Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.

Читайте также:
  1. Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
  2. Дәрігердің қандай шарасы қате болды?
  3. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
  4. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
  5. Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
  6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

КК-тің 40-бабына сәйкес — Қылмыстық кодексте көздел-ген піекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданыЯып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу айыппұл деп танылады. Басқаша айтканда, қылмыстық жаза ретінде айыппүл тағайындалған түлға белгілі мөлшерде материалдық шығынға ұшырайды. Айыппұл қыл-мыстық жазаның негізгі түрі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің баптарында қарас-тырылған санкциялардың жалпы санының 39,14%-ын қүрай-тын 247 савкцияда және қосымша жаза ретіңде 4,2%-ын қүрай-тын 27 санкцияда белгіленген.

Қылмыс жасаушыға мемлекеттің кінә тағуын алға тарта оты-рып, айыппүл сотталушыға психологиялық әсер жасайды. Және де, оның үшырататын материалдық салдарынан мүліктік және басқа қылмыстардың көптеген түрлері қылмыскер үшін әрі қауіпті, әрі тиімсіз болуы мүмкін1.

Заң шығарушының айыгшүлды жаза түрлерінің тізіміндегі бірінші орынға қойғандығын ескере отырып, оны жазаның онша қатаң емес шарасы ретінде, сондай-ақ ауыр және аса ауыр дәрежелерге жатпайтын қылмыс жасаған тұлғаға әсер етудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырған орынды. Бұл — сот практикасыңца ең жиі қолданылатын жаза түрі. Айталық, 1995 жылы айыппұл сотталғандардың 9,3 %-ына тағайындалса, 1996 жылы оның саны 14,9 %-ға жеткен.

Айыппұлды қолдану да жаза жүйесіне кіретін жаза түрлерінің барлығы үшін бекітілген мақсаттарды көздейді. Айыгшүл тек қылімыскерді түзету, жалпы және жеке ескертудін мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ, міндетті түрде, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің мақсатын да қамтамасыз етеді. Әрине, айыппүлдың кылмыстық жазаның кез-келген басқа түрі сияқты, мақсатқа жету тәсілдері бойынша, сондай-ақ олардың қүрамындағы мәжбүрлеу мен тәрбиелеудің ара қатысы бой-ынша және, осыған орай, олардың жазаның мақсаттарына жетудегі мүмкіндіктерінің әртүрлі болуына қарай айырмашы-лығы бар1.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының нарықтық қаты-настарға көшуіне байланысты орьтн алған экономикалық көрсеткіштер жазаның шарасы ретінде айыішүлды қолдануды кеңейту үшін қажетті әлеуметтік алғышарттар болып табыла-ды. Материалдық ынта қай кезде де маңызды орынға ие болып келді, ал коғамдағы халықтың көпшілігі материалдық хал-аху-алды жақсартуға тұрақты ұмтылыс көрсетіп отырған қазіргі кезенде, оның маңыздылығы рдан сайын арта түсуде. Жаза, мінездің қылмыстык заңға қарсы түрін болдырмайтындай ын-таға ықпал жасау үшін керек екендігі белгілі, ендеше, қылмысқа қарсы күресте материалдық ынталарға әсер етуден бас тарту, тіпті де дұрьтс болмас еді. Әрине, айыгшүл тағайындаған кезде, хал-ахуалдың деңгейі бойынша қоғамда орын алып отьгрған ала-қүлалықты ескеру керек. Айыгшұлдың бір нақты мөлшері сот-талушылардың әртүрлі тобына, олардың мүліктік жағдайына байланысты әртүрлі әсер етеді. Заң шығарушы бұл жағдайды ойластыра отырып, ҚК-тің 40-бабының екінші болігінде айып-пұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сот-талған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді деп атап көрсеткен.

Айыппүлды есептеудің екі тәсілі бар:

1) заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтінде қол-данылып жүрген айлық есептік керсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мелшерде;

2) сотталушының жалақысының немесе оның қылмыс жа-саған сәтіндегі белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мелшерінде.

Бірінші жагдайда айыппұлдың мөлшері Қазақстан Респуб-ликасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен — жиырма мыңға дейінгі мөлшерімен, екінші жагдайда —- сотталған адамның жалақы-сының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезендегі өзге де табысының мөлшерімен шектелген.

