Читайте также:
|
|
Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын мүлтіксіз ұйымдастыруды және басқара білуді: кадрларды дұрыс орналастырып, коллективтің әрбір мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін арттыра білуді талап етеді. Бұл айқын жоспарлау және белгіленген шаралардың орындалуын жіті бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
Балалар бақшасының жылдық жоспары үкіметтің білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие саласындағы шешімдерін, БҒ министрліктерінің программалық-методикалық документтеріне сәйкес жасалады. Ол мынадай тарауларды қамтиды: 1.Кіріспе бөлім. 2.Негізгі міндеттер. 3.Ұйымдық-педагогикалық жұмыс. 4. Педагогикалық дәреже мен педагогтық мамандықты арттыру жөніндегі шаралар. 5. Ата-аналармен жұмыс. 6. Әкімшілік-шаруашылық қызмет. 7. Қызмет көрсетуші персоналдың мамандығын арттыру. 8. Медициналық шаралар. 9. Өндірістік-көпшілік шаралар.т.б.
Оқу жылына арналған жұмысты жоспарлауға кірісе отырып, меңгеруші мектепке дейінгі мекеменің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, өткен жылғы жұмыс жайына талдау жасайды, баға береді, нақты жағдайды, педагог кадрлардың құрамын, олардың іскерлік сапаларын ескереді. Осыған сүйене отырып, коллектив жүзеге асыру үшін еңбектенуге тиісті негізгі міндеттер белгіленеді. Дәл тұжырымдалған ол міндеттер мекеме қызметінің айқын перспективасын жасап, назарды әлі шешілмеген міндеттерге шоғырландырады. Жоспардың әрбір міндеті нақты шаралармен ашып көрсетілуге тиіс. Ол шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімі мен орындауға жауапты адамдар міндетті түрде көрсетіледі. Жоспар оқу жылына (сол жылдың бірінші сентябрінен бастап) жасалады. Ол өндірістік кеңесте немесе кеңейтілген педагогикалық советте талқыланып, бекітіледі және коллективтің әрбір мүшесі міндетті болып табылады.
Жылдық жоспардың негізінде айлық жұмыс жоспарлары жасалады. Жылдық және айлық жоспарлардың мазмұны мекеменің өмірі мен қызметінің барлық жақтарын қамтитын болуға тиіс.
Жоспарлау. Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты — жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз.
Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған «ағашқа» теңейтін болсақ»басты» мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан оның педагогикалық процестің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың іске асуы есебінен нәтиже беретінін ұмытпау қажет. Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мекеме жұмысы жоспарының қысқартылған моделі емес, ол мектептің жалпы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.
Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсініктемесі болады: оның жалпы МДҰ-ның жоспардағы орны; басты мақсаты, міндеттер жүйесі; мақсатқа жету көрсеткіштері; орындалу мерзімі; міндетті орындауды басқарудың мәліметпен қамтамасыз етілуі; бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгізілген түзету.
Басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты балабақша жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз. Жұмыс жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі талаптар: Жоспар дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын,үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, МДҰ жұмысының барлығы
тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл тәрбиеші, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол МДҰ қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
МДҰ жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Тәжирибе көрсеткендей, кейде басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
МДҰ жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.Перспективалық жоспар МДҰ-ның соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарластырған мерзімдегі МДҰ міндеттері.
2. Балалар контингентінің жылдар бойынша дамуы, топтардың арту мүмкіндігінің
перспективасы.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. МДҰ жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) меңгеруші, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) меңгерушінің басшылығымен жоспар жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртініші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде МДҰ-ның жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар тәрбиешілер жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.
Жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмұны. Жылдық жоспарлардың түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде МДҰ мөлтек ауданы анықталады, нақты мүмкіндігі ескеріледі. Балалардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР «Білім туралы» заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, тәрбиесі қиын балаларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.
Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау. Жылдық жоспар – мектепке дейінгі мекеме қызметінің перспективасы белгіленетін басты документ. Ол педагогикалық және қызмет етуші маман жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын, әрбір қызметкер жұмысының болашағын анықтайды. Жылдық жоспарды жасауға бүкіл коллектив қатысады.Жоспар үкіметтіңң идеологиялық мәселелер мен халыққа білім беру жөніндегі шешімдеріне сәйкес, «Балабақшадағы тәрбие программасы» және БҒ министрліктерінің нұсқау-методикалық документтері негізінде оқу жылына (1 сентябрьден авгуске дейін) жасалады.Жоспар жасаған кезде алдыңғы жылғы жұмыс жағдайы ескеріледі. Тәрбие саласында шынайы міндет қою үшін, тәрбие мен білім беру процестерін дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру үшін неге қол жеткенін дәлме-дәл білу, ал сәтсіздіктер кездескен болса, олардың себептерін ашу керек. Тек қана жеткен жетістікке сүйене отырып, нәтижені дұрыс бағалай және шебер талдай отырып, перспективаны нақты белгілеуге, табыспен ілгері басуға болады.Қорытындылаушы педагогикалық советте меңгеруші өткен жылғы жұмысқа талдау жасайды. Содан кейін тәрбиеші-методиспен және тәрбиешілер активімен бірлесе отырып, ол жылдық жоспардың жобасын жасайды, онымен коллективтің танысуын ұйымдастырады (оны кабинетте іліп қойған дұрыс). Сөйтіп, осы оқу жылының соңғы педагогикалық кеңесінде, тамыз айында талқыланатын жобамен барлық тәрбиешілердің алдын ала танысуларына мүмкіндік туады.Жоспарлау жұмысы жөніндегі коллективтің міндеттеріне арналған өндірістік кеңес жұмыстың аяқталуы болып табылады. Барлық қызметкерлердің жоспарды талқылауға және қабылдауға қатысуы, олардың әрқайсысының оны орындауға деген жауапкершілігін арттырады.
