Читайте также:
|
|
Мектепке дейінгі мекемедегі методикалық кабинет педагогикалық ұжымның «Балабақшадағы тәрбие программасын» жүзеге асыруы, жұмыс күніне, педагогикалық советке немесе ата-аналар жиналысына, өз бетімен білім алу сабақтарына және т.б. даярлық істеуіне күнделікті және мақсатты методикалық көмек көрсету үшін жасалады.
Методикалық кабинеттің материалдары «Балабақшадағы тәрбие программасының» талаптарына сай іріктеп алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың нақты міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі.
Методикалық кабинетте бұйрықтар, БҒ министрлігінің циркулярлық және методикалық хаттары, нұсқаулары, коллегиялардың шешімдері, сондай-ақ тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, педагог-дефектологтардың жұмыс тәжірибесінен алынған материалдар – озық тәжірибе, календарьлық жоспарлар, ашық өткізілген сабақтың, ойынның, еңбек қызметінің, серуеннің және тағы басқаның конспектілері пен протоколдары, талқылаулары; мерекелік ертеңгіліктердің программалары, ата-аналарға арналған консультациялар мен тақырыптық көрмелердің және т.б. материалдары болуы тиіс.
Методикалық кабинетте сонымен қатар қаланың, ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы керек. Осы материалдардың бәріне аннотация беріледі. Аннотацияда (оны меңгеруші немесе тәрбиеші-методист жасайды) тәжірибенің мазмұны қысқаша баяндалады және оны пайдалану жөнінде нұсқаулар беріледі.
Материалдарды іріктеуде белгілі бір жүйе сақталуы тиіс. Мысалы, жан-жақты тәрбие міндеттерін іске асыру жөніндегі материалдар қызмет түріне қарай, ал содан кейін баланың жасына қарайғы принцип бойынша топталуы тиіс. Немесе, керісінше, жүйелендірудің негізіне баланың жасына қарайғы принципті алуға, ал әрбір топты материалдарды бала қызметінің түр-түріне қарай орналастыруға болады.
Методикалық кабинетте көрнекі оқу құралдары сақталады. Бұл белгілі бір көмекші құралды түрлі сабақтарда, түрлі жастағы топтарда пайдалануға мүмкіндік береді. Күнделікті қажет бола қоймайтын және әр топтың кезекпен пайдалануына алынатын, таратып беруге арналған құралдар да методикалық кабинетте сақталады.
Оқу құралдары мен техникалық жабдықтар «Балабақшадағы тәрбие программасының» барлық бөлімдері бойынша іріктеледі.
Заңдар мен ережелер документтері, жұмыс тәжірибесінің материалдары, нұсқаулар машинкаға бастырылуы және папкаларда сақталуы тиіс.
Картоннан, ағаштан, органикалық әйнектен жасалынған көрнекі құралдар олардың саны мен көлеміне байланысты қораптар мен жәшіктерде сақталады. Картиналар мен иллюстрациялық материалдар матаға, содан соң картонға желімденеді. Оларды жазылған күйінде жабық шкафтарда сақтаған жақсы. Құралдар мен материалдардың дұрыс сақталуы олардың пайдалану мерзімін ұзартады.
Методикалық кабинетте методикалық және балаларға арналған көркем әдебиет қоры жасалады. Кітпаханада мынадай бөлімдер болуы тиіс: қоғамдық-саяси әдебиет, педагогика және психология, баланы оқыту мен тәрбиелеу методикасы, семьяда тәрбиелеу, мектеппен бірігіп атқарылатын жұмыс, анықтама әдебиет (Отанымыз жөнінде, музыка, живопись, сөздіктер жөнінде және басқа), сондай-ақ журналдар: «Дошкольное воспитание», «Отбасы және балабақша», «Бастауыш мектеп», «Білім беру», «Педагогика». Методикалық әдебиетті тәрбиенің жеке мәселелері бойынша жүйеге келтірген пайдалы.
