. | Схематикалық процедураның талдауы. | Иын баламен жұмыс | Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері | Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі. | Дарындылықтың диагностикасы | Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дістемелік қамтамасыздыру| Кіріспе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)