Жоспар қалай жасалады және оның әрбір бөлімінің мазмұны қандай?
Бірінші бөлім – алғысөз немесе кіріспе.
Мұнда балаларға тәрбие-білім беру жөніндегі өткен жылғы жұмысқа және белгіленген міндеттердің әрқайсысының және тұтастай «Программаның» орындалуына қысқаша талдау жасалады. Жоспарда іске асырылған шараларды жай ғана тізіп қоймай, балаларға тәрбие-білім берудің нәтижелілігін көрсету керек. Мұнда жылдық жоспарды орындау барысында жіберілген қателіктер мен қиыншылықтарды да сөз ету керек.
Екінші бөлім – балаларға тәрбие-білім берудің басты міндеттері.
Мектепке дейінгі мекеме мектепке дейінгі жастағы балаларға жан-жақты тәрбие мен білім берілуін қамтамасыз етеді, сондықтан жылдық жоспар жасағанда осы балалар мекемесі үшін ненің негізгі болып саналатынын көзге айқын елестете отырып, жаңа оқу жылындағы жұмыстың негізгі міндеттерін белгілеу қажет. Бұл – балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру ісін жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Жылдық жоспардың өзекті міндеттерін анықтағанда мектепке дейінгі мекеменің типін (балабақшасы, ясли-бақша, арнайы мекеме, балалар тәулік бойы болатын санаторий балабақшасы, түрлі жастағы топтардың болуы), бүкіл коллективтің педагогикалық шеберлігі деңгейін, сондай-ақ әрбір тәрбиешінің күшті және осал жақтарын ескеру қажет. Жұмыс міндеттері анық, нақты белгіленуі шарт.
Үшінші бөлім – жыл бойында жүргізілетін жұмыстар. Барлық шаралар «Балабақшадағы тәрбие программасы» мен осы жылға белгіленген нақты міндеттерді орындауға бағытталуы тиіс.
Жылдық жоспарда: педагогикалық коллективтің идеялық-саяси даярлығын және педагогикалық шеберлігін жетілдіру: тәрбиешілермен жүргізілетін методикалық жұмыс, педагогикалық совет, консультациялар, тәжірибені жинақтау және қорыту, педагогикалық тәжірибе алмасу: балалардың сабағын, ойынын, серуенін, тұрмыстағы қызметін және т.б. көру және талдау, оның іске асуын ұйымдастыру және көмектесіп отыру, методикалық кабинеттің құрал-жабдықтары және жабдықталуы; программаның орындалуын бақылау, ата-аналармен жұмыс (ата-аналардың жалпы және топтық жиналыстары, балаларды семьяда тәрбиелеу мәселелері жөніндегі лекциялар мен консультациялар, көрнекі насихат); әкімшілік-шаруашылық жұмыс (мебельді, үйді жөндеу, физкультура, стол үстіндегі ойындар жабдығын алу, учаскеде мұз айдынын жасау, жеміс ағаштарын отырғызу, қыс кезінде балалардың күндіз таза ауада ұйықтауын ұйымдастыру және т.б.); қызмет көрсететін адамдардың (шаруашылық меңгерушісі, бала күтуші, аспаз) шеберлігін жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар қарастырылады.
Шаралар жөніндегі жоспар қоғамдық ұйымдарының жоспарларымен алдын ала сәйкестендіріледі. Бұл кадрлармен жұмыс істеудегі қайталаушылықтың болмауына көмегін тигізеді.Жоспар жасай отырып, барлық шаралардың көлеміне және мерзіміне қарай орындалатын болуын, олардың жыл бойына біркелкі бөлінуін қарастыру керек. Кімнің қай жұмыстың орындалуына жауапты болатынын алдын ала ойластыру қажет, коллективтің әрбір мүшесіне жұмыстың дұрыс бөлінуінің маңызы зор, өйткені жоспардың орындалу сапасы осыған байланысты болады. Мекеменің әрбір қызметкері жылдық жоспарда белгіленген міндеттердің орындалуына өзін жауаптымын деп санайтындай болуына жетуге ұмтылу керек, - тек осы жағдайда ғана жылдық жоспар коллектив жұмысының перспективасын белгілейтін документке айнала алады.Жылдық жоспарға мектепке дейінгі мекеменің кәсіподақ комитетінің, ата-аналар комитетінің, медициналық қызметкерлердің жұмыс жоспарлары, сондай-ақ жазғы сауықтыру жұмысының жоспары, балаларды мектепке оқуға әзірлеу жөніндегі мектеппен біріге отырып атқарылатын жұмыстар жоспары, педагогикалық мамандықты жетілдіру жөніндегі бес жылға арналған жоспар қосылады.Жоспар методикалық кабинетте, барлық қызметкерлердің алып көруіне ыңғайлы орында сақталады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 5936 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар. | | | Ясли-бақшаның жұмыс жоспары. |