Өзге табыс дегенде кірістің жалақыдан басқа түрі туралы айтылады1. Және де, заң "өзге табыстар" емес, аөзге табьгс" дейді. Мұның өзі сот айыгшұлды табыс түрлерінің біреуінің мөлшеріне қарай тағайындап, қалғандарының барлығын ескермеуі тиіс екендігін керсетеді.

Сотталушы тұлғаның белгілі бір кезендегі өзгетабысы сот шешімінде көрсетілген мерзім аралығында салық салуға жата-тын түсімдердің көздері, түрлері және мөлшерлері бойынша тағайындалады.

Айыппүлдың мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, сотталушы түлғаның мүліктік жағдайьша байланысты және жасалған қылмыс сараланған баптың санкцияларында белгіленген шектер, сол сияқты жағдайда жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып, сот арқылы тағай-ындалады. Мысалы, басқыншылық соғысты түтандыруға на-сихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін (ҚК-тін 157-бабының бірінші бөлігі} үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мелшерде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыгшүл салу көзделеді (бас бостандығынан айы-румен алмастырылуы мүмкін). Ал денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында қасақана орташа ауырлыктағы зиян келтіру (ҚК-тің 108-бабының бірітиі болігі) үшін елу айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның торт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табьтсының мөлшерінде айыппұл салу көзделген (жазаның басқа түрлерімен алмастырылуы мүмкін). Аталған қылмыстар үшін салынатын айыппұл мөлшерінің мүндай айырмашылығы, әрине, қылмыстардың ауырлылығының әртүрлілігіне байланьгсты.

Мүліктік жағдайды бағалау кезінде сотталушыға тиісті мүліктің барлық түрлері ескеріледі, мысалы, жеке меншік құқығындағықозғалмайтын мүліктің, жеңіл машинанын, жерді пайдаланудан түскен табыстардың немесе басқа табыс түрлерінің болуы; оның жалақысының мөлшері; отбасы мүшелері мен оның асырауындағылардың (кәмелетке толма-ған балаларының, ата-аналарының, асырауындағы еңбекке жарамсыз басқа тұлғалардың) саны.

Айыгшүл, егер ол, ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бап-тың санкциясында тікелейкөрсетілген болса ғана қолданылуға жатады. Сонымен қатар, ол ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бап бойынша көзделген жаза түріне қарағанда, неғүрлым жеңіл жаза ретінде тағайындалуы да мүмкін. Айыппүл ҚК-тің Ерек-ше бөлімінің баптары санкциясы бойынша міндетті жаза ретінде көзделген күнде де ҚК-тің 55-бабы қолданылатын жағдайда, сот оны қосымша жаза ретінде қолданбауы мүмкін.

Айыппүл шартты түрде соттау кезінде қосымша жаза ретінде қолданылуы мүмкін (ҚК-тің 63-бабының төртінші болігі).

Жазаны етеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату кезінде, сот айыппүл түрінде тағайындалған жазадан толық немесе ішінара босатуы мүмкін (ҚК-тің 70-бабы).

Айыппұл кішігірім немесе орташа ауырлықты қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген түлғаның жа-засынын өтелмей калған бөлігін (ҚК-тің 71-бабының бірінші бөлігі), сол сияқты, жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын етеуін кейінге қалдырған кезде, занда көрсетілген жағдайлар (ҚК-тің 73-бабының ушінші болігі} орын алса, жазаның қалған бөлігін алмастыра алады.

Жазасын етеп жүргентұлғаның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылғанда, сот айыппұл түріндегі қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара бо-сата алады (ҚК-тің 78-бабының бірінші болігі).

Еңбекке жарамсыз деп танылған, түрақты жұмысы жок не-месе оқу орнында өндірістен қол үзігт оқып жүрген түлғаларға түзеу жұмыстарының орнына сот бір ай түзеу жүмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есептік көрсеткішке тең айыгшүл сомасының есебінен айыппүл тағайындауы мүмкін. Аталған жағдай, егер де ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санк-ңиясы бойынша, айыппүл түріндегі жаза көзделмегенде қол-данылады. Сонымен қатар, егер көрсетілген жағдайлар жаза-ІІы өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жүмыстарын аиыппұл салумен ауыстыра алады (ҚК-тің 43-бабының ушінші болігі).