Балалардың көркем әдебиет кітапханасында «Балабақшадағы тәрбие программасында» көрсетілген мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кітаптар, сонымен қатар қайта басылып шығарылған кітаптар болуы керек. «Балабақшадағы тәрбие программасында» көрсетілген кітаптарды 10-15 данадан алған дұрыс.
Балалар әдебиетін алфавит ретімен (авторлар фамилиялары бойынша) қойған дұрыс, бұл көркем фондыны пайдалануды жеңілдетеді. Тәрбиешілер қажет болған кітаптарын тауып алуларына көп уақыттарын жібермеуі үшін мына тақырыптар бойынша библиографиялық тізім жасаған жақсы.
Барлық материалдар мен оқу құралдарына, журналдардан алынған мақалалар мен кітаптарға картотека жасалады. Алфавиттік және тақырыптық каталогтардың болуы ыңғайлы.
Меңгеруші тәрбиеші-методистің тәрбие-білім берудің неғұрлым көкейкесті проблемалары, педагогикалық коллективтің оқу жылы ішінде шешетін проблемалары бойынша мерзімді көрмелерді безендіруіне көмектеседі. Көрмелер педагогикалық, методикалық және балалар әдебиеттерінің жаңа туындыларымен, жаңа оқу құралдарымен және ойыншықтармен таныстырады.
Мереке күндеріндегі тәрбие-білім беру жұмысының мазмұны тұрғысындағы нұсқаулар әрдайым жасалып отырады. Бұл көрмелерді алдын ала (1,5 – 2 ай бұрын) жасау керек. Олардың мазмұны тәрбиешілерге сабақтарда және күнделікті өмірде тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуге, балаларға арналған әдебиет пен илюстрациялық материалдарды пайдалануды ретке келтіруге көмектесуі керек. Көрмеде тәрбиешілерге арналған әдебиет, семьямен жұмыс істеу жөніндегі кеңестер, сондай-ақ топтар мен учаскелерді безендіру жөніндегі кеңестер, шақыруларды, сувенирлер мен ойыншықтарды даярлау жөніндегі нұсқаулар беріледі.
Жылдың түрлі мезгілдеріндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарьлары, серуендер мен экскурсияларды өткізудің үлгі жоспарлары, учаскеде және табиғат мүйісінде түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар жөніндегі нұсқаулар, иллюстрациялық-көрнекі материалдар, балалар оқу үшін көркем әдебиет қойылуы мүмкін.
Көрмелер тәрбиешілердің назарын аударарлықтай, ынта-ықыласын туғызарлықтай етіліп, көркем безендірілуі керек. Методикалық кабинетті безендіргенде материалдарды пайдаланудың мақсаттылығына, қарапайымдылығына, ыңғайлылығына қол жеткізу керек.
Методикалық кабинетттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты (кітап немесе оқу құралы), түскен уақыты, жаңа материалдың қойылатын бөлімі жазылады. Методикалық кабинетті толықтыру белгілі бағытта және жүйелі жүргізілуі үшін оқу құралдарын алудың бес жылға арналған перспективалық жоспары болуы қажет. Сонымен бірге берілген материалдардың, кітаптар мен оқу құралдарының есебін жүргізіп отыру да нұсқалады.
Меңгеруші тәрбиеші-методистпен бірігіп отырып, тәрбиешілердің кабинеттегі материалдарды пайдалануын анықтауы, педагогикалық процесті жақсарту ісінде оларға ненің нақты көмек етіп отырғанын, нені өзгерту, толықтыру керектігін және т.б. талқылауы керек. Сондай-ақ басқа да мектепке дейінгі мекемелердің озық тәжірибесін қолдану маңызды, методикалық кабинеттің тәрбиелеу және методикалық жұмыстың сапасына тиімді ықпал тигізуіне қол жеткізу керек.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1557 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тезистері | | | Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi |