Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.

Читайте также:
  1. Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
  2. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  3. Композитті салудың алдында кіреукені не үшін қышқылмен өңдейді?
  4. Созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы» деген нақтам қою үшін қандай қосымша әдісті қолдану керек?
  5. Тісжақ асқынуларды алдын алу үшін тісті жұлудан кейін емдеу үшін қандай тәсілді қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

Кылмыстардың бірнешеретжасалуыдегённің мағынасына тереңірек үңілер болсақ, ол — бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның соттал-ған-сотталмағандығы ескері лмейді.

Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеіие рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.

Қылмыстардың қайталануының кез-келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше рет қайталану деп табылады. Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындау кезінде сот бүл жағдайды жауаптылық-ты ауырлататын мән-жай ретінде ескеруі мүмкін. (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігініц "а" тармағы).

Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бірнеше рет жасалу деп табылады. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: "Осы Кодекст;ін: Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау — қылмыстардьщ бірнеше рет жасалуы деп танылады".

Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашыльщтары бол-ғанымен, бірдей қылмыс қүрамының белгілерінен түратын қыл-мыстар, үқсас (бірдей) қылмыстар деп есептеледі.

Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қьілмысын екі рет жасау-ының бір-бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жащэйлары тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ бұл ҚК-тің 96-бабында қарастырылған қылмыс қүрамының белгілері бойынша үқсас (бірдей) болып келеді.

ҚК-тің Ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында үқсас қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар болып табылады. (ҚК-тің 96-бабы-ның екінші бөлігітц "а" тармағы; 120-бабының екінші бөлігі және т.б.).

Заңмен тікелей қарастырылған жағдайларда біртекті қыл-мыстардың да бірнеше мәрте жасалуы ескеріледі. Белгілі бір объектіге немесе соған ұқсас объектіге қайталап қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқа да объективтік және субъективті үқсас белгілерден түратын қылмыстар (мысалы, үрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті қылмыстар деп таны-лады. Біртекті қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертудетікел&й қарастырылған, атап айтқанда онда былай делінген: "Осы Кодекстің 175—181-бап-тарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сон-дай-ақ осы Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс та-нылады". Осыған орай, бөтенің мүлкін \рлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана емес, сонымен қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бірін бұрын жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады.

Бірнеше рет жасалу угымы, кінәлі туяганың сотты болган қылмыстарымен қатар, оныц қылмысшық жауаптылыққа әлі тартылмаган әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер — бірнеше рет жасалған деп танылады.

Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тің 54-бабы-ның бірішиі бөлігініц, "а" тармағына сәйкес сот оны жауапты-лық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастыратын-дығында. Екіншіден, ҚК-тін, 11-бабының бесінші бөлігіне орай "Қылм^стардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте не-ғұрлымқатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көздел-ген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қьілмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқын-далады" деп көрсетілгендігінде.

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде. | Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.| Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)