Аріыішұлды төлей алу мүмкіндігі болмаса, сот оны қамау жазасымен алмастыра алады. Бірақ, мүндай жағдайда камауға алу бір айға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚК-тің 46-бабы-ның екінші бөлігі).

Айыппұл төлеуге сотталған тұлға оны сот шешімі күшіне енген күннен бастап бір айдан қалдырмай төлеуге міндетті (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 46, 22-бабының 1-тармағы). Егер сотталушы түлғаның айып-пұлды бірден төлеуге шамасы келмесе, оның өтініші бойын-ша, айыппүл төлеу мерзімі алты айға дейінгі мерзімге үзарты-луы немесе бөліп-бөліптөленуі мүмкін (ҚАК-нің 22-бабының 2-тармағы).

Айыппүл төленбеген жағдайда, ол үкімді шығарған сот бер-ген орындау қағазы негізінде мәжбүрлеу арқылы өндіріліп алы-нады. Айыгшұл өндіріп алуға сотталушының ортақ меншіктегі үлесін, ақшасын, құнды қағаздары мен басқа да қүндылықта-рын, соның ішінде, қаражат-несие үйымдары мен банкілерде сақтауда, жинақта не есебінде бар қүндылықтарын да есептегендегі мүлкі жаратылады. Айыппұлды өндіріп алу кезінде, сот үкімі бойынша тәркіленуге жатпайтын мүліктердің тізімінде көрсетілген мүлік алынбайды.

Негёзгі жаза ретінде белгіленген айыппұлды телеуден түлға әдейі жалтарған кезде, соттың айыппүлдың төленбей калған мелшерін қоғамдық жүмыстарға тартумен, түзеу жұмыстарьт-мен немесе бір ай түзеу жұмыстарьтна не сексен сағатқа қоғам-дық жұмыстарға тартуға сәйкес қамауға алумен немесе айлық есептік керсеткіштің үш есе мөлшеріне тең айыппұл үшін он күнге қамауға алумен, жазаның осы түрлері үшін кылмыстық завда көрсетілген шек пен жағдайларды сақтай отырып, алмас-тыруға қүқығы бар (ҚК-тің 42, 43, 46-баптары).

Қылмыстық занда айыппұл төлеуден әдейі жалтару үғымы туралы түсінік берілмеген. Оған ҚАК-нің 23-бабын зерттеу барысывда мынадай анықтама беруге болады: айыппулды таіеу-ден әдейіжалтаруя&геттз сотталушы айыппүлды өз мезгілінде төлемеген жағдаңда, оған мәжбүрлеп өндіріп алудан өзінің мүлкін, табыстарын жасырып қалу, сонымен катар, ҚК-тің 40-бабының төртінші болігінде көзделген санкциялар қолда-нылуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалғаннан кейін де, заңмен белгіленген уақытта айыппүлдың төленбеуі.

Он сегіз жасқа толмай сотталған адам үшін айыппүл тағай-ындаудың шегі мен жағдайлары біршама өзгеше. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайын-далады. (ҚК-тін 79-бабының екінші бөлігі}.

Кәмелетке толмай сотталған тұлғаға айыппұл тағайындау кезінде сот ҚК-тің 52, 80-баптарында қарастырылған жағдай-лардың барлығын ескере отырып (жаза тағайындаудың жалпы негіздері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау), айып-пұлды оннан — бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақьгсының немесе езге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде есептеп шығарады (ҚК-тің 79-бабыньгң екінші болігі).

Кәмелетке толмаған адамға айыішұл түрінде жаза қолдану кезінде, Қазақстан Республикасы АзаматгықКодексінің 17,22-бап-тарында бекітілген жағдайлар ескерілуі тиіс, яғни, кәмелетке толмаған адам ез әрекетіне толық мәнінде жауап бере алады деп танылғанда: некеге тұрған күннен бастап (заң актілері арқ-ылы 18 жасқа толмай некеге тұруға жол берілген жағдайлар (АК-тің 17-бабының 2-тармағы); кәмелетке толмаған адам өзінің жалақысына, стипендиясына, басқа табыстарына өзі дер-бес түрде ие болу құқығынан айрылмаған және шектелмеген жағдайлар (АК-тің 22-бабының 3-тармағы).

