Читайте также: |
|
7.Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, уәкiлеттi органдар жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан кешiктiрмей;
3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi.
8. Мемлекеттiк аттестаттау кестелерiн уәкiлеттi органдар бекiтедi. Өткiзу мерзiмi туралы ақпарат бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн үш ай бұрын жеткiзiледi.
9. Мемлекеттiк аттестаттаудан өтуi тиiс бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей уәкiлеттi органдарға өзiн-өзi бағалау материалдарын ұсынады.
10. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жетi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аттестаттау комиссиялары өткiзедi. Аттестаттау комиссияларының құрамын өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органдар бекiтедi.
11. Аттестаттау комиссиясының құрамына:
Тиiстi уәкiлеттi органның қызметкерi аттестаттау комиссиясының төрағасы болып тағайындалады.
12. Бiлiм беру ұйымы ұсынған өзiн-өзi бағалау материалдарының, аттестаттау комиссиясының қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi органдар он күнтiзбелiк күн iшiнде тиiстi уәкiлеттi органның бұйрықтарымен (қаулыларымен) ресiмделетiн бiлiм беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешiм қабылдайды.
13. Аттестатталған немесе аттестатталмаған бiлiм беру ұйымдары туралы ақпарат тиiстi уәкiлеттi органның ресми сайтында орналастырылады, сондай-ақ ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14.«Аттестатталмасын» деген шешiм бiлiм беру ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға және ұйымның басшысын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартуға әкелiп соғады.
15. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
16. Уәкiлеттi органдардың шешiмдерiне бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.
4.Педагог портфолиосы туралы. Портфолио-бұл білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістікте компьютерді пайдалану арқылы педагогтың жұмыс орнының ұйымдастырылуы. Білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігін құру қазіргі таңда басты міндет болып табылады және осы арқылы ақпараттық технологияларды білім берудің барлық сатыларында енгізуді анықтайды. МДҰ өзінің ақпараттандыру және ақпараттық кеңістігінің аймақтық ақпараттық кеңістікте жеке моделін құруы керек, яғни ақпараттық мәдениет пен ақпараттық технологияны меңгерген ұжым болуы қажет. Білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігі деректер мен мәліметтер базасының жиынтығы болып табылады. «Портфолио» термині-педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз.Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады және талдауға, өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Педагог портфолиосы тәрбиешінің жеке кәсіби жетістіктерін, оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады.
Портфолио мұғалімге тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Портфолио-бұл тәрбиешінің өздігінен білім көтеруде жинақталған құжаттары және оны өзінің кәсіби іс-әрекет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы.
Тәрбиеші портфолиосы. Портфолио- тәрбиешінің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсібиқызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте тәрбиешінің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері. Портфолио-тәрбиешінің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері. Портфолио-тәрбиешінің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Тәрбиеші портфолиосының артықшылықтары:
Портфолионы жасақтау қиындықтары:
Тәрбиеші портфолиосының негізгі функциялары:
1.Жинақтаушы: тәрбиеші жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: тәрбиешінің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Тәрбиеші портфолиосының түрлері:
Тәрбиеші портфолиосының маңызды бөлімдері:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндеме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен)
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Тәрбиеші портфолиосының мазмұны:
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 592 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi | | | Тәрбиеші портфолиосының негізгі бөлімдері. |