 

4)Аса қажеттілік және оның шарттары. Аса қажеттілікке қатысты ҚК-тің 34-бабының, бірінші болігінде: "Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның неме-се өзге де адаэддардың өміріне, денсаулығына, қүқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бүл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кехушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды" делінген Заңда көрсетілгендей, аса қажеттілік заңмен қорғалатын мүдделерді сақтап қалу үшін, зиян келтіру арқылы жасалатын қажетті жағдай/әрекет. Мұңцай жағдайда келтірілген зиянньщ мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек.

Аса қажеттілік жағдайындағы әрекеттерді кез-келген аза-маттар жасай алады. Белгілі бір санаттағы азаматтар (мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнаиы қызмет-керлер және т.б.) төнген қауіпті тойтаруға міндетті болып та-былады. Олардың өз міндетін орындамауы заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында жасалған бөлуы және оның заңды деп табылуы үшін мынадай бірнеше шарттардың жиынтығы болуы қажет:

Бірінші шарт төнген қауіпке қатысты шарт.

Қауіп төніп тұрған және одан қорғану кезіндегі аса қажеттілік жағдайындағы әрекет занды болуы үшін әр түрлі қауіті кездерінен туындайтын қауіп-қатер:

белгілі бір адамның жеке басына, сол адамның немесе

бөгде адамдардың қүқықтарына, қоғам мен мемлекеттің заң-

мен қорғалатын мүдделеріне төнуі керек;

нақты бар болуы керек;

шын мәнінде, анық болуы керек.

1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-

луы мүмкін. Сондықтан оларды темендегідей топтарға бөлеміз:

а)Адамның өміріне, денсаулығына, бағалы материалдық

мүліктеріне қауіп тендіретін табиғаттың немесе өндірістік апат-

тардың әсері (жер сілкінісі, дауыл, улы газдың таралуы және т.б);

ә) техниканың немесе әр түрлі механизмдердің бүзылуы, ақаулығы;

б)физиологиялық (суық, аштық) немесе биологиялық (әр

түрлі аурулар болуы) процестер;

в)адамның қоғамға қауіпті әрекеті;

г)жануарлардың (ит, өгіз, жабайы аңдар) шабуылы.

Қауіп нақты болуы керек. Ол жоғарыда керсетілген

мүдделерге тікелей төніп тұруы керек.

Қауіпшын мәнінде анық (жалған емес) болуы керек. Яғни

заңмен қорғалатын мүдделерге қауіп жөнінд^гі жорамал, елес-

тер емес нақты, шын мәніндегі қауіп тікелей төніп түруы ке-

рек. Жалған қауіптің түсінігі, жалған қорғанудың түсінігімен

үқсас болып келеді.

Екінші шарт — төнген қауіптен қорғауға қатысты Іпарт. Аса қажеттіліктің, төніптұрған қауіптілікті тыюға жататын заңды шарттары мыналар болып табылады:

а)Қорғау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің

мүдделерін қорғауға бағытталған болуы керек;

ә) Қажетті қорғанудағыдай зиян қол сүғушыға емес, басқа, бөтен адамдарға (үшінші жаққа) келтірілугетиіс;

б)Аса қажеттілік жағдайында төніп түрған қауіпті залал

келтірмейтойтару, ешбір мүмкін емес болуы керек;

в)қорғау өз уақытында дер кезінде жүзеге асуы керек.

г)Қорғану аса қажеттіліктің шегінен шығыпкетпеуі керек.

ҚК-тің 34-бабының екішиі бөлігіне сәикес құқық қорғау

мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зшгн келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға керінеу сәйкес келмеитін зиян келтіру аса қажеттыік шегінен шыгу деп танылады. Мүндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайлаіэда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. Аса қажеттілік те қажетті қорға-ну сияқтьі занды және қоғамға пайдалы іс-әрекет болып табы-лады. Бірақ бұл екі институттың өзара өзгешеліктері бар Қажетті қорғануда қиянат жасаушыға келтірілген зиян, тойта-рылған зияннан кеп болуы мүмкін. Аса қажеттіліктің бүдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян болған немесе орын алған зияннан гері көбірек болғанда ғана заңды болып саналады. Бүлардан басқа, қажетті қорғануға қарағанда аса қажеттілік кезіндегі келтірілген зиян үшін, азаматтық-қүқықтық жауап-тылық жойылмайды және де азаматтық іс жүргізу арқылы келтірілген зиянның орны толтырылуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 770 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айдап салушы және оның жауапкершілігі.| Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)